ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
22 февраля 2022 | 17:26

Вакцина салдырмаған оқушылар ҰБТ тапсыра ала ма? БҒМ жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Tengrinews.kz Көрнекі сурет: Tengrinews.kz

Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде оқушыларға вакцина салу міндетті емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде оқушыларға вакцина салу міндетті емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Абдуалиева айтты.

"Ұлттық бірыңғай тестілеуден өту үшін талапкерлерге екпе алу міндетті емес. ҰБТ-ға кіруге рұқсат беріледі", - деді ресми өкіл.

Екпе салмаған оқушыларды ҰБТ-ға кіргізбеген жағдайда call-орталыққа хабарласуға болады: +77172 69-50-69, +77172 69-52-92, +77172 69-50-69, +77172 69-52-92, +77172 69-50-96. 

Айта кетейік, бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Tengri Talk эфирінің қонағы болған еді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriNews (@tengrinewskz)

Еске салайық, 3 ақпанда Білім және ғылы министрлігі биылғы ҰБТ-дегі өзгерістер туралы айтқан болатын. Жаңалықтардың бірі - қосымша камера орнату. Бұған дейін бір камера болса, қазір екінші камера орнатылады, ол жеке басын сәйкестендіреді. Сонымен қатар, белгілі бір уақыт өткеннен кейін компьютерде кім отырғанын тіркейді. Тестілеудің өзі тегін, ал сынақ тесттері ақылы өтеді. Министр Асхат Аймағамбетов сынақтардың белгіленген бағаларын өзгерту қажет екенін айтқан болатын. Сондықтан Аймағамбетов тестілеудің барлық осы түрі бойынша құнды екі есе төмендетуді тапсырды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети