ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
12 июля 2021 | 12:32

"Ырымын жасап қоя салмайық" - мал қырылған өңірлерге шөп жеткізіп жатқан Құрмет Талапқазы

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Құрмет Талапқазы, қуаңшылық басқан өңірлерге көмек бастаған тұрғын Құрмет Талапқазы, қуаңшылық басқан өңірлерге көмек бастаған тұрғын

Мал аштан қырылып жатқан өңірлерге шөп жеткізу жұмыстарын алғаш болып ұйымдастырған Түркістан облысының 24 жастағы тұрғыны Құрмет Талапқазы Tengrinews.kz тілшісіне қазір жұмыстар қалай жүріп жатқанын, БАҚ-та жарияланған мақалалардан кейін не өзгергенін айтып берді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мал аштан қырылып жатқан өңірлерге шөп жеткізу жұмыстарын алғаш болып ұйымдастырған Түркістан облысының 24 жастағы тұрғыны Құрмет Талапқазы Tengrinews.kz тілшісіне қазір жұмыстар қалай жүріп жатқанын, БАҚ-та жарияланған мақалалардан кейін не өзгергенін айтып берді. 

Құрмет Талапқазы қуаңшылық басқан өңірлердегі аштан қырылған мал туралы жаңалықтарды естіген соң, достары мен еріктілерді жинап, шөп шабуды бастап кеткен, оларды жеткізуді ұйымдастырып, қаражат жинап, халықты жұмылдырған. Оның айтуынша, күннен күнге көмек қолын созатындар саны артып келеді.

"Халық елдің асарына шығуға ниетті. Алайда осымен ырымын ғана жасап қоймай, жұмыстарды тоқтатпау керек. Әкімшіліктер күзге дейін тынбай, жайбарақат қалмасын. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ қандай қиыншылық болсын алдын ала аламыз. Соған әрекетке көшейік", - дейді ол. 

Бұған дейін ол қарапайым халықтан 1,6 миллион теңге түскенін, ол толықтай жұмсалып, шөп алынғанын айтқан еді. Ал жетпегенін қарызға сатып алған. Бүгінде сол қарызы жабылған екен.  

"Қарыз өтелді, қарапайым халық, кәсіпкерлер, жоғарыдағы адамдар көмектесіп жатыр. Қазір 4 миллиондай ақша жиналып тұр", - дейді Құрмет. 

Оның айтуынша, ел арасында кебіреулер қорқытып жатыр деген ақпарат та тараған. "Бұл жалған. Ешкім маған тосқауыл болған жоқ. Барлығы жұмыла көмектесіп жатыр", - деді ол. 

Құрмет Талапқазының жанында қазір арқау болар 50-100 адамдай бар. Барлығы бірге осы шөп мәселесін шешіп жүр.

"Қазақстан бойынша жалпы 300-400 адам жұмыс істеп жатыр. Әр ауылдан 30-40 адамнан. Барлығын өзім қадағалаймын, бірге істеймін. 2 сағатқа келіп көмектесіп кететіндер бар, оның өзі жәрдем", - дейді жігіт. 

Ол теміржолдан да көмек келгенін айтты. 5-10 вагон тегін берілген екен. 

"Кеше үш вагон шөп жібердік. Қазір тағы 3 вагонды толтырдық, түнде жолға аттанады. Одан бөлек әр өңірден шөп келіп жатыр. Сатып та алып жатырмыз. Оған вагон таппай жатыр едік, Сарыағаш теміржол басқармасының орынбасары байланысқа шығып, жолда келе жатқан 5-10 вагонды жіберетін болды", - дейді Құрмет Instagram-да жариялаған видеосында. 

Шу, Өскемен, Солтүстік Қазақстаннан да адамдар шөп дайындап қойған екен. Олар "КАМАЗ" не вагонмен жіберіледі. Бүгінде Бейнеу, Жетібай, Шетпеге шөп жеткен. Ішінде жоңышқа, бидайы бар. Енді Маңғыстау, Ақтау, Өзен, Қарақияға жіберу жоспарланып отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от құрмет (@kurmet2856)

Құрмет Талапқазы енді Ауыл шаруашылығы министрлігінен көмек сұрады.

"Техникалық жағынан, шөпті оратын және жинайтын аппараттарды сұраймыз", - дейді ол. 

24 жастағы жігіт Түркістаннан депутаттар мен әкімдіктегілер байланысқа шыққанын айтты. Жетісай, Мақтаарал, Өргебас ауылының жігіттері өзі шөп әкеліп, вагонға тиеген екен.  

"200 орамдай былтырғы шөп келді, ішінде қарайғандары болса да нәрлі шөп, жоңышқа араластырып Маңғыстауға жібереміз бұйырса", - дейді Құрмет видеода.   

Суреттер: Құрмет Талапқазының жеке мұрағатынан

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer