ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
06 ноября 2019 | 13:44

Дәрігер таңғы ас ішпейтіндерге қандай қауіп барын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Медицина мамандарының айтқанына сүйенсек, таңғы астың денсаулыққа пайдасы мол. Таңғы ас организмдегі зат алмасу процесін жақсартады. Бірақ таңғы ас ішпейтіндердің асқазан-ішек аурулары, гипертонияға дейін шалдығу қаупі зор делінеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне гастроэнтеролог, терапевт Лаура Кемелбек айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Медицина мамандарының айтқанына сүйенсек, таңғы астың денсаулыққа пайдасы мол. Таңғы ас организмдегі зат алмасу процесін жақсартады. Бірақ таңғы ас ішпейтіндердің асқазан-ішек аурулары, гипертонияға дейін шалдығу қаупі зор делінеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне гастроэнтеролог, терапевт Лаура Кемелбек айтып берді.

Дәрігердің айтуынша, таңертең міндетті түрде өт қабының жұмысын ретке келтіріп, барынша пайдалы тағам жеу керек.

"Қазіргі таңда таңғы ас ішпейтіндер көп, тек жастар емес. Әсіресе, таңғы ас ішпей, кофе ғана ішетіндер көп. Кофенің ешқандай пайдасы жоқ, әсіресе, гипертониктерге, холецистит және өт-тас ауруларына шалдыққандардың кофеден бас тартқаны жөн. Үнемі осындай режиммен жүрген адамның балансы бұзылады. Организм өмір сүруге қажетті барлық дәруменді, энергетикалық ресурсты жеп қойып, нәтижесінде адамның басы ауырады немесе кішкене лоқсуы да мүмкін. Сол себепті қанда глюкозаның мөлшерін бірқалыпты ұстау үшін және түрлі аурулардың алдын алу үшін таңғы уақытта тамақтан жөн", - дейді дәрігер.

Маманның айтуынша, таңертең ағза қажет энергияны алмағандықтан, күні бойы барлық минерал мен дәруменді "жеп қояды да" әлсіздік пайда болады. Ал таңғы ас ішкісі келмей, тәбеті болмайтындарға дәрігерге көрінуге кеңес береді. Айтуынша, бұл - гастриттің алғашқы белгілерінің бірі.

Осы ретте гастроэнтеролог таңғы ас ішпеудің басты қауіптерін атады.

"Таңертең тамақтанбай, бірнеше сағат аш жүргенде іш қабығы тұз қышқылына немесе өтке толып, іші қатып қалады. Нәтижесінде асқазанға өзін-өзі қорытуға тура келеді де, асқазан қыжылдай бастайды. Бұдан бөлек, ішек қызметі бұзылады. Ішек қызметі дұрыс жүруі үшін таңертең міндетті түрде тамақтану керек. Әйтпесе, дисбактериоз, іш қату, іш кебу сияқты проблемалар болуы мүмкін", - дейді Лаура Кемелбек.

Гастроэнтеролог таңғы ас ішу немесе ішпеудің пайдасы жайлы айтылатын қате пікірлерді де атады.

"Қызығы, көбі таңғы аста тоя тамақтанып алу керек деп санайды. Бұл қате пікір, расында олай емес. Себебі инсулин ағзада өте аз болады, сондықтан адамның 3-4 сағатта қарны ашып қалады. Әр адамның физиологиясы әртүрлі болғанымен, тоя тамақтану организмге кері әсерін тигізеді", - деді ол.

Тағы бір қате пікір, оның айтуынша, күнделікті таңғы ас ішетіндер салмақ қоспайды.

"Бұл ең көп таралған қате пікір, көбі таңғы уақытта тоя тамақтанып, кейін тамақ ішпей, су ішіп жүреді. Олар осылай арықтаймын деп ойлайды. Ол үшін жалпы тамақтану тәртібі 100 пайызға дұрыс болуы керек, оның барлығын диетолог жазып береді. Сондықтан метаболизмге кедергі келтірмей және иммунитетті әлсіретпей, күнделікті уақтылы тамақтанған жөн", - дейді терапевт.

Сондай-ақ, дәрігер қазақстандықтардың көбі таңғы асқа сүт өнімдерін көбірек пайдаланған жөн деп санайтынын айтады. Бірақ гастроэнтеролог таңғы уақытта аш қарынға көп мөлшерде сүт тағамдарын жеу іштің кебуіне әкеп соғатынын айтады. Оның айтуынша, сүт тағамдарынан басқа, кептірілген жемістерді жеуге болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети