1. Главная
  2. Узнай
  3. Рынки

"Енді арзандамайды" - сарапшы бензиннің қымбаттауы туралы

  • 11
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Таяуда елімізде бензиннің қымбаттағаны хабарланды. АИ-92 бензині бірден 4-5 теңгеге қымбаттап, 154 теңгеге жеткен болатын. Tengrinews.kz тілшісі мұнай-газ нарығының сарапшысы Сергей Смирновтан алдағы уақытта ол баға сақтала ма, жоқ па және бензиннің қымбаттауына не себеп болғанын сұрап білді.

Сарапшы Смирновтың айтуынша, Қазақстанда бензиннің қымбаттауына басты себеп - акциздердің өсуі. 

Былтыр Ұлттық экономика министрлігіндегілер бензин акцизі, яғни бензиннің өзіндік құны 6 пайызға өсетінін мәлімдеген еді. Ведомство сол кезде бензин акцизінің литріне 10 теңгеге қымбаттайтынын айтқан болатын.

"Бензиннің қымбаттауына басты себеп - акциздердің өсуі. Себебі нарықта акциз өскен кезде баға да бірден өседі. Сондай-ақ, Ресейдегі бензин бағасындағы айырмашылықты айтып өту керек. Онда баға мүлде бөлек. Бірақ енді бізде де бензин бағасы Ресейдегідей болады деп ойлаймын. Бүгінде Ресейде АИ-92 бензині - 255, 17 теңге (41,90 рубль). Дәл сондай болмаса да, көп болса 20-30 теңгеге арзан болар. Дегенмен енді бензин арзандайды деп айтуға негіз жоқ", - дейді сарапшы.

Биылдан бастап көлік жүргізушілері не білуі керек?

Смирнов бензин 2025 жылға дейін қымбаттай беретінін айтады. 

"2025 жылы ЕАЭО-ның бірыңғай энергетикалық нарығы пайда болады деп жоспарланып отыр. Меніңше, қандай жағдай болсын, Қазақстандағы бензиннің бағасы Ресейге тәуелді болады. Сол себепті бензин енді арзандайды деп айтуға болмайды. Алдағы бес жылда бензин тек қымбаттай береді, бірден қымбаттамаса да, біртіндеп бағасы өседі. Министрлік бұл жағдайға әсер ете алмайды, себебі бағаға тек нарық әсер етеді", - дейді ол.