Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 декабря 2019 12:56

Дәленов жалпы ішкі өнімнің ненің есебінен өскенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 2019 жылдың қаңтар-қараша қорытындысы бойынша - 4,4 пайызға тең болды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бүгінгі Үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 2019 жылдың қаңтар-қараша қорытындысы бойынша - 4,4 пайызға тең болды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бүгінгі Үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министрдің сөзінше, жалпы ішкі өнімнің өсуіне ең үлкен үлесті қосқан - (3,8 пайыз тармақ деңгейінде) шикізат емес сектор. 

"Онда өңдеу өнеркәсібі көрсетілетін қызметтер секторы және негізгі рөл атқарған. Бұл ретте шикізат секторының үлесі - 0,6 пайыз. Осылайша экономика өсуінің ең көп бөлігі шикізат емес сектор есебінен қамтамасыз етілді. ЖІӨ өсу үрдісі өткен жылы қазан-қарашада 4,1 пайызды көрсеткен. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, 4,1 пайызға өсуімен аяқталды. Ал биыл қазан-қарашада экономиканың өсімі - 4,4 пайыз. Осыған байланысты, желтоқсанда көрсеткіш төмен болмайды деп ойлауға негіз бар", - деп мәлімдеді ұлттық экономика министрі.

Министрдің сөзінше, бұл - экономиканың өсу серпінімен байланысты. 

"Сонымен қатар, экономикада оң көрсеткіштер байқалған. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 8,3 пайызға дейін артты. Қарашада жылдық инфляция - 5,4 пайыз. Халық табысы қаңтар-қазанда 5,7 пайызға өсті. Өнеркәсіп өндірісінде де тұрақты үрдіс сақталған. Қаңтар-қарашада өндіріс көлемі 3,6 пайызға өсті", - дейді Руслан Дәленов. 

Дәленов өңдеу өнеркәсібіндегі өсі 3,8 пайызға дейін жеделдетілгенін атап өтті. 

"Бұл - машина жасауда және формацевтикадағы өндірістің артуына негізделген. Сонымен қатар, кен өндіру өнеркәсібіндегі өсім 3,7 пайыз деңгейінде сақталды. Құрылыс саласында да өсім байқалған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 12,1 пайызға өсті. Пайдалануға 11,1 миллион шаршы метр тұрғын үй берілді. Ал ауыл шаруашылығында әркелкі серпін деңгейі байқалды. Мал шаруашылығы өнімдерін шығару 103,9 пайызға артты. Бұл ретте өсімдік шаруашылығы 3,2 пайызға төмендеді", - дейді министр.

Қазақстанға ең көп инвестиция құятын елдердің тізімі жария болды 

Министр ауыл шаруашылығы саласында аз ғана төмендеу тіркелгенін айта кетті. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, көрсетілетін қызметтер саласында сауда көлемі 7,5 пайызға, көлік 5,6 пайызға және байланыс саласы 4,7 пайызға өскен. 

"Қаңтар-қазанда сыртқы сауда айналымы - 79,1 миллиард доллар. Экспорт көлемі - 47,7 миллиард доллар, ал импорт - 31,4 миллиард доллар. Сонымен қатар, өңірлердегі өнеркәсіп бойынша ауыл шарушылығында Қостанай облысынан басқа аймақтар оң өсім көрсеткен. Құрылыс бойынша 14 өңір, негізгі капиталға инвестициялар бойынша 15 өңір оң нәтиже көрсеткен", - деді министр. 

Сонымен қатар, Руслан Дәленов өңірлердегі инфляция деңгейі мен азық-түлік бағалары бойынша жағдайды анықтап берді. 

"Атырау облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы және Шымкент қаласында инфляция дәліздің жоғары шегінде қалыптасты. Сонымен қатар, бес өңірде азық-түлік тауарлары бағасының жоғарылағаны байқалған. 2018 жылғы 4 желтоқсанға қарағанда биыл 3 желтоқсанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары 12 пайызға өскен. Ең көп өсу Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Қостанай және Жезқазған қалаларында байқалған", - деді Дәленов. 

Дәленов Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің басекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттерді анықтау мақсатында бірқатар шара жүргізгенін атап өтті. 

"Азық-түлік тауарлары нарығына қатысушыларға 194 хабарлама жіберілді. Бүгінде оның 152-сі орындалды. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу мақсатында осы жылдың басынан бері нарық субъектілеріне қатысты 8 тергеу тағайындалып, 34 ескерту жасалды", - дейді министр. 

Руслан Дәленов 11 айлық көрсеткішке сүйене отырып бірқатар ұсыныс жасады. 

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ерекше бақылауға алуғ керек. Екінші, инвестициялық жобалартартылуын іске асыру қажет. Үшінші, шағын және орта бизнесті жандандыру үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалану керек. Келесі жылдан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге мараторий енгізіледі. Сондай-ақ олар үш жыл мерзімге табыс салығынан босатылады", - деп мәлімдеді Дәленов. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети