ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
15 января 2021 | 15:02

Каспийде билеген жігіттің видеосы: Әні қолданылған америкалық музыкант Қазақстанға келетінін айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақында әлеуметтік желіде Каспий теңізінде мәнерлеп сырғанаған жігіт Нұрәли Бектеміровтің видеосына қазақстандықтар тәнті болған еді. Онда Нұрәли америкалық әнші Zack Gray-дың Try әніне мұзда сырғанайды. "Жұлдыз FM" жүргізушілері америкалық әншімен тікелей эфирде сұхбат құрып, видеодан алған әсерін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жақында әлеуметтік желіде Каспий теңізінде мәнерлеп сырғанаған жігіт Нұрәли Бектеміровтің видеосына қазақстандықтар тәнті болған еді. Онда Нұрәли америкалық әнші Zack Gray-дың Try әніне мұзда сырғанайды. "Жұлдыз FM" жүргізушілері америкалық әншімен тікелей эфирде сұхбат құрып, видеодан алған әсерін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздермен сөйлесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Бұл - қазір мен үшін бақытты сәт. Және екі бала менің музыкамды, биге әнімді қосқанына өте қуаныштымын", - деп бөлісті америкалық әнші.

Жүргізушілер Зак Грейден Қазақстан туралы не білетінін сұрады.

"Мен жалпы Қазақстан туралы, Сіздер жеккөріп кетсеңіздер де, жақсы көрсеңіздер де, көп ақпарат білмеймін. Бәріміз білетін фильм арқылы білемін", - деді ол.

Сондай-ақ, музыкант коронавирус пандемиясы АҚШ музыка индустриясына қалай әсер еткенін айтты.

"Әрине, 2020 жылы бәрімізге оңай болған жоқ. Бірақ соның өзінде мен электрондық музыкамен айналысатын адамдармен бірнеше коллаборация жасадым. Сонымен қатар 20-30-ға жуық әнге релиз жасап қойдым", - деді ол. 

Радио жүргізушілері әншіден қазақстандық әншілермен коллаборация жасауға қалай қарайтынын сұрады.

"Мен енді қазақстандық әншілер туралы көп біле бермеймін. Егер ондай ұсыныс түссе, мен қуана-қуана келісемін және басқа тілде ән айтуға дайынмын", - деп жауап берді Зак Грей.

Содан кейін америкалық әнші Нұрәли мен Әди Бектеміровтердің видеосын көрген кезде қандай әсерде болғанын айтты.

"Мен бұл видеоны көрген кезде қатты ұнаттым. Және бірден Instagram-дағы парақшамда бөлістім. Содан кейін қазақстандықтар желіде постыма репост жасады. Өте қуаныштымын. Сіздердің махаббатыңызға рақмет және екі жігітке менің әнімді қосқанына алғыс айтамын", - деді Зак Грей.

Қазақстандықтар мұз қатқан суқоймаларында түсірілген видеоларымен бөлісіп жатыр

Сұхбат соңында жүргізуші әншіні Қазақстанға қонаққа шақырды.

Ал әншінің өзі эфирден кейін Instagram-парақшасына "Жұлдыз FM" ұжымы мен биші жігіттерге алғыс білдіріп, Қазақстанға келетінін жазды.

"Мені эфирге шақырғаны үшін @zhuldyz.fm-ге рақмет! Сіздермен сөйлесу өте керемет болды! @altynaidr сіз аударманы керемет жасадыңыз! Мүмкіндігінше тезірек сапар шегуім керек! Сүйіспеншілік пен қолдауыңыз үшін ризамын! Менің музыкамды керемет бейнелерінде қолданғаны үшін @nurali.bektemirov пен @adi_bektemirov-ке тағы мың алғыс! Балалар, осындай мүмкіндік бергеніңізге рақмет", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде мұз болған Каспий теңізінде сырғанап жүрген мәнерлеп сырғанаушы Нұрәли Бектеміровтің видеосы пайда болды. Кадрлардың авторы - фотограф Әди Бектеміров Instagram желісіндегі аккаунттында жарияланды. Онда Нұрәли Zack Gray-дың орындауындағы Try әніне мұзда сырғанайды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Фотограф Ганюшкино (@adi_bektemirov)

"Бұл видеоны ұлым Әди түсірген болатын. Ал Нұрәли - туған інімнің баласы. Каспий теңізі ауылдан 40 шақырым жерде. Кішкентай кезінде өзім коньки әпергеннен кейін мұздан шықпайтын болды. Ауылда мұз айдыны болмағанымен Шарон өзені мұз болып қатқаннан кейін ауыл балалары сол жақтан табылады. Бұл бір жағынан шынығу болса, екінші жағынан таза ауаның денсаулыққа пайдасы мол ғой. Нұрәли де сол көптің ішінде жүр", - дейді Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғыны Жандос Бектеміров.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети