Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 мая 2018 09:42

Ақша ұсату комиссиясының заңдылығын Ұлттық банк түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктердің ақша ұсатып бергені үшін комиссия ұстауын заңды деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктердің ақша ұсатып бергені үшін комиссия ұстауын заңды деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушысы екінші деңгейлі банктердің бірінен 20 мың теңгелік купюраны жеке мақсатында майдалап алғысы келген. Алайда кассадағы менеджер бұл қызметке комиссия ұстап қалған. 

"Өзіме ұсақ ақша керек дедім. 20 мыңды алып, комиссия 100 теңге болады деді. Квитанция берді, қол қойдым", - деп баяндады қолданушы оқиғасын.


Кассада берілген чектен қызмет түрінің "кіріс операциясы" деп аталғанын көруге болады

Оның айтуынша, егер кеңесші қызға ақшаны осы бөлімшедегі терминалға кредит төлеуге немесе басқа да мақсатта салатынын айтса, банктің бұл қызметі тегін болар еді.  

Ал Ұлттық банктегілер екінші деңгейлі банктердің ақша майдалау қызметі үшін комиссия ұстауы заңды ма деген сұрағымызға былай деп жауап берді:

"Екінші деңгейлі банктер ақша майдалау бойынша көрсетілетін қызметтері үшін комиссия алуға құқылы. Банктер ұсталатын комиссияны өз бетінше бекітеді", - делінген сауалхатқа берілген жауапта. 

Өз кезегінде заңгер Артем Карповтың айтуынша, бұл банктің көрсететін көп қызметінің бір түрі және бұған заңмен тыйым салынбаған. "Бұл банктің көрсететін қызметтерінің бірі. Банктің бұдан ешқандай шығын көрмейтіні түсінікті, бірақ бізде тыйым салынбаса, ол заңды деген сөз. Әрбір банк мұны көрсететін қызметтерінің тізіміне қосып, оған арнайы бір соманы немесе пайызды бекітіп қоя алады. Банк қызметін тұтынушы ретінде банктердің мұндай комиссиясын өз басым құптамаймын, себебі олар бұдан өзге де өз комиссиялары арқылы табыс көре алады", - дейді Карпов.

Алайда мұнда да, заңгердің айтуынша, көрсетілген кез келген қызмет секілді чек алу керек. Егер чек бермей, алайда көрсетілді делінген қызметке қаражат ұстап қалатын жағдай болса, бірден банк басшылығына шағымдану керек екен.

Айта кетейік, еліміздің заңнамасы бойынша қызмет көрсетуші міндетті түрде чек беруі тиіс. Чек берілмеген жағдайда, салық қызметіне шағымдануға болады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети