ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
18 мая 2020 | 12:16

"Ұйқыдан ауырмай тұрғанның өзі жарты бақыт". Бейсен Құранбек сырқаты туралы не деген?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін танымал тележүргізуші, "Жетісу" телеарнасының директоры Бейсен Құранбектің қайтыс болғаны хабарланған. Ол бір жылдан аса уақыт бойы қатерлі ісікпен күрескен. Тележүргізуші 49 жасына қараған шағында өмірден озды. Tengrinews.kz тілшісі Бейсен Құранбектің өмірі мен еңбек жолы туралы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін танымал тележүргізуші, "Жетісу" телеарнасының директоры Бейсен Құранбектің қайтыс болғаны хабарланған. Ол бір жылдан аса уақыт бойы қатерлі ісікпен күрескен. Тележүргізуші 49 жасына қараған шағында өмірден озды. Tengrinews.kz тілшісі Бейсен Құранбектің өмірі мен еңбек жолы туралы баяндайды.

Елге танытқан - "Айтуға оңай"

Бейсен Құранбек 1971 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Ал журналистикадағы еңбек жолын республикалық "Спорт" газетінде бастаған, мұнда ол тілші, жауапты хатшы қызметін атқарған. Ал кейін карьерасының қалған бөлігі телевизия саласында өтті. "Рахат", "31 арна", "Хабар" телеарналарында жұмыс істеген, Президент телерадиокешенінде де қызмет атқарған.

2007-2012 жылдары Бейсен Құранбек Алматы облыстық "Жетісу" телеарнасының бас директоры болды.

Ал оны елге танымал қылған 2013 жыл деуге болады. Сол жылы Qazaqstan телеарнасындағы "Айтуға оңай" ток-шоуын жүргізе бастады. Эфирде төрт жыл болған бағдарлама Бейсен Құранбекті танымал тележүргізушіге айналдырды.

Ал 2017 жылы "Айтуға оңай" бағдарламасы жабылып, Құранбек өз командасымен бірге жаңа ток-шоу ашты. Бұл жолы ол "Қарекет" деп аталды. "Қарекет" 2018 жылы "Тұмар" ұлттық телевизиялық бәйгесінде "Үздік әлеуметтік жоба" атағын алған еді. Бұл бағдарлама былтыр маусымда аяқталған.

2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық "Жетісу" телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалған. Өмірінің соңғы күндеріне дейін ол телеарна басшысы қызметін атқарып келді.

Бейсен Құранбектің телевизия саласындағы жетістіктері аз емес. 2006 жылы ол Қазақстан Президенті сыйлығының иегері болған. Кейін ҚР мәдениет қайраткері атанған.

"Ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екен"

2019 жылдың 23 ақпанында тележүргізуші Instagram желісіндегі парақшасында оқырмандарына сырқатынан емделіп жатқанын хабарлаған.

"Соңғы бір жарым жылда екінші рет аман алып қалдым. Бұл жолы асқазан жарасы ашылып, гемоглобин 61-ге түсіп кетіпті (бәрін жүрекке жақын қабылдаудың нәтижесі...). Жан сақтау бөліміндегі жанталастан аман шықтық, бастысы. Енді палатада "постельный режимде" рақаттанып жатқан жай бар. Сәл демалып, ем алып шығайын, сосын, қарбалас тірлікке қайта кірісем. Тек енді денсаулықты шындап қолға алу керек. Әйтпесе, ақ xалатты абзал жандардан әбден ұят болды", - деп жазған еді Бейсен Құранбек.

Кейін былтыр шілдеде Абайдың 175 жылдығына орай басталған эстафетаға қатысып, сонда да денсаулығы сыр беріп жүргенін жазған.

"Көптен бері денсаулықтың қамымен, жұмыстың бабымен тайм-аут алып, әлеуметтік желілерден алыста жүр едім. Абай атама бола бір сәтке бас сұқтым", - деп жазған ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бейсен ҚҰРАНБЕК (@beisenkuranbek)

Былтыр 9 желтоқсанда 48 жасқа толған кезде құттықтағандарға алғысын айтып, денсаулығының әлі де сыр беретінін мәлімдеген еді. 

"Халқымыздың "басты байлық - денсаулық" деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқы тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенін ұқтым", - деген тележүргізуші.

"Ауруханада мылтықсыз майдан жүріп жатқанын ойлай бермейміз"

"Айтуға оңай", "Қарекет" бағдарламалары арқылы халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, оларға көмектескен Бейсен Құранбек түрлі тақырыптағы өзінің пікірлерін, ақыл сөздерін Instagram-парақшасында бөлісіп тұратын. Мысалы, ол қоғамда өз орныңды табу үшін екі нәрсе қажет екенін жазған.

"Меніңше, қазіргі қоғамда өз орныңды табу үшін, таңдаған салаңда бір жетістікке жету үшін адамға кемінде екі нәрсе қажет. Біріншісі - кәсіби біліктілік. Яғни, өз ісіңнің қыр-сырын жақсы білу, ұңғыл-шұңғылын жетік игеру. Екіншісі - айналаңдағы адамдармен, әріптестермен, басшылармен, қарамағыңдағы қызметкерлермен, тіпті, отбасыңның мүшелерімен (олар да жұмысқа қатты әсер етеді) жақсы тіл табысу. Қандай да бір келіспеушілік, кедергі болған жағдайда оны ушықтырмай тез шеше білу", - деп жазған ол.

Одан бөлек оның ақпаратты беру туралы айтқан сөзі де көптің көңілінен шыққан.

"Қазір адамдарға артық ақпарат, білім берудің қажеті жоқ. Өйткені ғаламторды ашады, мұның ішінде миллиондаған, миллиардтаған дүние бар. Керегің бассаң, Google көке бәрін тауып бере салады. Адамдарға сол ақпаратты қалай дұрыс пайдалану керек, қалай өзіңнің бойыңа сіңіріп алуы керек - осыны ғана үйрету керек. Кез келген нәрсені үйретуде үш нәрсеге сүйенемін. Бірінші, оның ғылыми негізін түсіндіру керек. Түсіндірмесең, ол адамға жетпейді, қажеті жоқ деп санайды. Екінші, оны өзің көрсетуің керек, көп адам көрмесе, оны істемейді. Үшінші, аямай, адамның өзін соған жаттықтыру керек", - дейді ол.

Былтыр сырқатынан емделіп жүргенде дәрігерлердің жағдайы туралы да пікір білдірген.

"Ауруxаналардың қасынан өткенде не сыртынан көргенде оның ішінде адам денсаулығы мен өмірі үшін мылтықсыз майдан жүріп жатқанын ойлай бермейміз. Бір апта ауруxанада жатып, медперсоналдың жұмыстарын көзбен көріп, оның қиындығын көңілмен түйсінген кезде олардың жанкештілігіне еріксіз бас иесің. Мәселен, мен түскен Алматы қалалық клиникалық 12 ауруxананың xирургия бөлімшесі 45 төсектік. Онда әдетте 75-80 адам жатады екен. Яғни, екі есе көп. Қызметкерлер штаты оған есептелмеген. Бірақ, өз жұмысын "жылап" істеп жүрген бір адамды көрмейсің. Таңның атысы, күннің батысы құрақ ұшып жүреді", - деп жазған ол.

Бейсен Құранбектің артында әйелі мен екі қызы қалды. 

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел тележүргізушінің қайтыс болуына байланысты комиссия құрылғанын мәлімдеді. 

"Белгілі журналист Бейсен Абайұлы Құранбектің қайтыс болуына орай, Амандық Баталовтың тапсырмасымен облыстық комиссия құрылды. Ағамызды соңғы сапарға шығарып салу облыстық деңгейде өтеді", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети