Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 октября 2018 20:48

Дәрігер бала көтере алмай жүрген келіншектерге кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салтанат Байқошқарова. © Видеодан скриншот Салтанат Байқошқарова. © Видеодан скриншот

Бүгін 7 арнадағы "Кеш көтеру қыздарға қауіпті ме?" тақырыбы талқыланды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 7 арнадағы "Кеш көтеру қыздарға қауіпті ме?" тақырыбы талқыланды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламаға танымал гинеколог, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова келді. Салтанат ханым жасанды ұрықтандыру, ана мен бала денсаулығы жайлы өз ойын білдірді.

"Барлығы менен емес дейді, күйеуі әйеліне жабады, әйелі күйеуіне жабады. Ол күнделікті болып жатқан процесc. Бұл дұрыс емес, сауат, білім мен ғылым заманы болған соң дәрігерге келіп тексерілген дұрыс. Бір тексерістен кейін-ақ барлығы белгілі болады. Алматыда, Таразда мамандар бар. Егер бір жылда жас әйел бала көтермесе, онда дәрігерге қаралуы тиіс. 12 айдың ішінде әйел бала көтермесе - бұған жалпы бедеулік деп диагноз қойылып, ары қарай себебін анықтау үшін зерттеулер жүргізіледі. Репродуктолог мамандар болмаса, кез келген жерде гинеколог дәрігерлер бар. Қарап отырмай бір жылдан соң тексерілген дұрыс", - дейді Салтанат Байқошқарова.

 

Бағдарламаға арнайы шақыртылған уролог маман елімізде ер адамдардың осы мәселеге немқұрайлы қарайтынын айтады. 

"Ең басты себеп: 30 пайызы жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциялар, содан өтетін қабыну процестері, қуық асты безі. 80-90 пайыз ер адам латентті (жабық ағу) түрде өтеді - бұл дегеніміз ер адамдар уролог мамандарға қаралмайды, яғни өзінде ауру барын да білмейді", - дейді Арман Мұхитұлы.

Айнаш Жетпісбаева - Павлодар қаласынан арнайы келді. Тұңғыш баласын 15 жыл бұрын күткен. Ол ЭКО-ның көмегімен 35 жасында босанғанын айтады. 

4 жыл бұрын Ләйлә Сұлтанқызы жүргізген бағдарламалардың біріне "бала сүйгім келеді" деп хат жолдап, арнайы ұрықтанудың көмегімен бала көтерген Айнаш Жетпісбаева ұлы Нұрыммен қонақта болды. Бүгінде Нұрымның жасы 2-де.

Бағдарламаға 5 баланың анасы Бақыт Жанбекова келді. Тұңғышының жасы 18-де болса, кенжесіне бүгінде 6 ай. Бақыт кенжесін 44 жасында босанған. 

"Төртінші баламды 1-ден асқан жасында емізіп жүріп, күтпеген жерден бесіншісін көтергенімді аңғардым. Бала көтере алмай жүргендер бар ғой, дүниеге келетін әр баланың өз нәсібі бар. Үлкен балам 18-де, ал кішкентайым алты айдан асты", - дейді Бақыт Жанбекова.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Ертең сағат 15:00-де "Қазақстан қарулы күштері күшті ме?" тақырыбын Жетінші арнадан көре аласыз.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети