Вакцина салуға бола ма? ҚМДБ мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вакцина салуға бола ма? ҚМДБ мәлімдеме жасады Фото ©REUTERS

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі басқарма ресми сайтына сілтеме жасап.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі басқарма ресми сайтына сілтеме жасап.  

"Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет.

Алла Тағала "Бақара" сүресінің 195-аятында: "Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар", - деп бұйырған.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты", - деген.

Дана халқымыз: "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" деген. Сол үшін кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс.

Арнайы медицина мамандары қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирус індетінің алдын алу үшін вакцинациялаудың адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін айтып жатыр.

Ал шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда екпе салдыру - әр азаматтың өз еркі.

Алла Тағала халқымызды жұқпалы індеттен сақтап, науқас жандарға шипа нәсіп етсін!", - делінген басқарма хабарламасында. 

Айта кетейік, Қазақстанда 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцинация басталған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы -12
Астана -24
Актау 0
Актобе -12
Атырау -5
Б
Балхаш -17
Ж
Жезказган -24
К
Караганда -14
Кокшетау -18
Костанай -11
Кызылорда -19
П
Павлодар -14
Петропавловск -25
С
Семей -20
Т
Талдыкорган -8
Тараз 2
Туркестан -7
У
Уральск -21
Усть-Каменогорск 1
Ш
Шымкент -17

 

Редакция Реклама
Социальные сети