СКАЧИВАЙТЕ НАШЕ ПРИЛОЖЕНИЕ

"Семіріп кетеді". Дәрігер кешкі ас ішпейтіндерге қандай қауіп барын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Көбі кешкі уақытта тамақтану организмдегі зат алмасу процесін бұзады деп санайды. Алайда кешкі ас ішпейтіндер өттің қабынуына, семіздікке және ұйқысыздыққа жиі ұшырайды екен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне гастроэнтеролог, терапевт Лаура Кемелбек айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Көбі кешкі уақытта тамақтану организмдегі зат алмасу процесін бұзады деп санайды. Алайда кешкі ас ішпейтіндер өттің қабынуына, семіздікке және ұйқысыздыққа жиі ұшырайды екен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне гастроэнтеролог, терапевт Лаура Кемелбек айтып берді.

Дәрігердің айтуынша, уақтылы тамақтанбау метаболизм қызметін бұзады да, түрлі аурулардың пайда болуына себепші болады.

"Әдеттегідей көбі салмақ тастаймын деп кешкі уақытта тамақтанбауды жөн көреді. Бұл ең қате пікір. Бірінші кезекте, аш қарынға ұйықтау өте зиян. Себебі салдарынан ұйқысыздық болуы мүмкін. Сондықтан да кешкі уақытта барынша пайдалы тағам жеу керек. Бастысы - аш жатпау қажет. Себебі асқазан-ішек жолы аурулары асқынып кетуі әбден мүмкін. Әсіресе, организмде қышқыл нормадан жоғары болса, кешкі уақытта тамақтанбау асқазан-ішек жолы созылмалы ауруларына апарады. Әрине, аш жатпау керек деген жатар кезде майлы тағамдар жеу керек деген сөз емес. Айран мен ірімшік жеткілікті", - дейді дәрігер.

Гастроэнтеролог бірнеше сағат бойы тамақтанбаудың салдарынан метаболизм төмендеп, калорий көбейіп, артық салмақ қосылатынын ескертеді.

Сондай-ақ, дәрігер түскі астан кейін тамақтанбау салдарынан өт қабынып, өтте тас пайда болатынын айтады.

"Салмақ тастаймын деп кешкі ас ішпейтіндер керісінше семіздікке жиі шалдығады. Ол адамдарда, әсіресе, әйелдерде өт тасының түзілуінің қаупі жоғары болады. Семіздік өттегі холестерин деңгейінің артуына ықпал етеді, бұл тастардың пайда болуына әкеледі. Сондықтан да уақтылы тамақтанып, кешкі астан бас тартуға болмайды", - деп кеңес береді дәрігер.

Елімізде 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында семіздік белең алып барады

Еске салайық, дәрігер мұның алдында таңғы ас ішпейтіндерге қандай қауіп барын айтып берген еді. Дәрігер таңертең міндетті түрде өт қабының жұмысын ретке келтіріп, барынша пайдалы тағам жеу керегін айтқан болатын. Маманның айтуынша, таңертең ағза қажет энергияны алмағандықтан, күні бойы барлық минерал мен дәруменді "жеп қояды да", әлсіздік пайда болады екен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 498.88  course up  542.94  course up  5.9  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer