ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
12 ноября 2020 | 11:52

Зейнетақы жинағынан алған ақшаның салығын зейнетке шыққан соң төлеу ұсынылды

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан алған ақшаның салығын зейнетке шыққан соң төлеуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан алған ақшаның салығын зейнетке шыққан соң төлеуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодекске (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодеске (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды. 

Тиісті талқылаудан кейін сенаторлар заң жобасын қабылдады. Бұл мәселеге қатысты Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пікір білдірді.

"Қазіргі таңда баспана алу, емделу сияқты қажеттіліктер үшін зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі қаралып жатыр. Бұл - президентіміздің азаматтардың өтініштеріне байланысты берген нақты тапсырмасы.

Зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін алдын ала алған кезде оның 10 пайызын бір реттік салық ретінде төлеу керек екені белгілі. Оны қазіргідей кезеңде азаматтар үшін тиімсіз деп есептейіз. Сондықтан аталған салықты зейнетақы жинағын алған кезде емес, тек зейнетке шыққан соң ғана төлеу ұсынылып отыр. Оның өзінде, бәрін бірден аудармай, заң жобасына 16 жылдың ішінде бөліп төлеу туралы норма енгізілді", - дейді Әшімбаев.

Зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін қанша қазақстандық ала алады?

Еске салайық, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырған еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer