ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
24 ноября 2020 | 12:29

Үкіметте ел аймақтарына газ қашан тартылатыны айтылды

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Бүгін Үкімет отырысында аймақ басшылары елімізде газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатқаны туралы  баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Үкімет отырысында аймақ басшылары елімізде газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатқаны туралы  баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының әкімі Бердікбек Сапарбаев өңірде тұрғындардың 88,6 пайызы газбен қамтылғанын және екі жылдан кейін бұл көрсеткішті 95 пайызға жеткізу керегін айтты. 

"Өңірдің халқын газбен қамтамасыз ету жаман емес. Қазіргі есеп бойынша халықты газбен қамтамасыз ету - 88,6 пайыз. Тек биылдың өзінде 14 миллион (теңге - еск.) ақша бөлінді. Соның арқасында 45 елді мекен газбен қамтамасыз етілді. Әсіресе Қордай ауданында екі жоба жүзеге асып жатыр. Оның біреуі Масаншы, Қаракемер, Ақсуат - 10 елді мекен. Екіншісі 12 елді мекен. Содан кейін жаңадан салынып жатқан зауытқа берілген газ. Соның нәтижесінде тек осы Қордай ауданында халықты газбен қамтамасыз ету 95 пайыз болады. Келесі жылға министрлікке ұсыныстарымызды бердік. Қазір министрлікпен жұмыс істеп жатырмыз. Газбен қамтамасыз ету біздің бақылауымызда. Екі жылдан кейін газбен қамтамасыз етуді (облысты - еск.) 95 пайызға жеткізу", - деді Сапарбаев.

Ал Қарағанды облысында 9 қала мен 114 елді мекенді газдандыру жоспарланған. Бұл туралы аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек баяндап, газдандыру жұмыстары кезең-кезеңмен іске асырылып жатқанын айтты.

"Бірінші кезеңде үш қалада 3 мыңға жуық үй газбен қамтылады. Қазір Теміртау және Жезқазған қалаларында қабылдау актілеріне қол қойылды және құрылыс жұмыстары аяқталды. Желілерді "ҚазТрансГаз" АҚ-ның сенімгерлік басқаруына беру рәсімі басталды. Осыдан кейін тұтынушылардың дайындығына қарай 1056 үйге газ беру мүмкін болады. Қарағанды қаласына келетін болсақ, құрылыс жұмыстары 70 пайызға орындалды. Құрылысты аяқтау кестеге сәйкес 2021 жылғы мамырда жоспарланған. 1865 үйге газ беріледі.

2021 жылы Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларында 3800 үйді қамти отырып, екінші іске қосу кешенінің құрылысын бастау жоспарлануда. 2021 жылы Жаңарқа, Сахаров аудандарында және Шахтинск қаласында газбен жабдықтау желілерінің құрылысы басталады. Бұл бірінші кезеңде 3 мыңнан аса үйді газбен қамтуға мүмкіндік береді (...) Осылайша 2021 жылы шамамен 19 мың адам газбен қамтамасыз етіледі. Толық қаржыландырған жағдайда 2030 жылға қарай облыста 1 миллион 100 мың адам газбен қамтылады", - деді Жеңіс Қасымбек.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов қазір жеке сектордағы 5 мыңнан аса үй газбен жабдықтау жүйесімен қамтылғанын атап өтті.

"Газ тарту желілерінің құрылысы үш кезеңге бөлінген. Біріншіден, 9 іске қосу кезеңінен тұратын жобаның бірінші кезеңінің жұмысы 2019 жылғы күзде басталды. (...) "ҚазТрансГаз" АҚ Күйгенжар, Мичурин, Интернациональның тұрғын үй алаптарын газдандыруды кестеге сәйкес жасап жатыр. Жалпы қаланың төрттен бір бөлігі тұратын аталған тұрғын алаптарда 300 шақырымға жуық газ желілері тартылды. Келесі жылы Агроқалашық және Юго-Восток тұрғын алаптарын толық газбен қамтамасыз ететін үш бірдей іске қосу кешені пайдалануға беріледі. Газдандырудың екінші және үшінші кезеңі бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Екіншіден, жеке сектор тұрғындары үйлеріне газды біртіндеп кіргізіп жатыр. Қазір 5 мыңнан аса үй газбен жабдықтау жүйесімен қамтылған. Жыл соңына дейін 6 мың тұтынушыға жеткізу жоспарланған. Жеке секторларға есептеу құрылғыларын тегін қою қарастырылған. 

Үшіншіден, ЖЭЦ-1 және ЖЭЦ-2-де құрылғыларды алмастыру, желдеткіш орнату сияқты жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде төрт су жылытатын қазандыққа газ қосылды. Қазір қалған қазандықтарды газға алмастыру жұмыстары жалғасуда", - деді Алтай Көлгінов.

Ал Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев газ жүргізу үшін құрылысы біткен 298 нысанның, 84-інде проблема болғанын айтты. Ол "ҚазТрансГаз" АҚ-ның газдандыру жұмыстары үшін көмегі керегін және тағы 52 нысанды газдандыру үшін қосымша қаржы керегін атап өтті.

"Қазір облыста 1 миллион 152 мың тұрғыны бар елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілген. Биыл 43 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның 20-сы аяқталды, 23-і келесі жылы жасалады. Түркістан облысын дамытудың 2025 жылға дейін жоспарына сәйкес, 2025 жылға дейін 99 пайыз елді мекенді газбен қамтамасыз ету жоспарланған. Келесі жылға Энергетика министрлігімен бірге бюджет өтінімі ұсынылды. Жеті нысанды 4,3 миллиардқа (теңгеге - еск.) газдандыру қарастырылған. Тағы 52 нысанды газдандыруға дайынбыз. Сондықтан тағы қаржы керек болады. Оған тағы қосымша өтінім жасаймыз. Енді газ құбырларын "ҚазТрансГаз" АҚ теңгеріміне беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір құрылысы біткен 298 нысанның өткенде қазанда 110-ы берілуге дайын еді, оның 30-ы пайдалануға берілді. Тағы 140-ы дайын тұр. Қалған 84 нысанда проблема болды. Оны жыл соңына дейін түгел құжатын дайындап, беруге дайын боламыз. Осы тапсырманы орындауға мүмкіншілік бар. (...) Сондықтан "ҚазТрансГаз" қоғамынан бізге көмек керек болады деп ойлаймын", - деді Шөкеев. 

Өңір басшыларының баяндамасын тыңдаған премьер-министр елдегі газдандыру жұмыстарын қорытындылады. Ол Қазақстанда 2025 жылы газдандыру деңгейі 60 пайызға жетіп, 2120 елді мекен немесе 11,7 миллион тұрғын қосылатынын айтты.

"Осы жылдың қорытындысы бойынша ел тұрғындарын газдандыру көрсеткіші 53 пайыз деңгейінде жоспарланған. 9,8 миллион адамға табиғи газ қолжетімді болады. 2025 жылы газдандыру деңгейі 60 пайызға жетіп, 2120 елді мекен немесе 11,7 миллион тұрғын қосылады. Бұған "Сарыарқа" жобасының екінші, үшінші кезеңдерін іске асыру, ШҚО-ны газдандыру және өңірлік желілерді кеңейту мен реконструкциялау ықпалын тигізеді. Сондықтан, елді мекендерді газдандыруды белсенді түрде жалғастыру керек. Бұл - Үкіметтің басым міндеттерінің бірі", - деді Мамин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer