ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
10 февраля 2020 | 19:06

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы таңғаларлық шпаргалкалар туралы айтып берді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов

Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов ҰБТ-ға кірген оқушылардың түрлі қулығы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов ҰБТ-ға кірген оқушылардың түрлі қулығы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, оқушылардың бірі ұлттық бірыңғай тестілеуге "Тассай" суының бөтелкесінің этикеткасына химиялық формулаларды жазып алған. Оны тест тапсырушы шпаргалка ретінде пайдаланыпты.

"Сондай-ақ Coca-Cola сусыны этикеткасының артына формулаларды жазған жағдай да болды. Аяқ-киіміне смартфон жасырып кірген оқиға тіркелді. Тест тапсыратын баланың бойы шамамен 1 метр 60 сантиметр болса, ал аяқ киімінің өлшемі 45 болған. Тексеріс барысында бұл оқушыдан смартфон табылған жоқ. Оның тексеру пунктінен қалай өткенін түсінген жоқпын. Кейін ол балаға біздің назарамыз түсіп, 4 смартфонды анықтадық", - дейді директордың міндетін атқарушы.

Осы орайда ол ұлттық бірыңғай тестілеу барысында бір оқушыдан 13 телефон табылғанын атап өтті.

"Өткен жылы бір қыз ұлттық бірыңғай тестілеуге өзінің орнына жігітті кіргізген. Ол парик киіп, бетіне макияж жасап, ҰБТ өткізу пунктіне келген", - деді Дидар Смағұлов.

Айта кетейік, білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ны тапсыру ережесіне өзгерістер енгізген болатын. Яғни еліміздегі 11 (12) сынып түлектеріне жылына төрт рет ҰБТ тапсыру мүмкіндігі берілді. Оның үшеуі ақылы негізде болмақ.

Осыған дейін Қазақстанда алғаш рет ақылы ҰБТ өткенін, оның қорытындысы жарияланған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети