ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
04 декабря 2018 | 16:05

Қазіргі хит әндердің сөзін кімдер жазып жүр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Бүгінде хитке айналған әндердің сөзін кімдер жазып жүр? Әнді әнші шырқағанымен, туындыдағы тағдыр мен сезімді бастан кешіріп, өз бойынан, өз өмірінен өткізген ақындар көп жағдайда тасада қалып қояды. Tengrinews.kz тілшісі қазіргі хит әндердің сөзін жазып жүрген ақындармен сұхбат құрған еді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде хитке айналған әндердің сөзін кімдер жазып жүр? Әнді әнші шырқағанымен, туындыдағы тағдыр мен сезімді бастан кешіріп, өз бойынан, өз өмірінен өткізген ақындар көп жағдайда тасада қалып қояды. Tengrinews.kz тілшісі қазіргі хит әндердің сөзін жазып жүрген ақындармен сұхбат құрған еді.


Ершат Қайболдин

Нұрболат Абдуллиннің "Сен қорқақсың", Ғазизхан Шекербектің "Еркекпін мен", Серік Ибрагимовтің "Махаббатым", Асхат Тарғынның "Биле, жеңге", Қайрат Нұртастың "Сүйсең сүйем" әндерін тыңдамаған, тойда осы әндерге билемеген адам кем де кем шығар. Ал бұл әндердің сөзін ақын Ершат Қайболдин жазған. Бұл әндерін ақын бір-бір төлқұжатымдай дейді.

Ақындар сөзін жазған алғашқы әні эфирге шыққандағы әсері мен сезімі жайлы айтып берді. 

Ершат Қайболдиннің айтуынша, ол 2014 жылы композитор Донеділ Қажымовтың "Біз екеуміз" əніне сөз жазыпты. "Осы әнді Төреғали Төреəлі бауырым ең алғаш эфирде орындап, титрға сөзі Ершат Қайболдин деп шыққанда, эфирден əнді өзім орындағандай күй кештім!", - дейді ол.

Ән сөздерін оқу үшін скриншотты шертіңіз:

Оның айтуынша, әр əннің түрлі қиындығы болады екен. Қазіргі əндер бұрынғыдай бір буынды емес, заманауи болып кетті, сөз жазғанда жүрекпен қатар ақылды да іске қосу керек кездер болады деген ол қиындығының өзі ақынды шабыттандырып, шыңдай түсетінін айтады. 

Сондай-ақ, ақын қазіргі ән сөздеріне берер бағасын да айтып өтті. "Қазір əннің сөздері өте "дамып" кетті, дамығаны соншалық кейде кейбір əндердің сөзін түсінбей қалатын жағдайға жеттік. "Əннің де естісі бар, есері бар" деген хəкім Абайдың сөзі осы заманға айтылғандай", - дейді ол.


Нұртас Тұрғанбек

Ал Қанат Үмбетовтің орындауындағы "Сезімді қайтейін", "Мазаламайын", Нұрлан Әлімжанның орындауындағы "Күн-айсың", Жігер Ауыпбаевтың орындауындағы "Неге жыладың?", Иса Алимусаевтың орындауындағы "Жұлдыз шығармыз", Абзал Өтешовтің орындауындағы "Келме маған" әндерінің сөзін жазған ақын Нұртас Тұрғанбек.

Нұртас Тұрғанбек ең алғаш Қазақ Ұлттық университетінде оқып жүргенде жазып бастағанын айтады. Оған дейін әнге сөз жазам деген ойы болмапты. "Алғашқы әндердің бірі - Қанат Үмбетовтің "Жүрегім, жүрегім" әні болатын. Бұл әннің әуезіне ғашық болып қалғандықтан эфирге шығуын асыға күткенім есімде. Бірақ басқа әндердей мықты таралып кете қоймады. Өзім үшін әлі күнге дейін сол ән ыстық", - дейді ол.

Ән сөздерін оқу үшін скриншотты шертіңіз:

Нұртас әнге сөз жазу оңай немесе қиын деп айта алмаймын дейді. "Әртүрлі ән болады және оның буындары да әртүрлі. Көп жағдайда осы буындар қиындық тудырып жатады. Авторға негізгі міндет әннің тақырыбын аша алатындай сөз жазу. Бірде ән келеді, бірде дайын сөзге ән жазылады. Қатып қалған қағида жоқ. Мысалы, Ерғали Көшербаев деген композитор бар. Ол жігіт тек қана сөзге ән жазады. Негізі сөзге ән жазылғанда мағыналы дүние шығады", - дейді ол.

Нұртас Тұрғанбектің сөзінше, бүгінгі қазақ эстрадасында сауатты әндер жоқ емес, бар. Бірақ, саусақпен санап аларлықтай екен.

"Тыңдарманнан бастап, әншілердің өздеріне дейін тойдың әндеріне құмар. Соған байланысты да қазақ эстрадасы жұтаң тартып бара жатқан сияқты. Кезіндегі қазақ әндері қандай еді. Шәмші қандай еді, Нұрғиса ше? Ал бүгінгі таңдағы жаттауға жеңіл, қайырмасы есте қалатын ән мәтіндері ғұмырлы болады деп ойламаймын. Сөз де, әуез де адамды руxани байытып, сонымен бірге, оған эстетикалық ләззат сыйлай алуы керек", - деп бүгінгі хит әндердің сөзіне баға берді Нұртас.


Еркебұлан Кенехан

Қайрат Нұртастың орындауындағы "Жұбатуға арналады бұл әнім", "Өкпелей берші", "Қайда қайда", "Бәрі де бекер", "Алдадың неге", "Шіркін-ай", "Уақыт", "Ұяң қыз" хиттерінің сөзін жазған ақын - Еркебұлан Кенехан.

Еркебұлан Кенехан 2010 жылдан бастап әнге сөз жазумен айналыса бастағанын айтады.

"Сол жылдан бастап бірден хит болдық деп айта алмаймын. Әнге сөз жаза бастауыма негізгі себепкер болған ақын, сазгер, сатирик, жерлес ағамыз Жарылқасын Дәулет. Алматыға барып, жақыныңды іздейсің ғой, сол Жарылқасын көкемізге барып, әнге сөз жазуды бастадық. Өзі де ақын кісі, ән сөзінің қыр-сырын меңгеріп алған, сол кісі үйрете бастады. Ең бірінші туындым - Асқар Жүнісбековтің орындауындағы "Кешір мені" әнінің сөзі. 2011 жылы шықты. Әнінің авторы Ерғали Шәмшиев деген ағамыз. Өз заманында бұл ән түрлі оқу орындарында, студенттер арасында танымал болған ән екен. "Еларнадағы" "Жарайсың" бағдарламасында есімім аталып, сол әнге кейін бейнебаян түсіріліп, ротацияда жүрді. Басында маған қызық болатын. Қазір еңбегімізге ептеп еңбекақы сұрайтынымыз қазір ғой, ол кезде тіпті гонорар да сұрамайтынмын. Бізге сол шығып, жұрттың құлағына жеткені жеткілікті болатын. Сол әннің сөзін керемет мықты деп айта алмасам да, алғаш шығып отырған туындың болғандықтан әсері естен кетпейді екен. Алғашқы әндерім осылай шыға бастаған еді", - дейді ол.

Ән сөздерін оқу үшін скриншотты шертіңіз:

Еркебұланның айтуынша, барлық поэзиялық шығарма әнге айнала бермейді. "Мәселен Жұмекен Нәжімеденовтің, Мұхтар Шахановтың өлеңдері әннің форматы келе бермейді. Мұқағалидің көп өлеңі әнге айналып кеткенімен, кез келген ақынның өлеңі әнге айнала бермейді. Әнге лирикалық бағыттағы өлеңдер келеді, ән сөзінің өзіндік табиғаты бар. Поэзияда жасандылық болмауы тиіс, жасанды құрап шыққан ән сөзі тыңдарманға бірден білініп тұрады. Әннің шынайы шығуы үшін бірінші өлең жазылғаны дұрыс деп есептеймін", - дейді ол.

Бүгінгі ән сөздеріне берер бағасы жайлы пікірін білдіре отырып ол қазіргі ән сөздерінің ұтымды "фишкасы" болуы керек дейді.

"Әнге сөз жазудың өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Мысалы, тақырыпты ашатын, түйінді жерді қайырмаға салу сияқты. Қазір оны "фишка" деп атайды, қазір ол тіптен жеңілдеп кетті, яғни қайталама сөздер құлақта қалса болды деген түсінік пайда болды. Бір ғана сол сөзге жұмыс істейтін болып кеттік. Өзгелері де сол "фишканы" қуамыз деп жеңіл сөз жазып кеткеніміз рас. Қазір әннің сөзі қандай боларын әншінің өзі шешетін заман. Халық та жеңіл сөзге үйренген. Әнге сөз жазуда поэзия жазу оңай емес", - дейді ақын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer