ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
12 мая 2020 | 09:46

Досаев: 1 айда ұлттық кордағы қаржы 1 миллиард 100 миллион долларға өсті

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ұлттық кор активтері 1 айда 1 миллиард 100 миллион долларға өсіп, мұндағы қаржы 58,5 миллиард доллар болғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ұлттық кор активтері 1 айда 1 миллиард 100 миллион долларға өсіп, мұндағы қаржы 58,5 миллиард доллар болғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Ерболат Досаев сәуір айында теңгенің нығайғанын атап өтті.

"Осы жылдың сәуір айында ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақталды. ОПЕК+ мұнай өнімдерін қысқарту туралы қол жеткізген уағдаластық акциялар нарығындағы позитив жағдай экономикасы дамушы елдермен және мұнай экспорттаушы валюта нарығында теңге үшін оң үрдіс болды. Осылайша, сәуір айында ұлттық валюта 1 доллар үшін 424,57 теңгеге немесе 5,2 пайызға нығайды", - деді ол.

Осы орайда Ұлттық банк төрағасы қаржы реттеушісінің алтын валюталық резерві 700 миллион долларға өскенін жеткізді.

"Алдын ала деректер бойынша Ұлттық банктің алтын валюталық резервтері осы жылдың сәуір айында алтын портфелінің өсуінен 37,5 миллиард долларға дейін 2,4 пайызға немесе 700 миллион долларға өсті. Бағалы металл бағасының өсуі 7 пайызға тең болды", - деді Досаев.

Сондай-ақ, ол ұлттық қордағы қаржы 1 айда 1 миллиард 100 миллион долларға артқанын айтты.

"Ұлттық қор активтері 1 айда 1 миллиард 100 миллион долларға немесе 1,9 пайызға ұлғайып, 58,5 миллиард доллар болды. Активтердің өсуі көбіне инвестициялық кіріс есебінен акциялар нарығындағы наурыз айындағы төмендеуден кейін ішінара қалпына келуімен байланысты, өсім шамамен - 11 пайыз", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети