ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
25 декабря 2020 | 18:09

"Зейнет жасы 55-ке дейін төмендейді". Желіде тараған жалған ақпараттар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандықтар желіде түрлі ақпарат таратып жатыр. Оның ішінде "вирус тауық еті арқылы тарайды", "зейнет жасы төмендейді" деген фейктер бар. Tengrinews.kz тілшісі желіде қазақстандықтар таратып жатқан жалған ақпараттар туралы баяндайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар желіде түрлі ақпарат таратып жатыр. Оның ішінде "вирус тауық еті арқылы тарайды", "зейнет жасы төмендейді" деген фейктер бар. Tengrinews.kz тілшісі желіде қазақстандықтар таратып жатқан жалған ақпараттар туралы баяндайды.

"Қазақстанда вакцинация міндетті болады" - фейк

Желі қолданушылары коронавирусқа қарсы вакцияна міндетті болады деген ақпарат таратты.

"Келісімімізсіз вакцина салдырғалы жатыр. Себебі олар халықтың басым бөлігі бас тартатынын біледі. Ояныңдар", - делінген хабарламада.

Хабарлама авторы 2020 жылғы 24 қыркүйектегі "Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қарсы міндетті профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық егілуге жататын топтарын бекіту туралы" қаулыға өзгерістер енгізу туралы" қаулыға сілтеме жасайды.

Шын мәнінде, қаулыда бас тартуға болмайтын мәжбүрлі вакцинация туралы айтылмаған.

"Вакцинация ерікті түрде жүргізіледі, яғни азаматтар екпе алуға өз еркімен келісім беруі тиіс", - деп түсіндірді ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегілер.

"Қазақстандықтарға арналған вакцинадан чип табылды" - фейк

Желіде Қазақстанның барлық тұрғындарына арналған тағы бір "видеоескерту" тарады. Роликтің авторы чиптері бар шприцтерді камераға түсірген. Кадр сыртындағы адам мұндай вакцинациядан кейін "адам қайтыс болатынын" айтады.

Шын мәнінде, ролик авторының көрсеткені - жануарларды чиптеуге арналған жүйелер. Оны кадрда көрінетін қаптамадағы жазудан білуге болады: Animal ID, ICAR Certified.

Шприцтердегі дәл осындай чиптерді Интернет-дүкендер мен дәріханалардан оңай табуға болады. Сипаттамада олар ірі қара мен ұсақ малдарға арналған деп жазылған.

Құрылғылар жануарларға тері астына енгізіледі және ақпарат беретін "паспорт" қызметін атқарады. Бұл шекарадан өткізілетін жануарлар үшін міндетті.

Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы вакциналар әзірге жаппай сатылымға шығарылған жоқ.

"Зейнет жасы төмендейді" - фейк

Желіде зейнет жасы төмендейтіні туралы ақпарат тарады. Хабарлама авторының сөзінше, енді Қазақстанда ер адамдар зейнетке 60 жасында, әйелдер 55 жасында шығады екен.

"Ресми: жарлыққа қол қойылды. 2021 жылы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлік жас төмендейді", - делінген хабарламада.

Бұл жалған ақпарат. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ерлер үшін зейнеткерлік жас - 63 жас, әйелдер үшін бүгінгі таңда - 59,5 жас, одан әрі 2027 жылға қарай 63 жасқа дейін біртіндеп артады.

"Вирус тауық етіне пластик түтіктер арқылы егіледі" - фейк

Желі қолданушылары қазір тауық етін сатып алмауға кеңес беріп жатыр. Олардың пайымдауынша, "тауықтарға вирус егілген". Сатып алынған құстан пластик түтіктер табылғаннан кейін осындай болжам жасалып отыр.

"Тауық сатып алмаңыздар! Оған бір нәрсе егеді, мен пластик түтік тауып алдым, шығаруды ұмытып кеткен болуы керек. Олар вирус егіп, адамдар содан ауырып жатқан шығар", - делінген хабарламадағы жазбада.

Хабарламаға түтіктер көрініп тұрған тауықтың бір бөлігінің фотосуреті тіркелген. Бұл - ірі қауырсын сабағы.

Бұл фото желіде бір жыл бұрын пайда болған. Алдымен "түсініксіз түтіктер" туралы Украина тұрғыны пост жазған. Бірақ оның болжамдары коронавирусқа қатысты болмады. Оның пайымдауынша, құстың салмағын арттыру үшін су құйған.

"Атырау базарлары 5 қаңтарға дейін жабық болады" - фейк

Атыраулықтар желіде тағы бір ақпарат тарады. Желідегілер Атырауда 5 қаңтарға дейін базарлар жабылады деген ақпарат таратып жатыр.

Бірақ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті базарларды жабу туралы мәселе көтерілмегенін хабарлады.

"Атырау облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес базарлар мен сауда орталықтары жұмысын әдеттегідей режимде жалғастырады", - деді өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер.

Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Атырауда базарлар мен сауда үйлері жұмыс күндері 9:00-19:00, сенбіде 9:00-17:00 арасында жұмыс істейді. Тек жексенбіде жабық болады екен.

Қазақстанда Жаңа жылда қандай шектеулер болады?

Мәліметтер Stopfake.kz сайтынан алынды

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.58  course up  549.54  course up  5.08  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer