Түркістан облысында 7 ауылды су басу қаупі бар - облыс әкімі

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында 7 ауылды су басу қаупі бар - облыс әкімі Фото: ТЖК

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында 7 ауылды су басу қаупі сейілмей тұрғанын айтты, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында 7 ауылды су басу қаупі сейілмей тұрғанын айтты, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2020 жылдың 1 мамырында Өзбекстандағы Сырдария облысы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылған.

"Мұндағы "Бетпақдала" коллекторының секундына 120 текше метр су өткізуге мүмкіндігі бар. Бірақ мұнда секундына 180 текше метр су ақты. Салдарынан Мақтаарал ауданындағы елді мекендерге су келіп, төтенше жағдай жарияланды", - деді облыс әкімі үкімет отырысында.

Өмірзақ Шөкеев бүгінде 14 елді мекеннен 31 600 тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілгенін атап өтті.

"Оның ішінде 6127 тұрғыны бар 5 елді мекенді су толық басты. Бұл - Жеңіс, Жаңа тұрмыс, Фердоуси, Өргебас, Достық елді мекендері", - деді ол.

Сондай-ақ, облыс әкімін 7 ауылды су басу қаупі сейілмей тұрғанын айтты.

"7 елді мекенді су басу қаупі әлі жоғары. Ал 2 елді мекенде: Мырзакент, Ақжолда қауіп сейілді, тұрғындар үйіне қайтты. Мырзакент елді мекенінде 15 мың халық тұрады. Сондықтан мұнда су жібермеу үшін барлық амал жасалды. 2 мамырда шұғыл түрде Мақтаарал ауданында жергілікті техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, жедел штаб құрылды", - деді Өмірзақ Шөкеев. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 3
Астана -2
Актау 2
Актобе 0
Атырау 1
Б
Балхаш -3
Ж
Жезказган -1
К
Караганда -12
Кокшетау -6
Костанай 1
Кызылорда -9
П
Павлодар -17
Петропавловск -2
С
Семей 0
Т
Талдыкорган 4
Тараз 5
Туркестан 2
У
Уральск -2
Усть-Каменогорск 4
Ш
Шымкент -1

 

Редакция Реклама
Социальные сети