ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
10 января 2019 | 13:48

Тойда мас болған қызылордалық шенеунік жазаланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Kazakh TV © Kazakh TV

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық аумақтық инспекцияның басшысы қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін 6 мың теңге айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МҚІСЖҚА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Бағдат Әбдіқадыровқа сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық аумақтық инспекцияның басшысы қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін 6 мың теңге айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МҚІСЖҚА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Бағдат Әбдіқадыровқа сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, шенеунік ауылдық елді мекенде тойға барып, күндізгі уақытта мас күйде көшеде жүрген. Сосын оны полицейлер тоқтатып, ұстаған. Кейін оған қатысты ҚР-ның ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалған.

"Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің назарына ілініп, кеңестің кезекті отырысында аудандық аумақтық инспекцияның басшысының тәртіптік ісі қаралды. Тәртіптік істі қарау нәтижесімен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде көзделген тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының басшысына "ескерту" түріндегі тәртіптік жазасы берілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері шенеуніктердің әдеп кодексін еске салып, ескерту жасады.

"ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің" 5-тармағының 13-тармақшасында "Мемлекеттік қызметшілер жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуі тиіс" және 7-тармағының 1-тармақшасында "Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс" деп көрсетілген, - дейді облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer