Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 октября 2018 14:51

Медеу Арынбаев сахнада ән айтып тұрған сәтінде әлсіреп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Медеу Арынбаев сахнада қан қысымы көтеріліп, өнер көрсетуін үзуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әнші Медеу Арынбаев сахнада қан қысымы көтеріліп, өнер көрсетуін үзуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл оқиға өткен сенбіде, 27 қазанда "Алтын жүрек" сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімінде болған. Әнші сахнаға шығып, өнер көрсетіп жатқан сәтінде қозғалыссыз тұрып қалған. Сәлден кейін сахнаға көмекшілері келіп, әншіні қолынан ұстап алып кеткен. 

Әншінің арт-директоры Әсет Жұмағазиевтің айтуынша, әртіс "Құс жолы" әнін орындап жатқан кезінде қан қысымы көтеріліп, әлсіреп қалған. "Бұл жағдай өткен сенбіде болған еді. Сол күні күн ерекше ысып кетті. Медеу ағамыз ән орындау барысында өзін жайсыз сезініп, әлсіреп қалды. Дәрігер шақырып, жарты сағаттай өткенде жағдайы тұрақтанып, кейін сахнаға қайта шығып, көрермен алдында кешірім сұрап, әнін орындап берді", - дейді әншінің өкілі.


© "Алтын жүрек" сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімінде

Оның айтуынша, 51 жастағы әнші өз әндерін жанды дауыста айтады. Алайда өзін жайсыз сезінгендіктен бұл күні фонограммаға жүгінуге тура келген. 

"Сол күні әлсіреп тұрса да ағамыз шақырған жерден қалмай, әнін орындап беруден бас тартпады. Тағы бір айтарымыз, ағамыз фонограммамен ән айтқанды ұнатпайды, сол күні әлсіреп тұрғандықтан ғана техниканың көмегіне жүгіндік. Оның үстіне шара ұйымдастырушылары да техникалық себептермен әнді фонограммамен айтуын сұрады", - деп түсіндірді әншінің өкілі жағдайды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети