ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
29 июля 2021 | 14:41

Азық-түлік қымбаттауы бірнеше жылға созылуы мүмкін - экономист

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда азық-түлік арзандамайды. Қымбатшылық жылдарға созылуы мүмкін. Экономистер осындай болжам жасап отыр. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда азық-түлік арзандамайды. Қымбатшылық жылдарға созылуы мүмкін. Экономистер осындай болжам жасап отыр. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Экономист Андрей Чеботаревтің айтуынша, елде азық-түлік арзандамайды.  

"Баға өсе береді. Әсіресе ең маңызды азық-түліктер арзандамайды. Дайын болу керек. Себебі бұл бірнеше айға, тіпті жылдарға созылуы мүмкін. Бүкіл әлем бойынша өнімнің қымбаттауы 40 пайызға жетті", - дейді маман. 

Ал сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасы күзде төмендейтінін айтқан болатын. "Баға күзде төмендейді деп күтіп отырмыз", - деген еді министр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

Бірақ халық баға арзандайтынына сенбейтін секілді. 

"Жоқ, сенбеймін, бір көтерілген баға ешқашан түскен жоқ", "Сенбеймін, мүлде сенбеймін, жылда өседі баға", "Қатты сенбеймін", "Қымбаттай беретін шығар керісінше", "Төмендей ме? Ондай ешқашан болмайды", - дейді тұрғындар. 

2021 жылдың 20 шілдесінде келісіне орташа баға мынадай: 

  • Ұн - 250 теңге, +5,7 пайыз
  • Макарон - 366 теңге, +7,6 пайыз
  • Шай - 3675 теңге, +51,6 пайыз
  • Картоп - 182 теңге, +60,9 пайыз
  • Қызылша - 352 теңге, +159,4 пайыз
  • Сәбіз - 296 теңге, +165,7 пайыз
  • Шемішке майы - 739 теңге, +28,5 пайыз
  • Ет - 2100 теңге, +11,7 пайыз.

Мамандар елдегі азық-түлік бағасы неге өскенін түсіндірген. 

"Дағдарыс кезінде әр мемлекет экспортты шектеп, өзінің ішкі қамтылуына баса мән береді. Демек бір елде экспорт тоқтаса, қабылдап алушы елде импорт тоқтайды деген сөз. Ал Қазақстан импортқа тікелей тәуелді ел екені белгілі. Сондықтан бізді ішкі нарықты 100 пайыз отандық өніммен қамту ғана құтқарады", - дейді мамандар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer