ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
01 декабря 2021 | 11:30

"Үй тазаласаң да, еңбек ет". Назарбаев жастарға қандай кеңес беріп жүр?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото akordapress/Instagram Фото akordapress/Instagram

Білімді болыңдар, үш тіл меңгеріңдер, үй тазаласаңдар да, еңбек етіңдер, армандаңдар. Бұл Қазақстан Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға берген кеңесі. Tengrinews.kz тілшісі Елбасының жастарға берген кеңестерін жинады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Білімді болыңдар, үш тіл меңгеріңдер, үй тазаласаңдар да, еңбек етіңдер, армандаңдар. Бұл Қазақстан Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға берген кеңесі. Tengrinews.kz тілшісі Елбасының жастарға берген кеңестерін жинады. 

"Жасампаз болыңдар, армандаңдар"

Таяуда ғана Назарбаев қазақстандық жастарға үндеу жасаған. Ол жастар Қазақстан әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру мақсатына жол ашатынын айтты.

"Қазақстанның жастары барлық сын-қатер мен қауіпті еңсере отырып, осы мақсатқа жол ашады. Солай болатынына сенімдімін. Өйткені жас буында жеке табысқа және жалпы өркендеуге өз елінің өміріне белсенді қатысу арқылы ғана қол жеткізуге болатыны туралы нақты түсінік бар", - дейді ол. 

Назарбаевтың айтуынша, өзара көмек, толеранттылық пен бірлік сияқты жалпыұлттық құндылық бағдарлары жастарды да, қазіргі заманғы қазақстандық қоғамды да біріктіреді.

"Бүгін біздің әрқайсымыз Қазақстан мен оның болашағы үшін өмір сүруге және жұмыс істеуге дайын болуымыз керек. Мен Қазақстан жастарына үндеу жолдаймын: жасампаз болыңдар, армандаңдар, іске асырыңдар және жақсы көріңдер, еліміздің игілігі үшін өмір сүріңдер!", - деді Елбасы "Тәуелсіздік ұрпақтары" атты республикалық форум барысында.

"Жастар білімді болуы керек"

Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы елімізде Жастар жылын жариялаған соң, түрлі кеңес берді. Соның бірін сол жылы ақпанда ҚР президентінің телерадиокешені Instagram желісінде жариялады. 

"Бүгінде біздің жастар бүкіл әлеммен араласады, жол ашық, шекара ашық. Қалаған жерінде оқып, қалаған жерінде тұрады. Айналасына қарап, оларда қалай, бізде қалай екенін көреді. Сондықтан, бәрінен бұрын, жастар білім алуға тырысуы керек. Жастық шақ пен мүмкіндікті босқа, ойын-сауықтарға жұмсамағаны абзал. Оның бәрі кейін келеді", - деді Назарбаев.

Фото: akorda.kz

Елбасы сол кезде жастарға мынадай кеңес берген:

  1. Жастар білімді болуы керек. Себебі жаһандық тұрғыда бәсекелестік тек мемлекеттер арасында емес, әр адамның арасында болады. Бұл бәсекеде кім білімді сол жеңеді.
  2. Өзін жақсы жағынан көрсету. Жастар кез келген жұмысты істеуі қажет. Бұл жұмысты өзінің шағын ұжымында меңгеріп, жетістікке жетіп, еңбегін мойындатуы тиіс.
  3. Дені сау болу. Өмірде табысқа қол жеткізу үшін денсаулық қажет. Өз денсаулығыңды сақтап, шұғылданып, денсаулыққа зиян келтіретін дүниелермен айналыспау керек.
  4. Өз Отанын сүю. Менің ойымша, біздің жағдайымызда Отаныңды, өз халқыңды сүйіп, патриот болу керек. Ел ішінде, сыртында болсаң да, оған қызмет ету қажет.

"Егер осындай адам тәрбиелесек, еліміз мықты, қорғанысы мығым болады. Жастарымыз елімізді жарқын болашаққа жеткізіп, өз елімен мақтанады", - деп түйіндеді Назарбаев. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz)

"Үш тіл білу - міндет"

2015 жылы Назарбаев туған жері Қаскелеңге сапары кезінде жастарға өсиет айтқан. 

"Егер жақсы өмір сүргілерің келсе, отбасыларың мен балаларыңды асырағыларың келсе, кәсібилігі үшін құрметке лайық болатын білімді әрі кәсіби адам болуларың керек", - деді ол. 

Ол қазіргі заман жастарының кем дегенде үш тілді білуі керектігін айтты. "Ата-аналар балаларына білім беруге ұмтылуы тиіс. Үштілділік міндетті!" - деді Назарбаев.

Фото © РИА Новости

Ол әлемде орасан зор ғылыми және техникалық оқулықтар ағылшын тілінде шығатынын және оның барлығы қазақ тіліне аударыла бермейтініне тоқталды.

Президенттің айтуынша, жастар қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас үшін және ағылшын тілін халықаралық ретінде білуі керек.

"Мәселен, Швейцарияда таксидің әр жүргізушісі бес тіл білуі тиіс. Мұның өзі ештеңе емес, жастар меңгеруі тиіс", - деді ол. 

"Әр адамды тыңдауға үйрену керек"

Елбасы тағы бір сұхбатында адам құқығын сақтауға, адамды тыңдауға үйрену керегін айтқан. 

"Жастарға айтатын бір сөзім бар - қазіргі өсіп келе жатқан жастар дүние жүзінде жұмыс істейді. Солай ғой? Бүгін қазақтың бармайтын жері бар ма? (...) Қазіргі жастарымыз дүние жүзінің азаматтары болды. Жас кезінен әр адамның құқығын сақтауға, әр адамды түсінуге, әр адамды тыңдауға - соған үйрену керек. Сонда ғана бізді сыйлайтын болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz)

"Үй тазаласаң да, еңбек ет"

Елбасы бір сөзінде жұмыссыз жүрген жастарға үндеу жасаған. Онда оларды оңай ақшаның соңынан қумай, адал ақша табуға шақырды. 

"Мен жұмыс таппай, әркімнің бір есігін табалдырығын тоздырғаннан кейін оңай ақшаның соңынан кететін жастарға әрдайым айтып келемін. Қыздарға да, ұлдарға да. Мұндайды көру аянышты, себебі жұмыс бар. Бала бақсаң да, үй тазаласаң да, ас дайындасаң да, әйтеуір еңбек етуге болады, бірақ өзіңді өзің ешқашан сатпауың керек", - деді Елбасы Қазақстандағы жастар жылының ресми ашылуында. 

"Баласын жетімдер үйіне беру қазақта болған жоқ"

Дәл сол шарада Назарбаев жастарға кеңес беріп, Батысқа ілесеміз деп жүріп ата-бабадан қалған салтты ұмытпауды еске салды. 

"Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдірудің, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін дарытудың маңызы зор. Ата-бабамыздан қалған салтымыз бар: кішілер үлкенді сыйлайды, ерлер әйелді сыйлайды. Батысқа ілесеміз, демократ боламыз деп, бәрін ұмытып кетуге мүлде болмайды", - деді Назарбаев жастарға.

Фото: akorda.kz

Сонымен қатар, ол қарттар үйі мен жетімдер үйіне де қатысты пікір білдірген. 

"Қазақта ондай бәле болған жоқ. Қартайған әке-шешесін үйінде ұстайтын. Кіші бала отау иесі деп неге айтқан? Баласын жетімдер үйіне беру қазақта болған жоқ. Қазақстанда жетімдер үйі болмауы керек. Жетімдер үйінің балаларын асырап алу керек. Ол адамға да, Аллаға да жағатын нәрсе", - деді ол.

Ол жастарды қарттай үйіне барып, үлкендердің батасын алуға шақырды. 

"Тәуелсіз Қазақстанды сақтап қалыңыздар"

2019 жылы Назарбаев Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтататынын хабарлаған сәтте жастарға өсиет айтқан еді. Онда Отанымызды сақтап қалуды сұраған. 

"Жас қазақстандықтарға айтқым келетіні, Тәуелсіз Қазақстанды сақтап қалыңыздар - бұл біздің ортақ Отанымыз. Бұл біздің халық, ұлы бабаларымыздың жері. Бір ғана Отанымыз бар, бір жер. Достықты, халқымыздың бірлігін, өзара сенім мен әрбір азаматымыздың мәдениеті мен дәстүріне құрметті сақтаңыздар. Бұл біздің қолымыздан келді, бізден қазір қалай тұрақты болуды, көпұлтты мемлекетті қалай бірге тұруды үйреніп жатыр. Осы постулаттарды орындап қана тұрақты боламыз, сынның бәрінен өтіп, гүлдене түсеміз", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer