ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
11 октября 2021 | 10:50

Pfizer вирусологы жүкті әйелдер мен балалар екпесі туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кент Хантер, Pfizer корпорациясының вакциналар ғылыми тобының директоры Кент Хантер, Pfizer корпорациясының вакциналар ғылыми тобының директоры

Коронавирусқа қарсы екпеге байланысты сұрақтар әлі де толастаған жоқ. Кейінгі 3 айдың өзінде COVID-19 індетінің бірнеше жаңа штамы табылды. Вакцинацияға салғырт қарап, сенімсіздік танытып жүргендер де аз емес. Tengrinews.kz тілшісі америкалық вирусолог, Pfizer фармацевтика компаниясының вакциналар ғылыми тобының директоры Кент Хантермен сұхбаттасып, коронавирусқа қарсы екпе жайында сұрады.


Иконка комментария блок соц сети

Коронавирусқа қарсы екпеге байланысты сұрақтар әлі де толастаған жоқ. Кейінгі 3 айдың өзінде COVID-19 індетінің бірнеше жаңа штамы табылды. Вакцинацияға салғырт қарап, сенімсіздік танытып жүргендер де аз емес. Tengrinews.kz тілшісі америкалық вирусолог, Pfizer фармацевтика компаниясының вакциналар ғылыми тобының директоры Кент Хантермен сұхбаттасып, коронавирусқа қарсы екпе жайында сұрады.

Кент Хантер АҚШ-тың Батыс Виргиния штатындағы Моргантаун қаласында туған. Биыл фармацевтика саласында жүргеніне 35 жыл толады. Ал Pfizer-де 2000 жылдан бері түрлі қызметті атқарып келеді. Кейіпкеріміз 2014 жылы биофармакологияда Нобель сыйлығымен тең бағаланатын Prix Galien премиясын жеңіп алған команданың ғылыми жетекшісі ретінде танымал.  

"Жақында коронавирустың соңғы нүктесі қойылады"

Оның айтуынша, BioNTech пен Pfizer компанияларының бірлескен өнімі коронавирусты біржола жояды.

"Пандемияны ауыздықтай алатын вакцина бар болса, ол - Pfizer, өйткені біздің екпенің құрамында тірі вирустар жоқ. SARS-CoV-2 вирусының маңызды генетикалық кодтарынан ғана тұратын Pfizer иммунды жүйеге дер кезінде сигнал береді және ағзаның зат алмасу процесіне кедергі жасамайды. Жақын аралықта Pfizer 2 жылға созылған коронавирусқа қарсы соғыстың соңғы нүктесін қоюы мүмкін", - деп сөзін бастады ол.

"ДДСҰ біздің вакцинаны бірінші мойындап, ерекше статуспен айшықтады. Содан кейін әлемнің түкпір-түкпірінен тапсырыс берген мемлекеттер қатары арта берді. Бұл бізге артылған сенімді білдірсе керек. Қазір біздің қызметкерлер күн сайынғы ауысыммен жұмыс істеп жатыр", - дейді Хантер.

Pfizer вакцинасының ерекшелігі

Хантер Pfizer екпесінің өзге вакциналардан артықшылығын атады.

"Клиникалық сараптамалар Pfizer екпесінің 12 жастан асқан адамдарға аса тиімді екенін көрсеткен еді. Екі компонентті толық алған адамдарда коронавирус жұқтыру қаупі вакциналанбағандарға қарағанда 97 пайызға төмен болады. Сондай-ақ, екпе 65 жастан асқан адамдарға да, созылмалы ауруы барларға да бірдей тиімді әсер етті. Әзірше мұндай нәтижеге ешқандай зертхана қол жеткізген жоқ", - дейді америкалық вирусолог.

Оның айтуынша, тіпті, мақтаулы Pfizer-дің өзі де 100 пайызға кепілдік бере алмайды.  

"Десе де, ешқандай вакцина толықтай тиімді емес, сондықтан вакцинациядан кейін коронавирус жұқтырып ауырмаймын деген түсініктен арылу қажет. Вакциналанған адам да вирусты басқаларға тарата алады. Осы тұста адамдардың өз денсаулығына асқан жауапкершілікпен қарауы маңызды", - деді ол.     

Екінші рет COVID-19 анықталса...

Америка вирусологы екпе алып, коронавирусты қайта жұқтырғандар туралы да айтып берді.

"Pfizer әуел бастан-ақ 97 пайызға тиімді екендігін мәлімдеді. Бұл жерде қалған 3 пайызын бірнеше классификацияға бөліп қарастыруымыз шарт. Біріншіден, барлық адамның ағзасы біркелкі емес. Екпе тікелей адамның денсаулығына байланысты әсер етеді. Екіншіден, кейде дәрігерлер пациенттен тиісті анкетаны дұрыс алмай, екпені оңды-солды сала береді. Байқасаңыздар, екінші рет ауырған адамдардың басым бөлігіне екпе салынбауы керек болған", - деді ол.

Екпе кімдерге әсер етпейді?

"Кейінгі 6 ай ішінде онкологиялық дертке шалдыққандар мен АИТВ инфекциясы кеш анықталғандар және иммундық жүйесі қандай да бір ауруға бейім пациенттерге коронавируқа қарсы вакцина тиісті деңгейде әсер етпейді. Ал қалған жағдайда вакцина адам ағзасының тез қалыпқа келіп, вирусты жеңуіне көмектеседі", - деп сендірді Кент Хантер.

Жүкті әйелдер мен балалар екпесі

Хантердің дерегінше, Pfizer 5 мыңға жуық баланы зерттеу нысанына алыпты.

"Біз жүргізген зерттеудің нәтижесінде балалардың екпені жеңіл қабылдайтынына көз жеткіздік. Оларға 12 жастан асқан балаларға арналған екпе салынды. Тек дозасын азайттық. Ал екі компоненттің арасындағы интервал тура 3 апта болды. Әртүрлі жастағы балаларда пайда болған антидене деңгейі бірдей боп шықты. Бұл керемет жетістік. Енді балалар да тіршілікке емін-еркін араласа береді", - дейді ол.

Америкалық дәрігер аяғы ауыр әйелдерге ерекше көңіл бөлген дұрыс деп санайды.

"Көптеген елде жүкті әйелдердің вакцинациясы бойынша нақты шешім қабылданған жоқ. Бұл жағдайда әр пациентке индивидуал көзқарас қажет, өйткені жүкті әйелдерде коронавирус белгілері симптомсыз жүреді. Бәрінде болмаса да, көбі өзінің ауырып жүргенін байқамайды. Ал COVID-19 асқынғанда аяғы ауыр әйелдерді емдеу оңайға соқпайды. Десе де, оларға кез келген екпе сай келе бермейді. Бүгінде арнайы зерттеуден өткен Pfizer және Moderna вакциналарын ғана ұсына аламын", - деді ол.       

Вакцинация туралы фейктер

Кент Хантердің сөзінше, қарапайым адамдар тұрмақ, ғалымдардың өздері де жалған ақпарат таратып жүр.

"Вакцинация - коронавирусты жоюдың ең тиімді жолы. Тіпті, осыны әлі күнге дейін қайталаудың өзі ұят екен. Алайда ешкімге кінә таға алмаймын. Арамызда бірнеше ғылыми дәрежесі, қос-қос халықаралық атағы бар ғалымдар да қоғам ішінде іріткі салып, негізсіз тұжырымдама жасап жүр. Соның қатарындағы ең сұмдығын айтайын. "Pfizer вакцинасы әйелдерді бедеулікке әкеледі" деп талай деп жерде шулады. Біздің ғылыми негіздеме миллиондаған сынақтардың нәтижесінде жасалады. Сонымен қатар, екпені қолданысқа енгізбей тұрып, Pfizer ғалымдары оның барлық жанама әсерлерін 30 рет тексеріп шықты.

Жүздеген не мыңдаған адамға жоспарланған қастандық жасалуы мүмкін, бірақ миллондаған халықтың өлімі ешкімге де пайда әкелмейді. Бұл жалған түсінік. Қайталап айтамын, адам - қоғамның басты күші. Осыны ұмытпайық. Қазір медицинаға сенбесек, ертең тым кеш болады", - деп сөзін аяқтады ол.       

Әңгімелескен: Мұхтар Жәмішжанов
Cуреттер Кент Хантердің жеке мұрағатынан

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 497.18   525.54   4.97 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети