СКАЧИВАЙТЕ НОВОЕ ПРИЛОЖЕНИЕ TENGRINEWS
23 ноября 2020 | 15:14

Трұмов Бозжыраны қалай дамытуды көздеп отырғанын айтты

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: facebook.com/Берік Уәли Фото: facebook.com/Берік Уәли

Қазір Бозжыра шатқалында қонақүй салу мәселесі - бұл инвесторлардың ұсынған жобасы. Қазір осы жобаны қоғамдық кеңесте қоғам белсенділері талқылап жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазір Бозжыра шатқалында қонақүй салу мәселесі - бұл инвесторлардың ұсынған жобасы. Қазір осы жобаны қоғамдық кеңесте қоғам белсенділері талқылап жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Туризм саласына байланысты өздеріңізге жақсы мәлім, соңғы кезде әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді азаматтарымыз айтып келе жатқан, талқылап келе жатқан бір мәселе - Бозжыра аймағында қонақүй құрылысын салуға байланысты. Жалпы Маңғыстау өңірі туризмді дамытуда Қазақстандағы 10 өңірдің бірі болып есептеледі. Сондықтан біздің бұған дейін жоспарларымыз бар. Тарихи орындарды туристерге таныстыру және табиғаты ерекше, әсем жерлерімізді туристерге көрсету мақсатында. Осыған сәйкес біз Шерқала, Айрақты, Тамшалы, Жығылған, Бозжыра сияқты ерекше, табиғи әсем орындарды туристерге таныстыру мақсатында ол жерде туристерді күтіп алатын, оларға жағдай жасайтын жұмыстарды жоспарладық", - деді аймақ басшысы ОКҚ онлайн-брифингте.

Облыс әкімі Бозжыра шатқалында туризмді ұйымдастыру үшін қонақүй керегін атап өтті.

"Қазір Бозжыра шатқалында қонақүй салу мәселесі - бұл инвесторлардың ұсынған жобасы. Қазір біз осы жобаны қоғамдық кеңесте, қоғам белсенділерімен талқылау үстіндеміз. Жалпы ол жерде туризмді ұйымдастыру үшін қонақүй қажет. Себебі біз жергілікті бюджеттен қаражат бөле отырып, ол жерге жол тартамыз. Автотұрақтар салынады. Ол жерде келіп-кететін адамдарды реттеп отыру үшін, әртүрлі экологиялық жағдайды бақылауда ұстау үшін бұл жұмыстарды өзіміз реттеуге барлық жоспарымызды жасақтап отырмыз. Сондықтан да Бозжыра маңындағы табиғи аймақты тамашалау үшін келетін туристерге жағдай жасауымыз керек. Бұл жұмысты алда қоғамдық кеңесте қоғам белсенділерімен талқылап, іске асыратын боламыз", - деді Серікбай Трұмов.

Еске салайық, 7 қарашада әлеуметтік желіде Бозжыра шатқалы ауданында құрылыс техникасы түсірілген видео пайда болды. Сол күні Маңғыстауда Rixos Water World Aktau отелін іске қосқан инвесторлар облыс аумағында "Бозжыра сафари-отель" бутик-отелінің бірегей жобасын іске асыруды ұсынғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Бозжыра аумағында салынатын қонақүй құрылысына қатысты тапсырма берді.

Бозжырадағы қонақүй құрылысы: Тоқаевтың шешімі шықты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 523.54  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer