Соңғы жылдары қаладан ауылға барып, ҰБТ тапсыратын түлектер көбейіп жатыр. Расында да бүгінде кез келген түлек ешбір қиындықсыз оқу жылының ортасында-ақ қалада оқып жүрген мектебінен ауылдық мектепке ауыса алады. ҰБТ алдында ауысу себебі де барлығына белгілі.
Соңғы жылдары қаладан ауылға барып, ҰБТ тапсыратын түлектер көбейіп жатыр. Расында да бүгінде кез келген түлек ешбір қиындықсыз оқу жылының ортасында-ақ қалада оқып жүрген мектебінен ауылдық мектепке ауыса алады. ҰБТ алдында ауысу себебі де барлығына белгілі.
Ал министрлік өкілдері өз кезегінде квота үшін ауылға көшу әр оқушының өз құқығы екенін және оған ҚР норматив-құқықтық актіне сәйкес, ешқандай шектеу қойылмайтынын айтады.
Бұдан бөлек оқу бітірмей жатып, ауылға көшіп, оңай жолмен грант алғысы келетіндердің барлығы оны үш жыл уақыт ауылда жұмыспен өтеп жатқан жоқ. Tengrinews.kz тілшісі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) жетекші маманы Айман Жүсіповадан квота үшін ауылға көшу заңмен қарастырылған ба және мұның грант үлестіруде қаншалықты әділ екенін сұрап білді.
Айман Жүсіпова бүгінде мемлекеттің ауылдық балаларға ЖОО-да тегін білім алуға белгілі бір жағдайларды жасайтынын жоққа шығармады. Дегенмен, сарапшының айтуынша, оқу жылының ортасында квота үшін ауылға көшу мүлде дұрыс емес.
"Әрине, бұл дұрыс емес. Себебі мемлекет ауылдық өңірлерге қажетті деген, ауылды дамытуға бағытталған мамандықтар бойынша жұмыс істейтін ауыл жастарына ғана белгілі бір жеңілдіктерді қарастырады. Бірақ қазіргі уақытта, әсіресе, оқу жылының соңына қарай қалалық мектептердің оқушылары ауылдарға квотамен грант алу үшін көшіп жатыр. Дегенмен бұл мәселені реттейтін норма әзірше жоқ, тәжірибеде де болмаған мұндай. Сондай-ақ, Заңда да бұл туралы айтылмаған", - дейді ӘЭСИ маманы.
Осыған байланысты Айман Жүсіпова грант үлестіру кезінде белгілі бір шарт қоюды ұсынады.
"Меніңше, осы мәселені ескеру қажет. Негізінде осындай қулыққа баратын балалар кейін сот тәртібінде барлық ақшаны қайтарады. Себебі олар білім алған соң, яғни оқуды аяқтаған соң белгілі бір уақыт бойы ауылдық өңірлерде жұмыс істеуді ойлап, жоспарлап отырған жоқ", - дейді сарапшы.
© pixabay.com
Айман Жүсіпова ауыл квотасымен білім алғандардың мемлекет тарапынан көрсетілген көмекті қайтаруы тиіс екенін ескертеді. Оның айтуынша, бүгінде шамамен 800 түлек ауылда жұмыс істеуден қашып жүр.
"Мемлекет көрсеткен көмекті өтеу керектігін ескеру қажет. Квотамен білім алғандар оқу аяқтаған соң кем дегенде 3 жыл уақыт ауылда жұмыс істеп, оны өтеуі керек немесе оқуға кеткен ақшаны мемлекетке қайтаруы қажет. Қазіргі таңда ауыл квотасымен білім алған шамамен 800 түлек ол квотаны ауылдық өңірлерде өтеуден қашып жүр. Олардың көбіне ауыл квотасы аясында берілген мемлекеттік гранттардың шығынын өтеу туралы арыз түсірілді. Мемлекетке келтірілген шығын миллиард теңгеден асады", - дейді Жүсіпова.
Ал ауыл квотасын өтемеген жағдайда, сарапшының айтуынша, түлек заң бойынша жауапкершілікке тартылады.
"Мемлекет көмегін қайтарудан немесе оны жұмыспен өтеуден бас тартқандар заң бойынша жауапкершілікке тартылады - мемлекетте барлық жұмсалған ақшаны қайтарады немесе сол оқу орны мен студент жасасқан келісімшарттағы шаралар қолданылады. Ал шартта ондай сипаттағы шаралар көрсетілмесе, заң бұзушы тәртіптік жазаға тартылады. Барлығы оқу орнының жарғысында көрсетіледі", - дейді ӘЭСИ маманы.
Айта кетейік, ауыл квотасы педагогикалық, медициналық және мал дәрігерлік мамандықтарға ғана беріледі.
Оқи отырыңыз:
Грантқа іліге алмаған түлектер қай салада жұмысқа орналаса алады
Сырттай білім алудың жаңа үлгісі - Part time жүйесімен оқу несімен ұтымды
Қазақстандық студенттер шетелде оқуға неге құмар