ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
27 августа 2020 | 11:57

"Тозақтан 17 адам құтқарылды". Италияда өртенген яхта туралы БАҚ не жазды?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Жерорта теңізінде яхта өртенді. Бортта 17 адам болған. Оның 8-і - қазақстандық турист, 9-ы экипаж мүшесі. Tengrinews.kz тілшісі яхтадағы өрт жайлы ақпарат іздеп көрді.


Иконка комментария блок соц сети

Жерорта теңізінде яхта өртенді. Бортта 17 адам болған. Оның 8-і - қазақстандық турист, 9-ы экипаж мүшесі. Tengrinews.kz тілшісі яхтадағы өрт жайлы ақпарат іздеп көрді.

Кайман аралдарының туымен жүзген мегаяхта Капри аралдарынан Порто-Червоға қарай шыққан.

ligurianautica басылымының мәліметінше, 25 тамызда таңертең сағат 6-да Lady MM яхтасы "апат" деген хабарлама жібереді. Ольбия (Сардинияның солтүстік-шығысындағы қала) жағалау күзетінің шұғыл бөлімі көмектесу үшін Капо Коминодан 50 миля (80,5 метрге жуық) қашықта өртеніп жатқан яхтаға қарай бағытталады. Патрульдік SAR екі катері мен Десимоманну (Кальяри) әуебазасынан тікұшақ жетеді. Құтқарушылар алаулап жанып жатқан өртті байқайды.


Жағалау күзетінің видеосы. Liguria Nautica сайтынан алынды

Алайда олар яхтаға жақындаған кезде құтқарушы қайықты табады, бірақ адам көрінбейді. Ал өртенген яхта суға батып кетті.

Адамдардың амандығы сағат 11-де белгілі болған

Өртенген яхтадағы адамдар жағалау күзетіне кемеден шыққанын кейін хабарлаған. Бұл туралы шамамен сағат 11-де Porto Cervo Radio эфирінде айтылды. Жолаушылар Сардиния жағалауына жетіп қалғанын және қозғалтқышы бар желкенді кемемен келе жатқанын мәлімдеген. Содан кейін оларды жағалау күзеті Синискола портына жеткізді. 118 жедел жәрдем қызметі зардап шеккендерге көмек көрсетті. 

Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.

Италияда яхтадағы тозақтан 17 адам құтқарылды

Еуропалық басылымдар өрт туралы ақпаратты түрлі тақырыппен жазды. 

Reportdoor басылымы "Италияда яхтадағы тозақтан 17 адам құтқарылды" десе, Unionesarda.it басылымы "Капо Коминодан елу миля (80,5 метрге жуық) қашықта қорқынышты өрт болды. Сардинияның солтүстік-шығыс жағалауында 50 метрлік яхта жанып кетті" деп жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Nella prima mattina del #25agosto, la #guardiacostiera di #olbia ha coordinato le operazioni di soccorso ad una nave da diporto, battente bandiera delle Isole Cayman, partita da #capri e diretta a #portocervo, con a bordo 17 persone tra equipaggio e passeggeri, interessata dal divampare di un incendio a bordo e poi inabissatasi in preda alle fiamme. Ai soccorsi hanno preso parte due motovedette SAR e un elicottero della Guardia Costiera che, raggiunta l’imbarcazione, hanno in un primo momento avvistato una zattera di salvataggio senza alcuna traccia dei naufraghi, individuati successivamente a bordo di un gonfiabile a motore e poi scortati in porto. Al vaglio della Guardia Costiera le dinamiche dell’evento per l’individuazione delle cause e per il contenimento di eventuali conseguenze dannose per l’ambiente. #sar #sicurezzanavigazione

Публикация от Guardia Costiera (@guardiacostiera)

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров оқиғаға байланысты қандай да бір ақпарат жоғын айтты.

"Ақпарат жоқ, болмауы да мүмкін. Жеке адамның өмірін қорғау", - деді Айбек Смадияров.

Lady MM яхтасы

Ұзындығы 47,5 метр Lady MM яхтасын 2003 жылы ISA Yachts компаниясы шығарған және соңғы рет 2013 жылы қайта жаңартылған. Оның бұрынғы атауы 360° болған. Интерьерін Джанет Леро, ал сыртқы дизайнын архитектор Вальтер Франкини әзірлеген. Lady MM яхтасының 5 түрлі каютасы (мастер-люкс, VIP-каюта және үш екі орындық каюта) бар және соған 10 қонақ пен экипаждың 9 мүшесі сыюы мүмкін.


Lady MM яхтасы (бұрынғы атауы 360) өрт болғанға дейін. Фото Charterworld сайтынан алынды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.34   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети