ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
30 сентября 2021 | 16:43

"Тырысып көру керек" - Тоқаев Тұран барысы популяциясын қалпына келтіру туралы

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Орталық Азияда тіршілік еткен Тұран барысы. Қазір жойылған. © wikipedia.org Орталық Азияда тіршілік еткен Тұран барысы. Қазір жойылған. © wikipedia.org

Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Тұран барысы популяциясын қалпына келтіру жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Тұран барысы популяциясын қалпына келтіру жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Олардың соңғылары өткен ғасырдың 30-жылдары байқалған. Кейін Ұлы Отан соғысының алдында Қазақстан аумағынан жоғалып кетті. Бұл дала барыстары. Олар кезінде азулы барыс болған. Сондықтан қазір осы барыстардың популяциясын қалпына келтіру үшін халықаралық жоба дайындап жатырмыз. Оларды Тұран барысы дейтін.

Ресей мамандарын осы өте қызық жобаға қатысуға шақырамыз. Бұл келешегі бар жоба деп ойлаймын", - деді Мемлекет басшысы. 

Тоқаев олардың қай өңірлерде қалғанын мамандар айтуы керегін жеткізді. Ресей федерациясында сақталған түрлер негізге алынады, кейін процеске биологтар қосылатынын айтты Президент. 

Ресей президенті Владимир Путин сұрақ қойды. 

"Кавказда барыс популяциясын қалпына келтіру жұмыстарын жүргіздік, Сібірде қар барысын қалпына келтіріп жатырмыз. Бізде бұл түрлер жоқ, бірақ олар Тәжікстан, Иранда бар. Біз оларды сол жақтан әкелеміз. Өзіміздегі барлармен көбейтеміз. Ал жойылып кеткен жануарларды қайдан аламыз?" - деп сұрады Путин.

Бұған Қасым-Жомарт Тоқаев мәселе оңай емес екен, алайда мамандар қалыпқа келтіруге тырысып көруі керегін айтты. 

"Олар барлық жерде бірдей десе болады. Үндістан, Ресей не басқа ел болсын. Оңай мәселе емес. Биологтар оларды қалпына келтіру үшін жұмыс істеп көруі тиіс. Қазақстан аумағында болған популяцияны. Бұл мақсатқа 100 пайыз жету мүмкін болмаса да, тырысып көру керек. Бізге басқа елдердің мамандары көмектесіп жатыр. ЮНЕСКО мен басқа да халықаралық ұйымдардың статусы бар. Ресей тарапынан да қолдау өте маңызды, экология министрі мәселені дұрыс көтерді деп ойлаймын", - деп жауап қатты Тоқаев. 

Осыдан кейін Владимир Путин жиналған тәжірибені қуана бөлісуге ниетін білдірді. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 524  course up  545.51  course up  5.07  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer