ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
23 февраля 2022 | 17:21

Жыл сайын қандай анализдерді тапсыру керек? Неміс терапевтімен сұхбат

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Амир Надери, Германияның медицина докторы Амир Надери, Германияның медицина докторы

ДДСҰ мәліметінше, былтыр әлем бойынша 20 миллионға жуық обыр ауруы тіркелген және оның тең жартысы дер кезінде анықталмай, қайғылы жағдаймен аяқталған. Мұны медицина мамандары бір ауыздан диагностиканың кеш жасалуымен байланыстырады. Германияның жоғары санатты терапевті, медицина докторы Амир Надери Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында денсаулықты бақылау үшін жыл сайын қандай анализдер тапсыру керегін айтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ДДСҰ мәліметінше, былтыр әлем бойынша 20 миллионға жуық обыр ауруы тіркелген және оның тең жартысы дер кезінде анықталмай, қайғылы жағдаймен аяқталған. Мұны медицина мамандары бір ауыздан диагностиканың кеш жасалуымен байланыстырады. Германияның жоғары санатты терапевті, медицина докторы Амир Надери Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында денсаулықты бақылау үшін жыл сайын қандай анализдер тапсыру керегін айтты.

Дәрігер жұрт өз денсаулығына жауапкершілікпен қарамайтынына қынжылады. Оның айтуынша, жыл сайынғы диагностика - адам денсаулығының басты кепілі. 

"Бүгінде, өкінішке қарай, денсаулық индексі мыңдаған себепке байланысты бірнеше ай сайын өзгеріп отырады, яғни адамзат бір жыл ішінде кемінде 10 аурумен бетпе-бет келеді. Оның ішінде инфекциялық, вирустық аурулар да бар, сондай-ақ, созылмалы аурулар мен обыр аулары да аз кездеспейді. Мұның басты себептері де белгілі, бұл адамзаттың өз денсаулығына немқұрайды қарайтынын анық көрсетеді.

Кез келген аурудың алдын алатын жалғыз жол - тұрақты медициналық тексеру. Бар болғаны қандай зерттеулерден өту керек және қаншалықты жиі тест тапсыру керек екенін білсек жеткілікті. Ятрофобияға жол жоқ екенін кесіп айтқым келеді. Психологияда анализ тапсырудан жүрексінетін және дәрігердің көмегіне жүгінуден бас тартатын фобия бар. Біз бұл ұғымнан толықтай арылып, ақпараттық қолдау жасауымыз қажет", - дейді ол.

Амир Надери ең алдымен маңызды деген ТОП-3 анализге тоқталды. 

"Жыл сайын тапсырылуы керек ең маңызды сынақтар қатарына жалпы қан анализі, зәр анализі және биохимиялық қан анализі жатады. Егер пациент қандай да бір аурумен диспансерлік есепте тұрмаса, олардың әрқайсын жылына кемінде бір рет тапсыруы қажет", - дейді маман.

Сондай-ақ, терапевт бұл анализдерді неге ерекше атап өткенін түсіндіріп, олардың әрқайсына анықтама берді.

"Жалпы қан анализі анемия және жасушалық иммунитеттің бұзылуын жедел анықтайды. Сонымен қатар, бұл талдаудан кейін жалпы және созылмал қабыну жолдары бірден байқалады. Мұның нәтижесінде адам ағзасындағы кез келген қатерді оңай әрі жедел анықтауға болады.

Ал биохимиялық қан анализі ағзадағы органдар мен басқа да мүшелердің жұмысын егжей-тегжейлі көрсетеді. Мәселен, бұл анализде өлшенетін билирубин бауырдың қызметін тексереді. Одан кейін глюкоза деңгейі қант диабетінің бар-жоғын анықтаса, амилаза ұйқы безінің жұмысын қадағалайды.

Жалпы зәр анализіне келетін болсақ, ол дененің тұрақты жағдайын көрсетеді. Бүйректің қалай жұмыс істеп тұрғанын, онда жиналған тастың кері әсерін бақылайды.
 
Осы үш анализдің арқасында адам бойындағы барлық қауіпті проблемаларды дер кезінде білуге болады", - деп жеткізді дәрігер. 

Ары қарай шетелдік терапевт аспаптық зерттеулердің маңызы туралы сөз қозғады. 

"Өкпе қатерлі ісігі және туберкулез сияқты емі ауыр, өлімге әкелетін аурулар ұзақ уақыт бойы симптомсыз өрбуі мүмкін. Сондықтан кемінде бір рет флюорографиялық тексеруден де өту керек. 

Еш жеріңіз ауырмаса да, жыл сайын электрокардиограмма артық болмайды. Бұл жүректің ырғағын зерттеп, оның миокард инфарктісі мен ишемиялық ауруға бейімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Жүрек аурулары егде жаста ғана пайда болады деп қателесуге болмайды, неге десеңіз, инсульт пен инфаркт жыл өткен сайын "жасарып жатыр".

Тері жағдайын тексеретін анализдерді де ұмыт қалдырмаған абзал. Қатерлі ісік көп жағдайда теріде кездеседі. Сонымен қатар, теріде пайда болған биологиялық не физиологиялық элементтер арқылы көптеген аурудың диагнозын қоюға болады. Әсіресе, бойында дағы көп адамдарға ерекше ескерту жасағым келеді.

Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды елемейміз. Жыл сайын АИТВ жұқтыратындардың саны екі миллионнан асып жатыр. Бұл сұмдық статистика екенін түсінесіздер деп ойлаймын. Одан бөлек, жүздеген венерологиялық аурулар бар. Бұл тестілерді жыныстық қатынастың жилігіне байланысты тапсыру керек", - дейді Амир Надери.

Әңгімелескен Мұхтар Жәмішжанов

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer