ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
19 ноября 2020 | 16:49

Банк ісі: Ауырып қалсаңыз, кредит төлемеуге бола ма?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Денсаулығыңыз нашарлап, ауырып қалған жағдайда, кредитті төлемеуге бола ма? Қандай жағдайларда банк қарызды кейінге қалдыра алады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінінің материалында.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулығыңыз нашарлап, ауырып қалған жағдайда, кредитті төлемеуге бола ма? Қандай жағдайларда банк қарызды кейінге қалдыра алады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінінің материалында.

Заңгер Гүлмира Батырханқызы кредит төлеу кезінде заң бойынша қандай жағдайларда қарызды өтемеуге болатынын түсіндіріп берді. 

"ҚР Азаматтық кодексінің 272, 273, 319-бабына сәйкес, қарыз алушы табысынан айырылса немесе ауырып қалса ол өзінің кредит бойынша төлемін тоқтатуға немесе кейінгі қалдыруға құқығы жоқ. 274-бап ("Мiндеттеменi бөлшектеп орындау") бойынша, кредитор мен қарыз алушы жасасқан шартта ол туралы көрсетілмесе, банк мiндеттеменi бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы", - дейді ол.

Ал қандай да бір оқыс жағдайлар болып, қарыз алушы келісімшартта көрсетілген міндеттерін орындамаған жағдайда оған белгілі бір уақыт беріп, жеңілдік қарастыруды тек банк шешеді дейді.

Кредит төленбей қалса, банк жалақыдан ұстай ала ма?

Заңгердің айтуынша, кредитор төтенше жағдай болғанда ғана қарызды кейінге шегертуге мүмкіндік бере алады. Оның төтенше немесе төтенше жағдай емесін тек сот шешеді екен.

Осы ретте маман қай жағдайларда кредитор қарыз алушымен келісімге келе алатынын айтып берді:

- жұмыспен қамту орталығында тіркелген жағдайда, яғни ресми түрде жұмыссыз екені дәлелденсе;

- жұмыс істеуге кедергі келтіретін түрлі жағдайлар, апаттар;

- ойламаған жерден жұмыстан қысқартуға ұшыраған кезде (қажетті құжаттар болуы керек);

- соңғы жалақысы әлі түспей жатқан жағдайда, тек анықтама берілсе;

- жалақының кем дегенде 20 пайызға төмендеуі.

Сонымен қатар, заңгер әр банкте өз саясаты болғандықтан бұл жағдайларда түрлі шешім қабылдауы мүмкін екенін ескертеді.

"Ал несие тарихы жақсы клиенттерге мұндай жағдайларда жеңілдік қарастырылады. Яғни, клиент 10 жылға несие алды делік. Ол оны 5-7 жыл уақыт ешбір кешіктірусіз төлеп келді. Осындай жағдайда банктегілер сізге пайыздық мөлшерлемені төмендету туралы немесе қарызды біраз уақытқа кейінгі шегеру туралы ұсыныс жасауы әбден мүмкін", - дейді Гүлмира Батырханқызы.

Банк банкротқа ұшыраса, кредит төлеу керек бола ма?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer