ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
25 апреля 2019 | 16:42

Онколог сүт безі қатерлі ісігінің басты белгілерін атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, елімізде соңғы 20 жылда қатерлі ісік аурулары көбейген. Ведомство басшысы көп жағдайда өкпе ісігі, асқазан ісігі мен сүт безі ісігінің өлімнің басты себебі болатынын айтқан. Расында да, былтырғы статистикаға сүйенсек, Қазақстан сүт безі қатерлі ісігі ең көп тараған елдердің тізімінде бірінші орында тұр. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, елімізде соңғы 20 жылда қатерлі ісік аурулары көбейген. Ведомство басшысы көп жағдайда өкпе ісігі, асқазан ісігі мен сүт безі ісігінің өлімнің басты себебі болатынын айтқан. Расында да, былтырғы статистикаға сүйенсек, Қазақстан сүт безі қатерлі ісігі ең көп тараған елдердің тізімінде бірінші орында тұр. 

Маммолог-онколог Марс Төлебаев Tengrinews.kz тілшісіне көзге аса байқала бермейтін бұл дерттің басты белгілері қандай екенін айтып берді. Маманның айтуынша, мұндай қорқынышты статистика бүгінде әйелдер арасында пластикалық ота жасату сәнге айналуына байланысты. Мұндай операция сүт безі қатерлі ісігін туғызатын көп фактордың бірі.

Оcы ретте онколог дерттің әрбір әйел адам назар аударуы қажет алты белгісін атап берді. 

"Ең бірінші кезекте омырауға, яғни олардың көлеміне назар аударған жөн. Әдетте, ісіктің бірінші белгісі - бір омырау екіншісінен үлкендеу болады, яғни асимметриясы әртүрлі. Ол сырт көзге байқалады. Екінші назар аударатын жайт, төстің тығыздалып, одан белгісіз бір сұйықтың бөлінуі. Үшіншіден, омыраудың ішке қарай тартылып, бұрмалануы. Бұл да сүт безі қатерлі ісігінің басты белгілерінің бірі. Төртіншісі - терінің өзгеруі. Мұндай кезде әйелдердің терісі апельсин қабығына ұқсас болады. Бесінші белгісі - қолтық астында ісіктің пайда болуы. Онда түсініксіз жара пайда болуы мүмкін. Ол аса байқалмаса да, қатерлі ісік дәл сол жерден басталады. Алтыншыдан, шеткі лимфа бездерін ұстап көру керек, оны дәрігер анықтайды ", - дейді Марс Төлебаев.

Онкологтың айтуынша, сүт безі тіндері омыраудан бастау алып қолтыққа дейін барады. 

Бүгінде түрлі пластикалық оталардың, әсіресе, омырауды үлкейткісі келетін қыз-келіншектердің саны артып жатқанын айта кету керек. Бұл сүт безі қатерлі ісігінің пайда болуына әсерін тигізуі мүмкін бе? Бірақ, онкологтың айтуынша, барлығы адамның өзіне байланысты, дегенмен ісіктен бүгінде ешкім қорғанбаған.

"Барлығы әйел адамның генетикасына байланысты. Нақты статистика жоқ. Мысалы, ол баласын ұзақ уақыт бойы емшектен шығармай жүрсе, ол ісіктен басқаларға қарағанда көбірек сақтанады деуге болмайды. Барлығы әр әйелдің өзіне байланысты - генетикасына, кезінде алған жарақаттарына, сыртқы факторларға байланысты. Кейбір оталар төсті тілу арқылы жасалады. Иә, ондай ота бала емізуге кері әсерін тигізіп, ісіктің пайда болуына әкелуі мүмкін. Ал қолтық астымен жасалған отада имплант омырау бұлшықеттерінің астына орналасып, денсаулыққа ешқандай әсерін тигізбейді", - дейді Марс Төлебаев.

Дәрігер сүт безі қатерлі ісігі өскен сайын оның жүйке жүйесі құрылысына тікелей әсер ететінін ескертті. Осыған байланысты маммолог кем дегенде аптасына бір рет айна алдында осы белгілердің бар-жоғына назар аударуға кеңес береді. Ал сүт безі ісігінің қатерлі немесе қатерлі емес екенін анықтау үшін, дәрігердің айтуынша, биопсия (аурудың сипатын анықтау үшін науқас адамның зақымданған тінін кесу) жасап, оны микроскоппен қарау қажет. Ал оның қатерлі екенін анықталып жатса, тін гистологиялық зерттеу әдісімен тексеріледі.

Оқи отырыңыз:

Онкологиялық аурудың алдын алу: Дәрігердің кеңестері

Онколог қатерлі ісіктің алғашқы басты белгілерін атады

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer