ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
02 июня 2021 | 17:23

Қытайда тағы бір ауру алғаш рет адамға жұқты. Ол қандай вирус?

Сандуғаш Сұлтан
Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Қытайда әлем бойынша бірінші рет H10N3 вирусы адамға жұқты. Бұл жаңалық тараған сәттен бастап әлеуметтік желілерде түрлі пікір жазылып, тіпті қорқынышын білдіргендер байқалды. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі ол қандай вирус, жұғатыны не жұқпайтыны туралы баяндайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қытайда әлем бойынша бірінші рет H10N3 вирусы адамға жұқты. Бұл жаңалық тараған сәттен бастап әлеуметтік желілерде түрлі пікір жазылып, тіпті қорқынышын білдіргендер байқалды. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі ол қандай вирус, жұғатыны не жұқпайтыны туралы баяндайды.

H10N3 - штамм

H10N3 - құс тұмауының бір штамы. Бұған дейін әлемде H10N3 вирусының адамға жұққаны туралы дерек тіркелмеген.

Ашық дереккөздердегі мәліметтерге қарағанда, жалпы құс тұмауы адамға сирек жұғады. Сонымен қатар, H10N3 вирусы құстар арасында төмен патогенді болып саналады. Сарапшылардың пікірінше, бұл вирус адамға кездейсоқ жұққан және жаппай таралу қаупі өте төмен.

Ұзақ жылдар бойы әлемдік медицина құс тұмауымен тек жануарлар ауырады деп келген, алайда 1997 жылы Гонконгта адамдар арасында құс тұмауы тіркелді. Ауру өте ауыр өтіп, науқастардың жартысынан көбі қайтыс болған. Көп жағдайда вирус адамдарға ауру құстардан беріледі, бірақ адамдар арасында тарай алмайды. Бірақ мутация нәтижесінде вирус адамнан адамға жұғу қабілетіне ие болуы әбден мүмкін.


Фото: Reuters

 Вирус саңғырықта 3 ай өмір сүреді

Құс тұмауы адамға жұқса миды, бауырды, бүйректі және өзге де ішкі органдарды зақымдауы мүмкін. Ол адамның тұмау вирусына қарағанда қоршаған ортада ұзақ жүре алады, мысалы, құстың саңғырығында - 3 айға дейін, суда - 4 күн және төмен температураға жақсы төзеді, дезинфекциялау құралдарының әсерінен оңай өледі.

Құс тұмауы өте өзгермелі ауру, ол қоныс аударатын құстарда көп кездеседі. Адамға ауру құстарды ұстау кезінде жұғуы мүмкін, мысалы, құс фабрикаларында, жеке аулада немесе ауру құстың саңғырығын ұстаған қол арқылы да адамға жұғады. Адамға жұққан құс тұмауы ЖРВИ сияқты жеңіл инфекция түрінде өтуі мүмкін. Егер ауыр өткен жағдайда пневмония, септикалық шок және тыныс алу жеткіліксіздігі қосылып, өлімге әкелуі мүмкін.


Фото: scmp.com

Айта кетейік, әлемде бірінші рет H10N3 жұқтырған ер адам 41 жаста, Қытайдың Цзянсу провинциясының тұрғыны. 23 сәуірде оның дене қызуы көтеріліп, құс тұмауында болатын өзге симптомдар байқала бастаған. Науқастың жағдайы 28 сәуірде нашарлап, ол ауруханаға түскен. Қытайдың ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы 28 мамырда Цзянсудағы науқастан алынған сынамалардың геномы бойынша тізбегін жүргізіп, H10N3 вирусы расталған.

Қытай мамандары бұл штамның адамдарға жұқпайтынын хабарлаған, алайда онымен жақын байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды, әзірше олардан ауру белгілері байқалмайды, ал науқас жақын күндері үйіне шығарылады.

H10N3 штамы алғаш рет 1979 жылы Гонконгта, 2011 жылы Таиландтағы базарда тіркелген. Мамандар сақтық шаралары ретінде ауру құстарға жоламауға, сондай-ақ мүмкіндігінше құстармен байланыс жасамауға, тамақтану гигиенасына назар аударып, қорғаныс шараларын қолдануға кеңес беріп отыр.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer