ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
10 марта 2020 | 10:35

Үкімет басшысы: Зейнетақы мен жәрдемақы уақытында беріледі

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асқар Мамин. © Тұрар Қазанғапов Асқар Мамин. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин теңгенің құлдырауына байланысты министрліктерге тапсырма берді, - деп хабарлайды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин теңгенің құлдырауына байланысты министрліктерге тапсырма берді, - деп хабарлайды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысының пікірінше, әлемдегі экономикалық жағдай күрделі. Оған себеп - мұнай бағасының төмендеуі. Осы орайда Асқар Мамин жағдайды бақылауда ұстап, тиісті жұмыстарды жүргізу қажетін атап өтті.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлемдердің толық көлемде және уақытылы төленуін қамтамасыз етсін. Жұмыспен қамтудың жол картасын әзірлеу қажет. Осы ретте жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында инфрақұрылым жобаларын іске асыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу және елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын күшейту керек", - деді ол үкімет отырысында.

Премьер-министр еңбек министрлігі әкімдіктермен бірге азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы мен халықты жұмыспен қамту маңызды екенін жеткізді.

"Біздің ортақ міндетіміз - әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және жұмыспен қамту. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығы орындалады. Зейнетақы мен жәрдемақының барлығы уақытында әрі толық көлемде төленетін болады", - деді Асқар Мамин.

Айта кетейік, 9 наурызда мұнай бағасы құлдырағаннан кейін Қазақстанда доллар бағасы күрт қымбаттады. Кеше ұлттық банктің ресми бағамы бір доллар үшін 382,05 теңге болды. Бірақ ақша айырбастау пунктерінде доллар 400 теңгеге сатылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети