Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 июля 2018 15:31

"Славян базары-2018" байқауында бірінші орын алған Әmre туралы не білеміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ернар Садырбаев © Жан Мұқанов Ернар Садырбаев © Жан Мұқанов

Биыл шілденің 12-16 аралығында Витебскіде (Беларусь) өткен "Славян базары-2018" халықаралық байқауында қазақстандық өнерпаз Ернар Садырбаев бірінші орынға ие болған еді. Ернар "Әmrе" деген лақап атпен танымал, осы мәліметтен басқа өнерпаз жайында не білеміз?


Биыл шілденің 12-16 аралығында Витебскіде (Беларусь) өткен "Славян базары-2018" халықаралық байқауында қазақстандық өнерпаз Ернар Садырбаев бірінші орынға ие болған еді. Ернар "Әmrе" деген лақап атпен танымал, осы мәліметтен басқа өнерпаз жайында не білеміз?


© Instagram/amre_official

Интернеттегі мәліметтерге қарағанда, Ернар Қостанай қаласында оқыған. Кейін жеті жыл музыка мектебінде білім алған. Ол - ҚР еңбек сіңірген әртісі Александр Калугиннің шәкірті. Мектептен түлеп ұшқан ол Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға түсіп, биыл дипломын қолына алды.


© Instagram/amre_official

Ернар бір сұхбатында оның өнер жолына келуіне мектепте музыкадан сабақ берген ұстазының себепші болғанын айтқан. Ұстазы оның қабілетін байқап, қалалық жарыстарға қатыстырып жүріпті.


© Instagram/amre_official

Айта кетейік, Ернар Садырбаев халықаралық ән байқауына бірінші рет қатысып тұрған жоқ. Ол бұған дейін шет мемлекеттерде "Алтын микрофон", "Бозторғай" байқауларының жүлдесіне ие болған. Сонымен қатар, "Дельфи ойындары" конкурсына қатысып, лауреат атанды. Ресейде бірнеше байқауға қатысып, Миланда өткен "ЭКСПО-2015" халықаралық көрмесінде ән айтты. 2017 жылдың аяғында Прагада өткен екі бірдей халықаралық ән байқауында Гран-при жеңіп алды.


Прагадағы байқауда. © Instagram/amre_official

Ернар Садырбаев қазіргі таңда қазақстандық көптеген телевизиялық музыкалық шоуларға қатысып жүр, оның бірқатар әні мен клипі бар. Ал лақап аты жөнінде айтар болсақ, "Әmre" онымен бұған дейін жұмыс істеген продюсерлік компанияның атымен тығыз байланысты. Әншінің қазіргі продюсері Жан Мұқановтың айтуынша, лақап атына қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Егер компания "Әmre" атын алып жүруге рұқсат берсе әнші осы лақап атпен қалады, егер рұқсат берілмесе Ернар Садырбаев деген атпен өнер көрсететін болады.


© Instagram/amre_official 

 

Публикация от Əmre (@amre_official)

 

Еске сала кетейік, қазақстандық әнші Ернар Садырбаев халықаралық "Славян базары" байқауында жоғары балға ие болды. Байқаудың нәтижесі бойынша, отандасымыз 156 балл жинады. Румынияның намысын қорғаған өнерпаз да осындай балл алды. Алайда, әділ қазылар алқасының төрағасы Александр Морозовтың шешімімен Гран-при Румынияға берілді. Бірінші орын Қазақстанға, екінші орын Украинаға, ал үшінші орын Польша мен Беларусь елдеріне берілді. Бірінші орынға ие болған Ернарға 15 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы табыс етілді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети