ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 июля 2021 | 12:06

"Тұрмыс құрғанына 2 жылдан асты". Тамара Асардың продюсері мәлімдеме жасады

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: Тамара Асардың мұрағатынан Сурет: Тамара Асардың мұрағатынан

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар тұрмысқа шықты. Бұл туралы әншінің продюсері және импресарио Жан Мұқанов ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар тұрмысқа шықты. Бұл туралы әншінің продюсері және импресарио Жан Мұқанов ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Продолжение

Жан Мұқановтың айтуынша, Тамара Асардың отау құрғанына 2 жылдан асқан. Ал жұбайымен бұрыннан таныс екен. Есімі Жұмаш, кәсіпкер. 

"5-6 жылдай кездесті. Тұрмысқа шығуға ұзақ келіспей жүрді", - деп күледі Жан Мұқанов.

Ал тойы жақын адамдарының арасында ғана өткен. Продюсердің айтуынша, бұл жаңалықты Тамара Асардың жақындары бұрыннан біледі, алайда халыққа ресми түрде енді жариялап отыр. Тамара Асар жеке өмірі туралы жария ете бермейтіндердің қатарынан екенін айта кеткен жөн. 

Сурет: Тамара Асардың жеке мұрағатынан

Кеше дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Instagram-дағы парақшасында Тамара Асардың үйіне қонаққа барып, "Ақ Тамара Құдай қосқан жездеммен қоса ағар" деп тілегін айтып, жұптың суретін жариялаған еді. 

"Ақ Томидың маған ақ ниетпен жайған дастарханында. Ақ Тамара Құдай қосқан жездеммен қоса ағарып, Ақ Қамбардың артынан көп Қамбарлар ере берсін! 

Байлығы Қожаназар атасындай жеті атасынан арылмаған Ақ Томиыма, ақ тілектеріңді жазып отырыңдар! Ешқашанда байлығын керсетiп мақтанбайтын, жеке өмiрiн көрсетіп шаттанбайтын, бойға жиған қазынасын керек жерде тегетін, Құдай көтере білгенге бередi, деген тәмсілді әрқашан еске алдыратын Ақ Тамарам, городок! Тфә-тфә, көз тимесiн!", - деп жазған әнші парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айгүл Елшібаева🌏 (@aigulyelshibayeva01)

Тамара Асар - өмірде де, өнерде де өжеттігімен көзге түскен талантты әншілердің бірі. Оның "Әриайдай", "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек", "Жаным неге", "Жалғыз досым", "Ренжімеші", "Сол бір қыз" сияқты әндері халық арасында танымал. Соның ішінде "Жаным неге" әніне түсірілген бейнебаян Қазақстан тарихындағы алғашқы анимациалық 3D форматында жазылған.

Тамара Асар небәрі 20 жасында ірі жол апатына ұшырап, бір аяғынан айырылғаны да көпке белгілі. Әнші бұл күні туған ағасының үйлену тойына жол тартқан. Ол сұхбаттарында бұл өмірін түбегейлі өзгерткен жол апаты екенін айтады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer