ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
28 апреля 2020 | 12:08

"Батырхан қайтыс болардан бір күн бұрын әкесін көрдім"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Бүгін танымал қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, сазгер Батырхан Шүкеновтің дүниеден өткен күні. Сазгер 2015 жылы 28 сәуірде сағат 22:35-те 53 жасында Мәскеудегі пәтерінде кенеттен көз жұмған. Ресми мәлімет бойынша, әнші инфаркттан қайтыс болған. Алайда сазгердің анасы ол жүрек ауруынан кеткеніне сенбейтінін айтқан екен. Дилара Шүкенова ұлының қайтып кететінін сезген көрінеді. Әнші өмірінің соңғы күндерінде туған жерінде, бауырларының қасында біраз болған екен. Танымал сазгер өмірінің соңғы күндерін қалай өткізген? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін танымал қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, сазгер Батырхан Шүкеновтің дүниеден өткен күні. Сазгер 2015 жылы 28 сәуірде сағат 22:35-те 53 жасында Мәскеудегі пәтерінде кенеттен көз жұмған. Ресми мәлімет бойынша, әнші инфаркттан қайтыс болған. Алайда сазгердің анасы ол жүрек ауруынан кеткеніне сенбейтінін айтқан екен. Дилара Шүкенова ұлының қайтып кететінін сезген көрінеді. Әнші өмірінің соңғы күндерінде туған жерінде, бауырларының қасында біраз болған екен. Танымал сазгер өмірінің соңғы күндерін қалай өткізген? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Анасы әнші қайтыс болардан бұрын түс көрген екен

Батырхан Шүкенов үйдегі төрт баланың ортаншысы болған екен. Анасы Дилара Шүкенованың айтуынша, Батырхан басқа балаларынан ерекше болған. Анасының айтуынша, әнші дүние салардан бір күн бұрын түсінде жарын көрген екен.

"Батырхан қайтыс болардан бір күн бұрын әкесін көрдім. Бірақ өз басым оның кім екенін білмедім. Есіктен кірді де, бір баланы қолынан ұстап, жетектеп алып шығып кетті. Қай бала екенін білмедім. Таңертең тұрдым да "Ойпырмай, менің қолымнан сүйреп неге алып кетпеді? Мына балалардың біреуін алып кетті-ау" дедім де, қайсысы екенін білмедім. Сонда Батырға көрініп тұр екен ғой", - дейді сазгердің анасы "Аналар" жобасында.

Батырхан Шүкенов A'Studio тобының құрамында

Батырхан Шүкеновтің туған інісі Бақытжан Шүкеновтің айтуынша, әнші соңғы рет Қызылордаға туыстарының тойына келген екен. Оның айтуынша, әдетте өнер көрсеткен соң бірден үйге кетіп қалатын көрінеді. Ал сол кездегі Батырхан мүлде басқа болған екен.

"Әдетте өнер көрсеткен соң басқа мейрамханаға баратынбыз. Маған "сен кетіп қалма, мені күт" деп айтатын. Ал бұл тойда ол өнер көрсетіп жатыр, мен күтіп отырмын. Соңғы әнін айтып болған, ал ол әлі жоқ. Не болды екен деп ойлап, мейрамханаға кірсем адамдармен суретке түсіп, өзінің жолдастарымен отыр екен. Жалпы көңіл-күйі өте керемет болған", - дейді Бақытжан Шүкенов.

Қызылордадан шыққан құбылыс - Батырхан Шүкенов

Дилара Шүкенованың айтуынша, туыстарының тойы 24 сәуірде болған екен. Жолдастарымен келген әнші әдеттегіден өзгеше, ашық-жарқын, ойнап күліп жүрген. Інісі Бақытжан Шүкеновтің айтуынша, сазгер өмірінің соңғы күндері туған жеріне жиі келген екен.

"Анама "Сенің балаң әлі отыр" деп айттым. Шамамен түнгі 00:00-ге дейін әңгімелесіп отырды. Мен Батырды мұндай күйінде ешқашан көрмеппін. Ашық-жарқын отырды. Үш күннен кейін суық хабарды естідік", - дейді сазгердің інісі.

Сазгер жас кезінде

Батырхан Шүкеновтің соңғы өнер көрсеткен кездерінің бірі "Один в один" бағдарламасындағы өнері болса керек.

Вышел последний выпуск шоу "Один в один" с участием Батырхана Шукенова

Сол күні әнші Григорий Лепсті сомдап шықпақ болған екен. Сөйтіп ол анасына хабарласып: "Менде бәрі жақсы. Лепстің көзілдірігін сатып алуға барамын" деген екен.

"28 сәуірде Мәскеуге барған кезінде бір екі сағаттай қалған кезінде мен хабарластым. Сол күні түнде қайтыс болған. Хабарласып едім "Мама, мен қазір "Один в одинге" кіріп бара жатырмын. Мен екі сағаттай боламын, сен маған хабарласпа. Сіздің әдетіңіз, қайта-қайта хабарласасыз, менің мазамды алмаңыз" деді. Мақұл дедім. Болды, сол соңғы екі сағаттан кейін қайтып көрмедім ғой. Сол жерде қайтыс болыпты", - дейді Дилара Шүкенова.

Бағдарлама барысында сазгердің анасы Батырхан Шүкеновтің жүрек ауруынан кетті деп есептемейтінін айтты.

"Жүрек дейді. Мен өз басым жүрек деп есептемеймін. Ол өмірінде "жүрегім ауырды" деген бала емес қой. (...) Орталықтың бас дәрігері "Мен оны ауырды деп есептемеймін. Себебі ол дүние саларынан 10 күн бұрын менде емделіп кеткен. Ондай жүрек ауруын көрген жоқпын" деп айтты", - деді сазгердің анасы "Аналар" жобасында.  

Айта кетейік, әнші 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. 2000 жылға дейін A'Studio тобының құрамында өнер көрсетті. Сол кезден танымал болған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети