ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
19 августа 2020 | 14:55

"Түрлі тарту-таралғы беру, сыйлық талап ету, диплом сатып алу - келмеске кетуі керек"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен күрес бойынша жиында қоғамдағы сыйлық талап ету мәселесін қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен күрес бойынша жиында қоғамдағы сыйлық талап ету мәселесін қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Президенттің айтуынша, күнделікті өмірде жемқорлық жағдайларына тап болған жұрт шарасыз күйге түседі, әділдіктің бар екеніне сенбейді.

"Пандемиямен жалпы ұлттық деңгейде жаппай күрес жүріп жатқанда пайда табу үшін адам қаншалықты арсыз болуы керек? Мысалы, Алматыдағы Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері азаматтарды блок бекеттен өткізу үшін үнемі пара алып отырған.Мұндай деректер бірнеше өңірде байқалды. Тіпті, барлық жерде осылай болған шығар деп ойлаймын", - деді ол.

Осылай дей келе, Президент Тұрмыстық жемқорлықпен күрес жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Азаматтарымыз тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен бетпе-бет келіп отырған кезде сіз бен біздің істеп жатқан жұмысымыздың еш тиімділігі болмайды. Ешқандай халықаралық рейтингтің де керегі болмай қалатыны түсінікті. Түрлі тарту-таралғы беру, сыйлық талап ету, диплом сатып алу - келмеске кетуі керек. Бұл үшін қоғамда жемқорлықтан жаппай жиренуге қол жеткізуіміз қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Үкіметпен бірлесіп, Тұрмыстық жемқорлықпен күрес жөніндегі жол картасын әзірлеуі керек", - деді Президент. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети