Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 апреля 2018 14:24

Той алдындағы құпия жиын - "Девичник" жаңа дәстүр ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақ халқында ежелден келе жатқан бастаңғы дәстүрі бар. Бастаңғы - қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Яғни, үлкендер үйден кеткенде ауылдың бозбала, жігіттері қыз-келіншектері сол үйге жиналып, бастаңғы жасайды. Дастарқан жайып, қызықты жиын ұйымдастырады. Бастысы бұл жиынның тәрбиелік мәні зор болған екен.


Қазақ халқында ежелден келе жатқан бастаңғы дәстүрі бар. Бастаңғы - қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Яғни, үлкендер үйден кеткенде ауылдың бозбала, жігіттері қыз-келіншектері сол үйге жиналып, бастаңғы жасайды. Дастарқан жайып, қызықты жиын ұйымдастырады. Бастысы бұл жиынның тәрбиелік мәні зор болған екен.

Айта кету керек, бастаңғы дәстүрі рұқсатсыз, бақылаусыз өтпеген. Ал қазіргі уақытта осы дәстүрге ұқсас қызойнақ өткізіліп жүр.


Бастаңғы дәстүрі. © kazakh-tv.kz

Қызойнақ - той алдында тек бойжеткендер ұйымдастыратын "құпия" жиналыс. Онда қалыңдықтың тек жақын құрбы-қыздары жиналып, көңіл көтереді. Басқосудың қайда және қандай стильде өтетіні - барлығы қалыңдық үшін тосынсый болуы керек. Сондай-ақ, мұнда барлық шығынды қалыңдықтың құрбылары өз мойнына алады.


Қазіргі уақыттағы қызойнақ.

Айта кететін жайт, қызойнақ өткізу үшін ол кештің белгілі бір тематикасы болуы қажет. Мысалы, пижама пати стилінде, қуыршақтар стилінде, полицей формасымен, ретро немесе үнділердің стилінде, не болмаса қалыңдықтың құрбылары келісіп бір түсті киім киеді.


© instagram.com/asha_matai

Естеріңізде болса, әнші әрі продюсер Аша Матай үйлену тойы алдында қазақстандық белгілі шоу-бизнес өкілдерінің қатысуымен үнді стилінде қызойнақ жасаған еді. 

Тағы бір шоу-бизнес жұлдызы Айнұр Ілиясованың қызойнағы болса әйгілі фильм кейіпкерлерінің образында өтті.

Қызойнақ дәстүр ме?

Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі қызойнақ өткізу қазақ халқына тән бе, жоқ па және оның бүгінде қаншалықты тәрбиелік мәні бар екенін сұрап білді.

"Қызойнақ - қазақта жоқ нәрсе. Иә, келіншектер жиналып отырып, шай ішіп отыратын жиындар бар. Ал бастаңғы деген салт ол бөлек нәрсе, шатастыруға болмайды, бір-біріне еш қатысы жоқ. Бастаңғының, мысалы, тәрбиелік маңызы зор. Өзім мұндай дарақылыққа қарсымын. Тәрбиелік мәні бар отырыс жасап, бас қосып отыруға болады ғой. Қызойнақтан басқа қазақта жиын той толып жатыр. Пайдалы қаншама дастарқан, той-томалақтар өткізуге болады. Ақылдасып, бас қосып жиналуға осы отырыстардың өзі жетіп жатыр", - дейді Досымбек Қатранұлы.

Этнографтың айтуынша, бұл үрдіс бізге батыстан келіп отыр.

"Орыстанып кеткендіктен арыла алмай жүрміз осы қызойнақтан. Батыстан келген дүниеге еліктейміз. Не керегі бар?! Өзіміздің қазақи дәстүрлерден айырылуға бір қадам қалдық. Басқа дүниелерге бас қатырмай, өз салт-дәстүрімізді сақтап қалу қажет. Қыз үшін үлкен той - ол ұзату тойы. Неке сол кезде қиылады. Кейін беташар деген тамаша дәстүрлеміз бар ғой", - дейді ол. Өз кезегінде этнограф қызойнақтың қазақ халқы үшін жат дүние екенін айтып, мұндай кештерді өткізуге қарсы екенін білдірді.

Шығыны қандай?

Енді "девичникке" қажетті заттарға тоқталайық: баннер - 5 000 теңгеден жоғары (дизайн мен конструкицясы кіреді), фата (жалға да алуға болады - 600 теңгеден жоғары) - 1500 теңгеден жоғары, капкейктер - 400 теңгеден , арнайы ленталар - 1 500 теңгеден, қалыңдықтың шақыру қағазы (дизайнге байланысты) - 1 000 теңгеден жоғары, шарлар - 250 теңгеден басталады. Сондай-ақ, кештің өтетін жері белгіленіп, қалыңдықтың құрбылары оны қалаулары бойынша безендіреді. Сонда қызойнақ кешіне орта есеппен 6 000 теңгеге баннер, 6 қыз ұйымдастырған жағдайда (+қалыңдыққа ақ түсті фата)  - 7 фата 1 500 теңгеден 10 500 теңге, 7 капкейк 400 теңгеден 2 800 теңге, қалыңдыққа шақыру қағазы 1 500 теңге болса, 15 шар 250 теңгеден 3 750 теңге+кеш өтетін орынға отырысқа кететін шығын. Орта есеппен кешті ұйымдастырудың өзіне 25 000 теңгедей жұмсалады.

Қалыңдықтардың өзі не дейді?

Тұрмысқа шығар алдында қызойнақ жасаған Жансая бұл шараны құрбылары қалай ұйымдастырғанын, одан қандай әсер алғанын әңгімелейді.


© Жансая

"Кешіміз Алматыдағы мейрамханалардын бірінде өтті. 6-7 жақын кұрбым жиналдық. Расында да тосынсый болды. Тематика туралы айтатын болсак, барлығы ақ және алқызыл түсте болды. Баннер мен шарлар болды. Есімім көрсетілген тәтті-пәтті де болды. Барлығы дәмді болды. Суретке, видеоға да түстік. Қызықты ойындар ұйымдастырылды. Жалпы, жақсы естелік болды", - дейді Жансая.

Сондай-ақ, Жансая қызойнақ өткізуге еш қарсы еместігін айтады. Айтуынша, жақын құрбылар ғана жиналып, ұзату тойы алдында ұйымдастырған кеш міндетті түрде есте қалады. 

Ал екінші қалыңдық Айсұлу өзінің қызойнағын пижама стилінде өткізген екен. Оның айтуынша, қазіргі уақытта пижама стилі сәнге айналған.

"Барлығы керемет өтті! Қыздар осындай тамаша естен кетпес кеш ұйымдастыруға тырысты. Шамамен 12 қыз болды. Кеш "пижама-пати" стилінде өтті, күшті болды. Осындай стильде өткізу туралы идея маған бірден ұнады", - дейді Айсұлу.


Айсұлу

"Сондықтан да осындай тематикада отырыс өткізгеніміз тамаша болды. Мен қалыңдық ретінде жібектен жасалған пижама киіп, үстіме пайеткадан жасалған пиджак кидім. Қалай дегенімен бұл мереке ғой! Жалпы, барлығы жоғары деңгейде өтті", - дейді қалыңдық Айсұлу.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.73   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети