ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
19 июля 2018 | 11:28

"He is a Monster!" - Димаш Құдайбергенге видеореакция түсірген аустралиялық маман

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Әлем әнсүйерлерінің жүрегінен ойып орын алған Димаш Құдайберген бүгінде шетел Youtube-блогерлерін ерекше даусымен таңғалдырып жатыр. Солардың бірі, аустралиялық вокалшы, мұғалім, гитарашы Рейчед Хайек (Rached Hayek) Tengrinews.kz тілшісіне Димаштың вокалдық қабілеті мен музыкаға әкелген жаңалығы турасында әңгімелеп берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әлем әнсүйерлерінің жүрегінен ойып орын алған Димаш Құдайберген бүгінде шетел Youtube-блогерлерін ерекше даусымен таңғалдырып жатыр. Солардың бірі, аустралиялық вокалшы, мұғалім, гитарашы Рейчед Хайек (Rached Hayek) Tengrinews.kz тілшісіне Димаштың вокалдық қабілеті мен музыкаға әкелген жаңалығы турасында әңгімелеп берді.

Рейчед Хайек түрлі елдің атаулы әншілері орындаған композицияларды талдап, баға беріп, эмоциясын көрсетеді. Оның YouTube хостингіндегі арнасында қазіргі таңда 32 мыңнан аса көрермені бар. Атаулылардың қатарында қазақстандық Димаш Құдайберген де бар. Вокалшы видеоларда Димаштың Қытайдағы Singer 2017 жобасында орындаған әндерге әсерін түсірген. Қазақстандық өнерпаздың өнеріне баға берген видеолары 30-40 мың шамасында қаралған.

Оның айтуынша, Димаш бірегей, қайталанбас дауысқа ие. Оны өзгемен салыстыру мүмкін емес.

"Димаш даусының диапазоны тіпті әйел даусы үшін тым жоғары. Ол Fusion жанрындағы стильде ән айтады. Яғни, ер мен әйел даусында опера стилінде, сондай-ақ поп және шығыс элементтері бар. Ең бастысы әнді сезіп, жанымен орындайды. Димаш даусын өзгемен салыстыру мүмкін емес. Бірнеше тілде ән айтуға барлық әншінің мүмкіндігі келе бермейді. Димаш бұл міндетті жақсы орындай алады. Алайда, ағылшын тілі бұрынғыша еңбекті талап етеді", - дейді Рейчед Хайек.

Маманның айтуынша, қазақстандық өнерпаз музыка терминінде D2-ден D8-ге дейінгі ноталарды да ала алады.

"Димаш өнері ерекше. Түрлі жанрда ән шырқайды. Ол түпнұсқаны өзіндік ерекше стильге келтіріп, өзгерте алады. Оның жасаған туындылары креативке толы. Әдемі естіледі. Димаш даусының мүмкіндігі жоғары, қандай әнді таңдаса да орындап шығады. D2-ден D8-ге дейінгі ноталарды да ала алады", - дейді вокалшы.

"Мұнда тағы дауыс өзгерді ... жоғары нотадан үлкен, көлемді ауысу ... Керемет! Жоқ, мен мұны жасай алмас едім ... тағы бір құбылу ... Құдайым-ай, ол монстр ғой! ("My goodness! He is a Monster)  ... Ол вокалдық фразаның шыңынды микрофонын бірілдетеді ... бұл естен айырады ... Қандай жоғары деңгей! Мен ыстықтайын дедім ... Ал бұл ауысу ... өте әдемі ... және ол дауыс ырғағын ақырындап төмендетті ... нота бойынша да, көлемі жағынан да әдемі ... Тағы байқап көрейін ... Жоқ, қолымнан келмей жатыр ... Воу! Керемет! Осындай әншінің барына ризамын ... ", - дейді маман видеореакциясында. 

Singer 2017 жобасы Димаш Құдайбергеннің әлемге танылуына зор үлес қосты. Rached Hayek те әншінімен жоба арқылы танысқан. Ол үшін Димаш айтқан әндердің ішінде ең қатты ұнайтынын таңдау қиын екен.

"Димаштың Singer 2017 жобасында айтқан барлық әні ұнайды. Оның ішінде ерекше біреуін таңдау өте қиын. Жобада естіген қазақтың халық әні "Дайдидау" мен домбыра үні ерекше, қазақи киім де көз жауын алады", - деп ұлттық құндылықтарға тоқталды ол. 

"Қазіргі уақытта Димаш Құдайбергеннің жобада айтқан, өзім видео-реакция түсірген әндерін тыңдаймын. Жаңа өнер көрсетуін де бақылап отырамын. Менің ойымша, әншінің болашағы зор. Қандай мақсат қойса да, орындай алатынына кәміл сенімдімін", - деп қосты вокалшы.

Рейчед Хайектың Димашқа түсірген соңғы видеосы 17 шілдеде YouTube арнасында жарияланды. Онда вокалшы Димаштың Витебскіде орындаған All By Myself әнін талдап, пікірін білдірген. Онда ол Димаштың дауыс дірілі мен ырғағына тәнті болып, оның өте әдемі екенін және ән айту барысында төмен де, жоғары да нотаны ала алатынына таңданысын білдірді. 

Еске салайық,  Димаш Құдайберген 2017 жылы Қытайдағы Singer 2017 жобасында әлемді өнерімен тәнті етіп, жүлделі екінші орынды иеленген. Ақтық сынақта ол Майкл Джексонның: Dangerous, Billie Jean, The Way You Make Me Feel және Earth song атты әндерін шырқады. Оған дүниежүзі сарапшылары мен өнер майталмандарының көзі түсіп, түрлі жағымды пікірлер айтылған еді. 

Сұхбаттасқан Камила Долаева

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.58  course up  549.54  course up  5.08  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer