КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
15 января 2021 | 11:05

"Зейнетақы. Сайлау. Ұлттық жоспар". Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында көтерген мәселелер

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: © akorda.kz Фото: © akorda.kz

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашты. Ол елімізде алдағы уақытта болатын заңнамалық өзгерістерге тоқталып, Мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашты. Ол елімізде алдағы уақытта болатын заңнамалық өзгерістерге тоқталып, Мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот билігінің тәуелсіздігін нығайту жөніндегі реформаны аяқтауымыз керек"

"Сапалы заңнама арқылы реформалар жүргізу - ұзақмерзімді табыстың басты шарты. Жаңартылған депутаттық корпус бұл міндеттерді лайық орындайтынына сенімдімін. Азаматтардың құқықтарын қорғамай әлеуметтік-экономикалық даму мүмкін емес. Бұл - шынымен аксиома. Осыған байланысты сот билігінің тәуелсіздігін нығайту жөніндегі реформаны аяқтауымыз керек. Сот жүйесі жабық корпорация болмауы керек. Сондықтан сот жүйесін айтарлықтай жаңғыртып, құқықтың түрлі саласына мамандарды тарту қажет. Кандидаттарды іріктеу кезінде олардың кәсіби тәжірибесін ғана емес, олардың жеке қасиеттерін де ескеру маңызды", - деді Тоқаев.

"Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуіміз керек"

Мемлекет басшысы саяси партиялардың Мәжіліске қосылу шегін 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендетуді ұсынды.

"Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7 пайыздан 5 пайызға төмендетуіміз керек. Мұндай шешім қабылдайтын уақыт келді. Себебі бұл норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады. Сондай-ақ, елдегі саяси бәсекенің дамуына септігін тигізеді. Бұл бастама мемлекеттік саясатты жүргізу үшін халықтың пікірін неғұрлым көбірек қамтып, ескеріп отыруға мүмкіндік береді. (...) Солар Парламенттің биік мінберінен айтылуға тиіс көптеген өзекті мәселені дер кезінде әрі орынды көтеріп жүр. Осындай партиялардың өкілдері Парламентке өтсе, ондағы пікірталасты қыздыра түсер еді, ортақ жұмысқа тиімді болар еді", - деді Президент.

"Бәріне қарсымын"

Мемлекет басшысы сайлаушылардың ешкімді қолдамайтынын білдіретіндей кез келген сайлау бюллетеніне "Бәріне қарсымын" деген жазбаны қосуды ұсынды.

"Альтернатив пікір және бәріне қарсы дауыс беру түсінігін бәріміз дұрыс қабылдауымыз керек. Сондықтан сайлау бюллетендеріне "Бәріне қарсымын" деген жазуды енгізу керек", - деді Тоқаев.

"Омбудсмен туралы арнайы заң қабылдауымыз керек"

"Бізде омбудсмен институты бар. Алайда ол өзінің шамасын әлі де толық көрсете алмады. Сондықтан біз алдағы уақытта омбудсмен туралы арнайы заң қабылдауымыз керек. Мемлекеттік бақылауды күшейтіп, балалардың қауіпсіздігіне байланысты, суицидтің алдын алып, балалар арасындағы қорлауға қатысты тиімді механизм ойластыру керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Жоспарланған реформалар бойынша Жоғарғы Кеңестің отырысы өтеді"

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін бекіту жоспарланған реформалар бойынша Жоғарғы Кеңестің отырысы өткізілетінін атап өтті.

"29 қаңтарда реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің таяудағы отырысында мемлекеттік жоспарлаудың түбегейлі жаңа жүйесін, ел дамуының 2025 жылға дейінгі өзектендірілген Ұлттық Жоспарын және Мемлекеттік басқарудың жаңа тұжырымдамасын бекіту жоспарланып отыр", - деді Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Мемлекет басшысы Қазақстанда зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын айтты.

"Үкімет пен Ұлттық Банк зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Оны іс жүзінде жүзеге асыру сапалы заңнамалық қамтамасыз етуді талап ететіні анық", - деді Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Сонымен қатар, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметі туралы жарлыққа қол қойды. Енді Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқарады.

Кім Мәжіліс депутаты болады - толық тізім

Еске салайық, 10 қаңтарда Мәжіліс депутаттарының сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтарда Парламентте үндеу жасайтынын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer