Ұлықбек Есдәулет Жазушылар одағының төрағасы болып сайланды

12 Наурыз, 13:56
0
© qazaqadebieti.kz
© qazaqadebieti.kz

Ақын Ұлықбек Есдәулет Жазушылар одағының төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа төраға Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Жазушыларының кезекті XV Құрылтайында сайланды. Жиынға Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, құрылтай делегаттары, арнайы шақырылған қонақтар, Астана мен Алматының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. 

Айта кетейік, осыған дейінгі төраға Нұрлан Оразалин Жазушылар одағын 1996 жылдан бері басқарып келген еді.

Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет - ақын, журналист. 1954 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін журналист мамандығы бойынша, М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстардың поэзия бөлімін әдебиетші мамандығы бойынша бітірген. Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті академигі (2004 жылдан). Қазақстан журналистика академиясының толық академик-мүшесі. М.Әуезов атындағы Семей университетінің құрметті профессоры.


Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет. © massaget.kz

"Қанат қақты" (1974), "Жұлдыз жарығы" (1977), "Аптайдың алтынтамыры" (1979), "Ұлыстың ұлы күні" (1982), "Ақ керуен" (1985), "Жаратылыс" (1989), "Жүректегі жарылыстар" (1995), "Алтай асулары" (1988), "Заман-ай" (1999), "Киіз кітап" (2001) кітаптарының; "Ахиллестің өкшесі" өлеңдер жинағының (2003); қазақ тіліндегі 5 томдық шығармалар жинағының (2006), "Ынтық зар" (2009), "Әбілхаят" (2009) авторы. "Семей-Невада" қозғалысының әнұраны "Заман-ай" әні сөздерінің авторы.

Ақынның шығармалары шет телдеріне аударылған. Үнді, түрік, фин, африка, алжир, украин, әзірбайжан, қырғыз, абхаз, монғол, саха-якут және басқа халықтардың ақындарының өлеңдерін; сондай-ақ М.Лермонтовтың, А.Блоктың, Д.Кедриннің, Н.Рубцовтың және тағы да басқа бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақ, орыс және түрік тілдерін біледі.

1971 жылдан - Шығыс Қазақстан облыстық газетінің корректоры. 1977 жылдан - республикалық "Қазақстан пионері" газетінің бөлім меңгерушісі. 1979 жылдан - "Жазушы" баспасының редакторы (Алматы қаласы). 1985 жылдан Қазақ телевизиясы жастар редакциясының редакторы, 1986 жылдан "Қазақ әдебиеті" газеті редакциясы сын бөлімінің тілшісі. 1988 жылдан - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1991 жылдан - "Жас Қазақ" газетінің бас редакторы, 1993 жылдан - ҚР Сыртқы істер министрлігінде бөлім меңгерушісі, 1997 жылдан - ҚР Қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрлігінің бөлім меңгерушісі, 2000 жылдан - ҚР премьер-министрінің ееңсесінде мәдениет секторының меңгерушісі, 2002 жылдан - "Қазақ әдебиеті" газеті редакциясының бас редакторы болған.

2008 жылдан бері - "Жұлдыз" әдеби журналының бас редакторы болып келді. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. Мемлекеттік сыйлықты тағайындау жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының, Ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының, Түркі әлемінің әдеби журналдары конгресінің Тұрақты кеңесінің мүшесі. "Ақбар" бильярд клубының мүшесі. "Құрмет" орденімен (2001); "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" (2005), "Астананың 10 жылдығы" (2008) медальдарымен марапатталған. Қазақстан Ленин комсомолы (1986), "Жігер" шығармашыл жастар байқауларының (1979), түркі тілдес елдер поэзиясы байқауының (1995), халықаралық "Алаш" (2000), ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының (2003) лауреаты. Ресейдің Алтын Есенин медалінің кавалері (2007). "Қара пима" поэмасы "Жалын" республикалық (жабық) әдеби сайысының жеңімпазы атанған (1982). "Мүшайра" ақындар сайыстарының бірнеше мәрте жеңімпазы.

Есдәулет "Жалын" журналы ұйымдастырған жабық бәйгесінін жеңімпазы (1982), Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының (1986), Қазақстан мемлекеттік сыйлығының (2002) лауреаты. "Құрмет" орденімен марапатталған (2001).

Получить короткую ссылку

Тегтер:

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц