ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
14 мая 2019 | 20:27

"Алтайдың ар жағынан келген ару" кім?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© videoteka.net © videoteka.net

Сәкен Қалымовтың орындауындағы "Алтайдың ар жағынан келген ару" әні өткен ғасырдың 90-жылдарында жарыққа шығып, бірден танымал болған. 25 жылдан аса уақыт өте келе оның махаббаттан емес, қимастықтан шыққан ән екені анықталды. Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Есті әндегі ерекше естеліктер" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сәкен Қалымовтың орындауындағы "Алтайдың ар жағынан келген ару" әні өткен ғасырдың 90-жылдарында жарыққа шығып, бірден танымал болған. 25 жылдан аса уақыт өте келе оның махаббаттан емес, қимастықтан шыққан ән екені анықталды. Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Есті әндегі ерекше естеліктер" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алтайдың ар жағынан келген ару" әнінің орындаушысы Сәкен Қалымов әннің шығу тарихын айтты. Тікелей эфир барысында хабарласқан көрермен "Алтайдың ар жағындағы ару бұл әнге жауап берген" деп өлең шырқады. Алайда Сәкен аға бұл әнді ақын қыздың шығарған арнайы жауап әні екенін мәлімдеді.

"Марқұм Тынышбай (Тынышбай Рақым) аға өзі тірі кезінде маған айтқаны. Ол кезде біз одақпыз. Қытайдан бір топ делегация өнер алмасу үшін келді. Ақын-жазушылар телевидениеде бас қостық. Жаңағы қыз тілмаш болып келген екен. Қытай тілінен қазақшаға, қазақшадан қытай тіліне аудармашы. Барлығын таныстырып келіп, маған кезек жеткенде мені үзіп-үзіп таныстырды. Қазақтың өрімдей қараторы қызы екі елді байланыстырып тұр. Қоштасатын сәт те келді, қытайлықтар барлығы есікке жүгіріп жатыр, ал жаңағы қыз жәутеңдеп бізге қарай береді, кеткісі келмейді. Ол кезде таңда барсаң түсте жетесің деген жоқ, шекара жабық. Жабық елміз. (...) Бұл негізі махаббат емес сыртта жүрген қазақ қызына деген қимастықтан туған ән. "Қимайтын жан екенсің жат ұяға деп осы қызға арналған" дейтін Тынышбай аға. Кейін қытайлықтар 100 адам болып келіп, Алматыда концерт берді. Осы әннің арқасында ол қыз Қытайда атақты бола түсті. Қытайдағы қазақтардың барлығы біледі. Ол өзі осында келген, Тынышбай ағаның үйінде қонақта болған, жеңгейдің қолынан шай ішкен. Негізінде қыздың тарапынан төрт шумақ жауабы да бар деп айтады", - дейді Сәкен Қалымов.

Бағдарлама барысында "Азия" тобы орындаған "Ғажайып күй" әнін жазған Баянғали Әлімжанов келді. Ол әннің шығу тарихын баяндады. Ал дәл сол "Азия" тобының әнді орындау, ұлынан сұрап алу барысын күлкімен еске алды.

"Бұл өзі қызық болды. Мен оны ән жазайын деп жазғам жоқ. Кәдімгі өлең ғой, төрт шумақ бар болғаны. Қағаздарымның арасында жазылып тұратын, бір күні Нұрлан өзі оқыды да, ол кезде студент болатын, көңілі құлады сол өлеңге. Сөйтіп "Папа, мен мына өлеңге ән жазайын" деді. Бір күні келіп "Папа, мына ән Алматыда студенттер арасында хит болып кетті, бәрі айтып жүр" деді. Тағы бір күні қоңырау шалып  "Азия" деген топ осы туындыға аранжировка жазатынын болды, қысқасы олар менен сұрап алды" деді. Бірақ бұлар үш кісі еді, біздің өлеңіміз екі-ақ қайырма. Сонымен олар менен үшінші дауысқа үшінші шумақ жазып беруімді сұрады. Мен ол өлеңнің аяқталған бір ой екенін, артық қосуға болмайтынын айттым. Бірақ сонда да ойланайын дедім. Сөйтсем сол топтағы бір жігіт үшінші шумағын өзі шығарып қосқан екен. Бірақ білініп тұрады, менікінен алшақтау. Енді оларды қайтем, сотқа бермеймін ғой", - дейді Баянғали Әлімжанов.

Әнші, композитор Жеңіс Сейдуллаұлы болса өзінің "Ойлап сені таптым мен" әнін есін алды. Оған түсірілген бейнебаяны мен мәтіні жайлы баяндады.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети