ПОДЕЛИТЬСЯ
15 марта 2021 | 13:21
Imanbek жеңіп алған "Грэмми" туралы не білеміз?
Биыл "Грэмми" музыкалық марапаты 63-інші рет өтті. Марапаттау кеші 31 қаңтарда өтуі керек болған. Алайда пандемияға байланысты салтанатты кеш 14 наурызға ауыстырылған болатын. Қазақстан үшін биылғы кештің ерекшелігі - ел тарихында тұңғыш рет қазақстандық Иманбек Зейкенов (Imanbek) марапатқа ұсынылып, көптің арманына айналған мүсіншені жеңіп алды. "Грэмми" туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Биыл "Грэмми" музыкалық марапаты 63-інші рет өтті. Марапаттау кеші 31 қаңтарда өтуі керек болған. Алайда пандемияға байланысты салтанатты кеш 14 наурызға ауыстырылған болатын. Қазақстан үшін биылғы кештің ерекшелігі - ел тарихында тұңғыш рет қазақстандық Иманбек Зейкенов (Imanbek) марапатқа ұсынылып, көптің арманына айналған мүсіншені жеңіп алды. "Грэмми" туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
"Грэмми" - америкалық дыбыс жазу академиясының премиясы. Оны АҚШ дыбыс жазу қауымдастығы 1958 жылы 14 наурызда құрған болатын. Бүгінде "Грэмми" музыка индустриясында ең абыройлы марапат. Ол кино индустриясындағы Оскармен тең. Марапат ретінде граммафон мүсіншесі беріледі.
"Грэмми" жыл сайын 108 категория бойынша музыканың 30 жанры бойынша Recording Academy мүшелерімен марапатталады. Ең алғашқы марапаттау салтанаты 1958 жылдың 4 мамырында болған.
"Грэмми" премиясының пайда болу тарихы голливудтық "Даңқ аллеясымен" байланысты. Музыкалық инустрия көшбасшылары 1957 аллеяға адамдар тізімін жинап жатқан кезде әртістерді танымалдығы үшін емес, шығармашылық жетістігін бағалау үшін құрмет көрсетуді ойлайды. Ал аллеяның концепциясы бойынша жетістікке жетпеген музыканттар тізімге қосылмайтын. Осы идеяны жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылар Дыбыс жазу өнері және ғылымы ұлттық академиясы (NARAS), яғни "Грэммиді" ойлап табады. Премия ресми түрде 1957 жылы 28 мамырда Лос-Анджелесте негізі қаланып, кейіннен сол қалада алғашқы кеңсесі ашылған болатын.
Премияға Грэмми атауы да бекер берілмеген. Бастапқыда оны фонографты ойлап тапқан адам Томас Эдисонның құрметіне "Эдди" деп атау ойда болған. Алайда бұл атауды адамдар америкалық эстрада әншісі және актер Эдди Фишердің құрметіне аталған деп ойлауы мүмкін деген ой туған. Сөйтіп, "Грэмми" деген атау граммафонды ойлап тапқан адам Эмиль Берлинердің құрметіне таңдалған. Бұл атау БАҚ-та дауыс беру арқылы таңдалған. Оны Жаңа Орлеан тұрғыны Джей Данна есімді қыз ұсынған. Премия жеңімпаздарына кішкентай граммафон статуэткасын беру тарихы да осы оқиғадан басталған.
Премияның екінші рәсімі алғаш рет 1959 жылы 31 қарашада телеарна арқылы көрсетілген болатын. Алайда ол кезде марапат әлі танымал емес, әрі қаржы жетіспегендіктен келесі жылғы марапаттардың түсірілімі мен телекөрсетілімі болмады. 1963 жылдан бастап қайтадан телеарна арқылы көрсетіліп, 1971 жылдан бастап премия лауреаттары тікелей эфир арқылы шыға бастады. Ал 2010 жылдан бастап "Грэмми" дүние жүзінің 170 елінде көрсетіле бастады.
"Грэмми" жеңімпаздарына ақшалай сыйлық беріле ме?
Премияда лауреат атанып, мүсіншені алған әртістерге ақшалай сыйақы берілмейді. Алайда премияда жеңіске жеткен кез келген орындаушы не продюсердің концерттерінің билет сатылымы 55 пайызға өсуі мүмкін.
Мысалы Бруно Марс және Тейлор Свифт "Грэммиде" жеңіске жеткеннен кейін билет сатылымынан біраз қаржы түскен. Одан бөлек, түрлі БАҚ мәліметінше, әдетте продюсерлер бір ән үшін 30-50 мың доллар алса, ал "Грэмми" статусы бар продюсер бір әнге 75 мың доллардан жоғары сұрайтын болады.
КСРО өкілдері
"Грэммиге" ұсынылған алғашқы орындаушы - пианист Святослав Рихтер болған. Одан бөлек, ТМД елдері бойынша, Ресейден бірнеше адам бұл марапатты алған болатын. Оның ішінде, скрипкашы Максим Венгеров (1996, 2004), дирижёр Владимир Ашкенази (1999, 2010), скрипкашы Гидон Кремер (2002), КСРО экс-президенті Михаил Горбачев (2004), виолончелист Мстислав Ростропович (2003, 2004), пианиношы Михаил Плетнев (2005), пианиношы Евгений Кисин (2006, 2010), меццо-сопрано Марина Домашенко, дирижёр Юрий Башмет және оның "Солисты Москвы" атты оркестрі (2008) және Мариинский театрдың солистері Ильдар Абдразаков және Ольга Бородина (2011).
Imanbek - марапат алған алғашқы қазақстандық
Былтыр 25 қарашада Imanbek лақапатымен белгілі Иманбек Зейкеновтің Roses атты әнге жазған ремиксі "Грэммиге" ұсынылғаны белгілі болды. Ол - "Грэммиге" ұсынылған алғашқы қазақстандық. Бұған дейін Қазақстанның атынан "Грэммиге" ешқандай әртіс ұсынылмаған. Бүгінде ремикс YouTube-те 145 миллион қаралым жинаған.
Планы Иманбека после победы на Grammy: сделать куырдак
Сонымен қатар, ремикс 2өд0 аптадай Billboard Hot 100-дің топ-10 чартында тұрды. Ремикс Apple Music бойынша топ-10-ға кірді, Shazam музыкалық қосымшасында 22 миллионнан аса қаралым жинап, "Яндекс. Музыка" чартында біраз уақыт бойы бірінші орында тұрды.
Иманбек Павлодар облысы Ақсу қаласында қарапайым теміржолшы болып жұмыс істеген. Музыкамен өздігінен айналыса бастаған. Ол теміржол саласынан кеткеніне біраз болған. Бүгінде толықтай шығармашылықпен айналысып жатыр.
Токаев поздравил Иманбека с победой на Grammy
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также