ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
28 августа 2018 | 17:34

Мектеп жасындағы қызға анасы не жайлы айтуы тиіс - Дәрігер кеңестері

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Көп жағдайда қоғамда баланың дамуы мен жетілуі туралы ашық сөйлесу ұят деген түсінік қалыптасқан. Кейбір ата-аналар оған аса мән бермейтін болса, басқалары баламен ондай әңгімені қозғауға тіпті қысылып жатады. Бұл ретте ананың өсіп келе жатқан қызымен сөйлесіп, қажетті дүниелерді түсіндіріп өтуі өте маңызды екенін ескеру керек. Осы орайда гинеколог Жанаргүл Тасқынбаева Tengrinews.kz тілшісіне аналардың өсіп келе жатқан қыздарымен қандай тақырыптарда ұялмай сөйлесу қажеттігі жайлы айтып, кеңестерін берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Көп жағдайда қоғамда баланың дамуы мен жетілуі туралы ашық сөйлесу ұят деген түсінік қалыптасқан. Кейбір ата-аналар оған аса мән бермейтін болса, басқалары баламен ондай әңгімені қозғауға тіпті қысылып жатады. Бұл ретте ананың өсіп келе жатқан қызымен сөйлесіп, қажетті дүниелерді түсіндіріп өтуі өте маңызды екенін ескеру керек. Осы орайда гинеколог Жанаргүл Тасқынбаева Tengrinews.kz тілшісіне аналардың өсіп келе жатқан қыздарымен қандай тақырыптарда ұялмай сөйлесу қажеттігі жайлы айтып, кеңестерін берді.

1. Қыз баланың жетілу сатылары

Жетілудің екі сатысы бар: 13-14 жасқа дейінгі препубертатты және 16-18 жасқа дейінгі пубертатты. Бірінші сатыда бой өсуі тезделеді, дене салмағы ұлғаяды, аяқтары өседі. Ал екінші сатысында сүт бездері ұлғайып, ішкі және сыртқы жыныс ағзалары өзгеріске ұшырайды.

Яғни, осы кезеңде қыздарда мынадай өзгерістер пайда болады: жыныс мүшелері дамып, сандары жұмырланады, аналық бездері аналық жасушаларды өндіріп шығара бастап, жыныстық жетілудің соңғы сатысында етеккір басталады. Бұл кезеңде анасы қызымен етеккір циклі жайлы сөйлесуі керек. Етеккір жыныс мүшелері жетілген кезде басталып, климакстық кезеңге дейін созылып, ай сайын қайталанып отырады. Алғашқы етеккір көбіне 1315 жас аралығында келеді. Маманның сөзіне сүйенсек, етеккір келгенге дейін қыз баланы алдын ала дайындау керек. 

Айтуынша, ең бастысы қыз баланың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне мән беру маңызды.

2. Міндетті түрде гигиена сақтауға үйрету керек

Күнделікті сусабын және сабын қолданып шомылуға, арнайы дезодоранттар қолдануға үйрету қажет.


© pixabay.com

Мысалы, кейбір отба­сыларда жуынатын заттарды ортақ пайдаланады, киімдерін де бірге жуады. Ал дұрысында әркімнің өз сабыны, щеткасы, езу құралы болуы керек. Тіпті киім жуатын құтыларды пайдаланғанда оны тазартқыш заттармен жақсылап жуып алғаны дұрыс.

3.  Контрацепция (мүшеқап пен арнайы дәрі-дәрмектерді тек дәрігердің кеңесінен кейін қолдану қажет) жайлы хабардар ету

Контрацепция - уақытша түрде ұрықтандыруды болдырмайтын әдістердің бірі. Контрацепцияның сенімді түрде таңдау үшін бірінші кезекте міндетті түрде дәрігермен ақылдасқан жөн. Себебі оның салдарынан түрлі жыныс аурулары таралуы мүмкін екен.

Соңғы уақытта контрацепцияның түрлі әдістері қолданылады. Мысалы, жедел контрацепция, барьерлік контрацепция, хирургиялық және тағы басқа әдістері.

4. Бойжеткендерге дәрумен терапиясын қабылдап тұру керек

Гинекологияда витаминдерді қыз баланың ағзасындағы гормон ауытқуы алдын алу үшін қабылдайды. Оған бірден-бір қарапайым мысал ретінде етеккір циклының бұзылуын айтуға болады. Осы кезеңде С дәруменін қабылдау керек. Ол жалпы етеккір процесін ретке келтіріп, эстроген мөлшерін көбейтеді. 

Сондай-ақ, E дәруменінің пайдасы зор екені айтылады. Е дәрумені профилактин гормонын азайтып, етеккір циклінің бұзылуын және бедеуліктің алдын алады екен.

5. Қыз баланы жоспарлы түрде тексерістен өткізіп тұру қажет

Бүгінде ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) ешқандай ауырсыну әкелмейтін және инвазив емес (яғни жаракатсыз, тәнге енбейтін) әдіс болғандықтан, медицинада кеңінен қолданылады.


© pixabay.com

Гинекологтың айтуынша, қыз балаға міндетті түрде жалпы қан талдауы, несеп талдауы, төс қуысы рентгені, бүйрек, жүрек УДЗ (Ультрадыбыстық зерттеу) диагностикасынан өтіп тұру маңызды.

Жатыр УДЗ-сы ауытқуларды ерте бастан анықтауға көмектеседі. Мысалы, қосарланған жатыр немесе екі қынаптың болуы, кейбір жағдайларда екі жатыр мойыншағы болуы мүмкін.

6. Денсаулыққа зиян келтіретін киімдер кимеу

Маманның сөзіне қарағанда, тар ішкиімдер - стринг киюдің қажеті жоқ. Оның айтуынша, стрингтер түрлі инфекцияларды тасымалдайды. Нәтижесінде тері қабынып, бактериялар пайда болу қаупі бар.

Бұдан бөлек, маман әсіресе жас қыздарда дәретханадан кейін ішкиімнен немесе сүлгіден-ақ түрлі жыныстық аурулар таралуы мүмкін екенін айтып өтті. 

Гинекологтың айтуынша, қыз балаға тек ана болып қана қоймай, құрбысы әрі сырласы болу маңызды. 

Сондай-ақ, Жанаргүл Тасқынбаева бойжеткен қыздарға психология оқып, өздерін тұлға ретінде дамытып, түрлі шеберлік сағаттарына барып, таланттарын шыңдай түсуге кеңес берді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer