КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
02 октября 2024 | 12:29

Вейпке қарсы заң шыққалы не өзгерді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Биылғы жылдың маусым айынан бастап елімізде вейптерге ресми түрде тыйым салынды. Электронды темекі өнімдерін, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, жарнамалауға қылмыстық жауапкершілік көзделгенімен, сату, саудалау әрекеттері әлі де әшкереленіп жатыр. Қарсы қандай шаралар қабылданып жатыр? Мassaget.kz тілшісі анықтап көрді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Биылғы жылдың маусым айынан бастап елімізде вейптерге ресми түрде тыйым салынды. Электронды темекі өнімдерін, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, жарнамалауға қылмыстық жауапкершілік көзделгенімен, сату, саудалау әрекеттері әлі де әшкереленіп жатыр. Қарсы қандай шаралар қабылданып жатыр? Мassaget.kz тілшісі анықтап көрді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Вейп өнімдерінің кең таралуы

Қазақстанға вейп өнімдері шамамен 2010 жылдардың ортасында келе бастады. Бұл кезеңде электронды темекілер мен вейптер әлемде кеңінен таралып бастаған еді және сол тренд Қазақстанда да көрініс тапты. Әсіресе 2015-2016 жылдары вейп өнімдері мен вейп-шоптардың саны еліміздің қалаларында көбейе түсті.

Ал бұл заттар кейінгі жылдары жастар арасында сәнге айналды. Электронды темекілерді дәстүрлі темекіні тастаудың бір жолы ретінде насихаттау да олардың кең таралуына себеп болды. Алайда кейінірек олардың денсаулыққа зияны туралы деректер пайда болып, вейптерге қарсы шаралар күшейтілді.

Электронды темекілердің 2018 жылдан кейін түрлері көбейе түсті. Техникалық қызметтерсіз, арнайы баптауларсыз қолданылатын бір реттік вейп түрлері қаптады. Олардың дизайны да, құрамы да күрделеніп, жастардың назарын одан сайын арттыра бастады.

Вейптерге қарсы заң

2024 жылдың басында Парламент мәжілісі денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер аясында темекі өнімдерін тұтынуды шектеу стандарттарын қабылдаған еді. Сенат қарауына жолданған заң жобасы сәуір айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюымен мақұлданған болатын.

Екі айдан кейін заң күшіне еніп, оған сәйкес электронды темекі өнімдерін сатқан адамға 700 мың теңгеден астам айыппұл салынады немесе 200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады. Заңда 50 тәулікке қамау жазасы да қарастырылған. Вейптер шет мемлекеттен әкелінетіндіктен, шекарада да бақылау күшейтілді.

"Әлі де сатылып жатыр"

Заң күшіне енгенмен, қалаларда вейп өнімдерінің сатылымы әлеуметтік желілер немесе таныстар арқылы қарқынды түрде сатылуда. Тіпті желілерде ашық атауларымен жарнама жасап, жеткізу қызметі арқылы таратылып жатқанын көруге болады.

"Іздеген адам тауып алады. Бұрынғыдай емес. Ашық сататындар тоқтағанымен, телеграм, инстаграмнан жазып, алып жатырмыз. Сосын бұрыннан алып жүргендер сол алып жүрген жерлерінен алып жүр. Танитындарға бере береді. Бөтен біреу болса тергеп, тексеріп, кімнің танысы екенін сұрап барып сатады. Ал телеграмда, мысалы, толып тұр. Бірақ арасында алаяқтары да бар. Боттарды қосып қояды да, мекенжай, нөмір – бәрін алып, сенімге кіріп, алдын ала төлетіп алады да, лақтырып кетеді", – дейді алматылық студент (есімін жасырып қалуды өтінді – тілші).

Зерттеу барысында студент атаған боттардың жылдам жұмыс істейтінін және тек жеткізу қызметі арқылы сататындарын байқадық: бірден жауап беріп, қажет мекенжай, телефон нөмірін сұратып, әуелі ақша аударуды талап етеді. Студенттің айтуынша, осыған ұқсас алаяқтар өте көп.

"Үш айда 18 дерек анықталды"

Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек вейптердің сатылымына қатысты қарқынды түрде тексеріс жұмыстары, мониторинг шаралары жүргізіліп жатқанын атады. Аталмыш заң күшіне енгелі бері бір Алматының өзінде жасырын саудалап жүргендердің 18 дерегі тіркелгенін айта кетті ол:

"Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 301-1-бап (Шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы) қосылды. Түзетулер және толықтырулар күшіне енген күннен бастап, вейп сатудың 18 жағдайы тіркелді. Осы фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық істер қозғалды", –деді ол.

Сонымен қатар, ресми өкіл вейптерді желілерде саудалайтындарға ұдайы мониторинг жүргізіліп жатқанын және оның қалай іске асырылатыны қызметтік құпия екендігін атап өтті:

"Әлбетте, әлеуметтік желілерде ашық саудалап жатқандарды ұдайы бақылауда ұстап отырмыз. Оларға тиісті мамандар мониторинг жасап отыр. Алайда қылмыскерлер жүйені өзімізге қарсы қолданбас үшін толық деректер жасырын қалады. Тексерістер және операциялық сатып алулар жүзеге асып отырады", – дейді Салтанат Әзірбек.

"Идеология керек"

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультеті, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Нұрмұхаммед Мырзатаев жастар арасында тараған бұл "індетпен" идеологиялық тұрғыда күрес жүргізу керек дейді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer