ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
05 июля 2020 | 12:04

Музыкант қазақ күйін америкалық, араб және қытай мәнерінде орындады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Күйші, домбырашы, Aldaspan тобының мүшесі Мақсат Хасанов "Сарыжайлау" күйін қазақ, араб және америкалық стильде ойнады. Видеоролик оның арнайы Домбыра күніне орай ашылған YouTube-арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Күйші, домбырашы, Aldaspan тобының мүшесі Мақсат Хасанов "Сарыжайлау" күйін қазақ, араб және америкалық стильде ойнады. Видеоролик оның арнайы Домбыра күніне орай ашылған YouTube-арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төрт минуттық роликте өнерпаз Тәттімбеттің "Сарыжайлау" күйін түрлі мәнерде ойнайды. 

Автордың айтуынша, бұл видеодағы оқиға әзілге құралған. Осылай ойнауының себебі домбыраны бүкіл әлем танып, дүние жүзінде адамдар ойнаса деген ой екен. 

"Каналды арнайы Домбыра күніне орай аштым. Бұл каналда алдағы уақытта әлемдік хиттерді домбырамен, шаңқобызбен, дабылмен, кахонмен, ұрмалы аспаптармен және электрдомбырамен ойнаймын. Мұнда танымал әндердің кавер-нұсқасын ойнау да жоспарда бар. Мысалы YouTube-те "домбыра" деп терсең, видео өте көп. Бірақ ішінде кәсіби деңгейде жан-жақты, әртүрлі жанрда көрсететін канал жоқ. Сондықтан бұл каналым пайдалы болатын шығар деген оймен аштым", - дейді музыкант.

Өнерпаз домбыра тартуды 11 жасынан бастап үйренгенін айтты. 

"Туып-өскен жерім - Түркістан қаласы. 5-сыныпта балалар саз мектебіне барғанмын. Домбыраны жай ғана үйрене салу бар, кәсіби деңгейде оқып бітіру бар. Бес жыл музыкалық мектепте, төрт жыл музыка колледжінде оқыдым. Тағы төрт жыл консерваторияда, екі жыл магистратурасын оқыдым. Осылайша домбыраның оқуына 15 жылымды арнадым. Сондықтан домбыраны жай ойнай салу бір бөлек, ал оны кәсіби деңгейде күйді зерттеп, дәстүрлі түрінде ойнап, әбден бойыңа сіңіріп, үлкен профессорлардың қолынан үйрену дұрыс деп ойлаймын", - дейді Хасанов.

Мақсат ұстаздары туралы да айтып берді.

"Ең бірінші ұстазым - марқұм Тұрдыбай Жұманұлы болды, колледжде Марат Анашев болды, ал консерваторияда Карима Сахарбайқызы ұстазым болды. Қарша Ахмедияровты, Айгүл Үлкенбаеваны, Біләл Ысқақовты, Абдулхамит Райымбергеновті ұстазым ретінде санаймын", - дейді ол.

Шетелде өтетін шараларға қатысып, домбыраның насихатын жүргізіп жүрген өнерпаздың айтуынша, ұлттық аспабымызға шетелдіктер қатты қызығады. 

"Екі ғана ішегі болғандықтан шетелдіктер қатты қызығады. Қалайша осындай қарапайым аспаптан күрделі музыка ойнайсыңдар деп таңғалып жатады. Мысалы күй ойнасаң, оның құрылымын түсінбейді, композиторын сұрап жатады. Оны түсіндіру үшін домбыраның шыққан дәуірін, баяғыда өмірден өтіп кеткен ұлы тұлғаларымызды айтып, тарихын айтып бересің. Бұл күйлердің авторы үш-төрт ғасыр бұрын өмірден өткенін айтсаң, оған тағы таңғалады. Себебі еуропалық классикалық музыка орта ғасырдағы Бахтан басталса, біздікі одан да ерте, тереңірек", - дейді домбырашы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Абай - "Желсіз түнде жарық ай" әні. Абайдың 175 жылдығына орай барша достарға бізден @aldaspan_band сіздерге #челендж ☺ кезкелген Абайдың әні мен күйін орындаңыз!? @ulytau_official @asylbek_yensepov @hassak_official @turan_ethno_folk @ethno5 @urkerkz @han_official_ @babalar_sazy @otyrar_sazy_orchestra @orkestr.kurmangazy @sazgen_sazy @rustem_nurkenov тб барлық өнерпаздарға жолаймыз!!! К 175 летию Абая группа Aldaspan выпустила видео с песней Абая Торы Жорға. Это челендж всему миру сыграть любое произведение Абая! Ждём ваш ответ! To the upcoming 175th birthday of Abai Aldaspan performed Abai's composition called Zhelsiz tunde zharyq ay. This is our challenge to other musicians! What can you perform out of Abai's compositions as an answer to us? #абай175 #абайчелендж #күйчелендж #торыжорға #торжорға #желсізтүндежарықай #онлайнконцерт #onlineconcert

Публикация от Максат Хасанов (@maestro_maks)

Музыкант Aldaspan тобының жоспарлары індетке байланысты әзірге тоқтап тұрғанын, алайда алдағы жылдары көптеген фестивальға қатысу, сол арқылы дәстүрлі аспапты насихаттау көзделіп отырғанын жеткізді.

"Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра" деген ол қазақстандықтарды Домбыра күнімен құттықтады. 

"Домбыра ұстаған қазақ болсын, домбыра ұстаған басқа ұлттың адамы болсын, барлығын шын жүректен құттықтаймын. Домбыра күнін енгізген Елбасымызға алғыс білдіремін. Бұрын домбыра Наурызда ғана керек боп қалатын, енді өзінің мереке күнін тауып, кең насихаты жүріп жатыр. Домбыра әр қазақтың үйінде ілініп тұруы керек, домбыра шертіп, әлемге жеткізсек, нағыз мереке сол деп ойлаймын. Бұл мереке соның бастауы. Сондықтан барлығыңызды шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймын. Еліміз тыныш болсын, індеттен аман-есен құтылып, мәдениетіміз бен өнеріміз әрі қарай дами берсін!", - деді музыкант.

Айта кетейік, 2018 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев шілде айының бірінші жексенбісін Ұлттық домбыра күні деп белгілеу туралы қаулы қабылдады. 

Сол кезде Елбасы "Домбыра - қазақтың жаны" деген пікірді айтқан.

"Күй, әуен мен домбыра үнін қырда өскен, мұрнында жусан иісі қалған қазақ қана түсінеді. Өйткені бұл ерекше музыка. Ол жан-күйіңді танытады: мұң, қуаныш немесе пәлсапаны. Кешкісін келіп, шерте бастағанда бәрі ұмтылып, есіңе өткен бір кездер оралады. Сондықтан бұл маған ұнайды. Домбыраны жақсы шерте білетін адамдар ұнайды. Қазақтың халық әндері өте әсерлі, пәлсапалық мазмұнда, күрделі. Қазақ әнінің сөзіне мән беру керек, әуеніне емес. Сөздің құдыреті бар", - деген еді Елбасы. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer