ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
16 апреля 2019 | 16:02

Адамзат жүрек жасауды үйренді ме - Израиль ғалымдары әлем назарында

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© The Jewish Chronicle © The Jewish Chronicle

Израильдегі Тель-Авив университетінің ғалымдары дамыған технологияны пайдалана отырып, адам жүрегін 3D-принтер арқылы басып шығарды. 15 сәуірде әлемдік БАҚ өкілдері бұл жаңалық туралы жарыса жазды. Осыған дейін де адамның дене мүшесінің көшірмесін жасауға ұмтылған ғалымдар болған. Бірақ адамның басты органы болып саналатын жүректі израильдік ғалымдар тек ұқсастырып емес, адам ағзасының шынайы тінін пайдаланып жасаған екен.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Израильдегі Тель-Авив университетінің ғалымдары дамыған технологияны пайдалана отырып, адам жүрегін 3D-принтер арқылы басып шығарды. 15 сәуірде әлемдік БАҚ өкілдері бұл жаңалық туралы жарыса жазды. Осыған дейін де адамның дене мүшесінің көшірмесін жасауға ұмтылған ғалымдар болған. Бірақ адамның басты органы болып саналатын жүректі израильдік ғалымдар тек ұқсастырып емес, адам ағзасының шынайы тінін пайдаланып жасаған екен.

Медицина ғылымына жаңалық әкелген осы зерттеу жайлы Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.   


Видеодан скриншот

3D-принтер басып шығарған тұңғыш жүрек пе?

Әлемнің бүкіл ғалымдары 3D-принтерді қолданып адам мүшелерін жасап шығаруға күш жұмсап жүр. Мұның тұңғыш эксперимент емес екенін айта кетейік, себебі шетелдік БАҚ осыған дейін Швейцария зерттеуші ғалымдарының да 3D-принтер арқылы жүрек жасап шығарғаны жазылған еді. Бірақ ол жүрек силиконнан жасалған. Олар жүректі жасап шығару өте қиын екенін мәлімдеген.

Бірақ соған қарамастан, Израиль зерттеушілері 2,5 сантиметрлі адам жүрегін жасап отыр. Сондықтан адамның ағза мүшесін айна-қатесіз көшіріп жасау арқылы дайындалған бұл органды тұңғыш деуге толық негіз бар. 


REUTERS/Amir Cohen

Жүрек емделушінің май жасушасынан алынып жасалған. Кейін бұл жасушаларды ғалымдар бағана жасушасына айналдырған. Қолдан жасалған бұл ағза да расымен адамның жүрегі секілді соғады екен. Ғалымдардың сөзінше бұл жүректі адам ағзасы қабылдайды. Себебі ол адамның өз жасушасынан тұрады. Бұл ағза да адам жүрегі секілді қан тамырларынан, тіндерді біріктіруші коллаген ақуызынан және биологиялық молекуладан тұрады екен.

"Адам жүрегін толықтай алмастыра алмайды"

Ғылыми журналдағы мәлімет бойынша, бұл жүректі жасап шығару үшін 3D - принтердің сиясы ретінде "адамның гидрогелі" қолданылған. Сия адамның денесінен алынған майлы тіннен тұрады. Жүректі басып шығаруға 3D-принтер 3,5 сағат жұмсаған екен. Тәжірибені жасау барысында ғалымдар ондаған жүректі басып шығарған.

Енді ғалымдар оларды жануарлардың ағзасына ауыстырып орналастырауды жоспарлап отыр. Осылайша мамандар оның кемшіліктерін анықтайтын болады. Бұған қарамастан, мамандар жасанды жүректің адам ағзасындағы жүрек секілді соғатынын мәлімдеді. Ендігі кезекте зерттеушілер оның жасаушаларының тұрақты қызмет жасауын қадағалаумен айналысады. Сондай-ақ мамандар мұндай жүрек адамның жүрегін толықтай алмастыра алмайтынын мәлімдеді.

Жүрек авторлары не дейді?

Осы зерттеудің басты маманы Тал Двир басып шығарылған адамның басты ағзасы жайлы мынадай мәлімдеме жасады:

"Бұл адам жүрегін алдымен жобасын жасап, кейін оны жүрек ретінде жасушалармен, қан тамырларымен, қарыншасымен және камерамен жасап шыққан алғашқы оқиға". 

Оның сөзінше, бұл жүрек науқастың ағзасымен биологиялық тұрғыда сәйкес келеді. Осылайша ағзаның бұл жүректі қабылдауына үлкен әсерін тигізеді. Бірақ сынақ ретінде жүрек тек жануарларға қолданылады. Ғалым басылып шыққан ағзаны адам денесіне орналастыруға әлі тым ерте екенін мәлімдеді. 

"Осындай шағын ағзаны басып шығару үшін миллиондаған жасушалар қолданылған. Ал шынайы жүректің көлеміндей ағзаны басып шығаруға миллиардтаған жасуша жұмсалады. Зерттеулер оң нәтижесін беріп жатса жүректің кейбір бөліктерін басып шығарып, оны адамның жүрегіндегі жарамсыз бөліктерімен алмастыруға болады", - дейді Тал Двир.

Осылайша ғалымдар бұл зерттеу оң нәтиже көрсетіп жатса, болашақта кез келген адамның ағзасын басып шығару арқылы донорлық көмектен де тиімді тәсілді қолдануға болатынын мәлімдеді. Алайда бұл үшін 10 жылдан аса уақыт қажет екен.

Еске салайық, 2018 жылы Американың ғалымдары 3D-принтерді қолдану арқылы аяқтары жоқ африкалық бақаларға аяқ басып шығарған. Ол кезде ғалымдар кремниді қолданқан еді. Нәтижесінде 9 айдың көлемінде олардың қан тамырлары мен сүйек тіндері қалпына келген. Бірақ бақалардың табандары табиғи түрде қалыптаспаған болатын. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 524  course up  545.51  course down  5.07  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer