КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
16 августа 2019 | 16:04

Әнұран жазған дипломсыз сазгер - Шәмші Қалдаяқов

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Суреттер: qazaquni.kz, astana-akshamy.kz Суреттер: qazaquni.kz, astana-akshamy.kz

15 тамыз қазақ вальсінің королі - Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Бар ғұмырын ән әлеміне арнаған композитордың биыл 89 жылдығы. Tengrinews.kz тілшісі композитордың шығармашылығы мен еңбек жолын баяндайды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

15 тамыз қазақ вальсінің королі - Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Бар ғұмырын ән әлеміне арнаған композитордың биыл 89 жылдығы. Tengrinews.kz тілшісі композитордың шығармашылығы мен еңбек жолын баяндайды. 

Шәмші Қалдаяқов Отырар ауданы Шәуілдір ауылында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Шәмшінің әкесі ұл туса Жәмшид патшаның атын қоямын деп жүрген кезінде түс көрген. Түсінде ұлының көлде аққу құс болып жүзіп жүргенін көрген. Мұны Шәмшінің әкесі жақсылыққа жорыған. 

Аты Шәмші емес, Жәмшит

Айы-күні жетіп, анасы Сақыпжамал босанып, сәбидің есімін Жәмшит қояды. Анасының әлдиін тыңдамаса ұйықтамайтын балаға Естайдың "Қорланын" ыңылдап айтып отырып тербеткеннен бе, Шәмшінің өмір бойы сүйіп айтатын әні "Қорлан" болыпты.

Композитор бірден өнер жолына түспеген. Әуелі Қапланбектегі зооветтехникумды бітіріп, кейін Сахалиндегі әскери училищені, елге келген соң Ташкент қаласындағы Хамза Ниязи атындағы музыка училищесін, содан соң Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясының композиторлар дайындайтын факультетінде оқыған. Әлдебір себептермен Шәмші диплом ала алмай, өмірінің соңына дейін әуесқой сазгерлер қатарында жүрген.

Шәмшінің әкесі Қалдаяқтың азан шықырып қойған есімі - Әнәпия. Аяғындағы қалды көрген жеңгелері бала күнінен "Қалдыаяқ" деп атап кеткен. Мектеп жасынды "Кімнің баласысың?" деген сұраққа "Қалдаяқтың баласымын" деп жауап берген екен. Себебі әкесінің есімі шынында да Қалдаяқ деп ойлаған. 

Шәмшінің әкесі он саусағынан өнер тамған ұста, зергер болғанымен, әншілікпен әуестігі жоқ болады. Сондықтан бұл қасиет бала бойына шешесінен, нағашыларынан дарыса керек. Анасы Сақыпжамал той-жиындарда тамылжытып ән шырқайды екен.

Әдебиет, өнер зерттеушісі Бердалы Оспанның "Шәмші туралы сыр" атты мақаласында сазгердің жаны өте нәзік, сезімтал болғанын жазған.

"Иә, Шәмшінің өмірі оңай болған жоқ. Әндерінің кең тарауы өз жемісін әкеліп, "Қазақ КСР өнеріне еңбек сіңірген қай­раткер" деген атақ аламын ба деп үміттенді. Себебі, бұл атақ ел таныған, бірақ, билік танымаған сазгерге өмірлік зейнет­ақысын қамтамасыз етер еді. Бірақ 1989 жылдың жазында қазақ халқының ең сүйікті композиторына "Қазақ КСР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері" деген атақ берілді. Әрине, екі атақтың арасы жер мен көктей еді. Бұл хабарды вальс падишасы Шымкент қаласына жақын Ленинск қазіргі Қазы­ғұрт ауылында қазақ халық әндерін жи­наушы жасы кіші досы Райымқұл Темірбектің үйінде отырғанда газеттен оқып біледі. Сосын, тамаша әндерімен елін 35 жыл қуан­тып келген сазгердің көздерінен парлап жас ақты. Шәмші жылады. Ұлы Шәмші көз жасынан ұялмай ұзақ жылады", - деп жазды Бердалы Оспан.

"Шәмші ауылдың баласы болса да, орысшаға керемет жүйрік болған"

Шәмшінің жары Жәмилә Қалдаяқова отандық сайттардың біріне сұхбат берген екен. Жәмилә қалада орыс мектебінде білім алған. Шәмші екеуі үш-төрт жыл қыз-жігіт болып жүргеннен кейін, шаңырақ құруға шешім қабылдаған. Ол кезде композитордың жары 27-де болған. Шәмші "Жәмиләні әдейі қартайтып алдым" деп әзілдеген екен. Кейін ұлдары Қасым мен Мұхтар дүниеге келген. 


Шәмші Қалдаяқов. © old.el.kz

Шәмші көзі тірісінде екі ұлының өнер жолына түсуін армандаған. Балаларын Күләш Байсейітова атындағы өнер мектебіне апарған. Қазіргі таңда екеуі де өнер әлемінен алыс емес. 

"Ағамнан бата алмадым деп қатты өкінемін"

Композитордың жалғыз қарындасы Райхан Қалдаяқованың сөзінше сазгер массажды жақсы көрген екен. 

"Әлі есімде ағам қайтыс боларынан бұрын маған: "Па шіркін, сенің қолың шипалы! Ахани, маған массаж жасап берші. Адамның ауруын қайтаратын қасиетің бар, осы сенің. Менен бата алып, адам емдесеңші",- деген еді. Мен: "Аға, қойызшы қай-қайдағыны айтпай", - деп күлетінмін. Қазір неге ағамнан бата алмадым деп қатты өкінемін. Құдайдың өзі ағамның аузына салған ба, 1992 жылдан бастап дене жараларын емдеп келемін", - деген екен өткен күнді еске алып Райхан Қалдаяқова.

Қазақ ән әлемінде Шәмшінің орны ерекше. Сазгердің 300-ге жуық әні бар. Шәмші әндеріне басқа түгіл ағылшынның өнер қайраткері Роберт Файлер таң қалып:

"Мен қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын. 300-ге жуық ән шығару деген - ұлы ерлік! Сізге ескерткіш орнату керек", - деген екен.

Шәмші Мұхтар Шаханов, Сабырхан Асанов, Қадыр Мырза Әли, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әлімқұлов, Төлеген Айбергенов, Зәкір Шүкіров, Тұманбай Молдағалиев, Ғафу Қайырбеков сынды қазақтың дарынды ақындарымен жұмыс жасаған. Композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқовтың айтуынша, Қазақстанның түкпір-түкпірінен Шәмші Қалдаяқовпен амандасу үшін келетін кездері болған. 

"Біздің үйге адамдар өте көп келетін. Ал ақындар келген кезде музыка әлеміне сүңгіп кететіні соншалық, біз туралы мүлде ұмытатын. Тіпті немен шұғылданып жатқанымызды сұрамайтын. Ал мен бала болсам да кедергі жасамауға тырысып, даладан келген кезде, ақырын басып, бөлмеме кіріп кететінмін. Сондықтан болар оның әрбір нотаға түскен әні бала кезімнен миыма сіңіп, мәңгі есімде қалды. Менің музыкаға деген қызығушылығым осыдан басталды десем болады",- дейді Мұхтар Қалдаяқов.

Мұхтар Әуезов өмірден озар тұсында университет студенттері алдында сөйлеген әйгілі сөзінде Шәмші саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі бір "жыл келгендей жаңалық"  сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалаған. Жұрт аузында "бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші" атануының сыры сонда. Сазгер әндері, әсіресе, 60-70-жылдардагы жастардың аузында жүрді. Халық арасында әсіресе  отаншылдық, елшілдік туралы "Менің Қазақстаным" туындысы айрықша болды. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шықты. 2005 жылдан "Менің Қазақстаным" туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.


Шәмші Қалдаяқов

Ұлы композитор 1991 жылдың 16 қара­шасында ауырып, ауруханаға түсті. Сол жылдың 29 желтоқсанында сазгерге "Қазақстанның Халық әртісі" атағы берілді. Халқын сүйген, халқы сүйген сазгер 1992 жылдың 29 ақпаны күні көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer