Ресейлік танымал композитор Игорь Крутойдың мерейтойында әнші Димаш Құдайбергеннен бөлек Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов қонақ болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Ресейлік танымал композитор Игорь Крутойдың мерейтойында әнші Димаш Құдайбергеннен бөлек Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов қонақ болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Игорь Крутой 65 жас мерейтойын Түркияда атап өткен. Оның қонақтарының тізімінде қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де болған. Димаш шетелдегі мерейтойға ата-анасымен бірге барған.
Сонымен қатар, композиторды құттықтау үшін Түркияға Иманғали Тасмағамбетов те барған. Кеше Димаштың Instagram желісіндегі фан-парақшасында әншінің отбасымен және Тасмағамбетовпен бірге түскен суреті жарияланған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал бүгін Игорь Крутой Instagram желісіндегі парақшасында мерейтойында түсірілген видео жариялады.
"Мерейтой алдындағы "әппақ кеш". Қасымдағылар Юрий Антонов, Димаш, Иманғали Тасмағамбетов пен билеп жүрген немерем", - деп жазды композитор.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Естеріңізге салсақ, Крутой бұған дейін #Abai175 челленджіне қатысып, ақынның бір туындысын оқыған еді. Артынша ол эстафетаны Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовке жолдаған болатын. Тасмағамбетов композитордың жолдауын қабыл алып, Абайдың Алтыншы қара сөзін оқыған еді.