ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
24 августа 2020 | 16:05

"Тойды көп көрдіңдер. Не болды соңында?" Танымал қазақстандықтардың қызу талқыланған мәлімдемелері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы уақытта елімізде жұлдыздардың кей пікірі қызу талқыланып жүр. Мысалы, Қайрат Нұртастың "тойды көп көрдіңдер" деген сөзі көбін бей-жай қалдырмады. Коронавирусқа сенбейтін әншілер де табылды. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық жұлдыздардың қызу талқыланған пікірлерін жинап шықты.


Иконка комментария блок соц сети

Соңғы уақытта елімізде жұлдыздардың кей пікірі қызу талқыланып жүр. Мысалы, Қайрат Нұртастың "тойды көп көрдіңдер" деген сөзі көбін бей-жай қалдырмады. Коронавирусқа сенбейтін әншілер де табылды. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық жұлдыздардың қызу талқыланған пікірлерін жинап шықты.

"Тойды көп көрдіңдер. Не болды соңында?"

Осыдан біраз бұрын Аружан Саин пандемияға байланысты екі жылға той жасауға тыйым салуды ұсынған болатын. Бұл ұсынысқа әнші Қайрат Нұртас жауап берді.  

Эстрада жұлдызының сөзінше, халық тойға жақындарымен қауышу үшін барады. Оның "Тойды көп көрдіңдер, бәрі өліммен бітіп жатыр" деген сөзі халық арасында қызу талқыланған болатын.

"Тойға қарап қалған түгіміз жоқ. Бізді көбі "той әншілері" деп менсінбей жатады. Біз тойға не үшін барамыз? Той - ол қазақтың қазынасы. Сол тойда кездесесің, жақындарыңмен қауышасың. Сол тойды көп көрдіңдер. Не болды соңында? Өліммен бітіп жатыр бәрі. Осы тойды көре алмағандар, арты не болды? Өлім болып жатыр. Қызық емес болып жатыр. Тойға тыйым салуға түбегейлі қарсымын" , - деді әнші.

"Тойға шектеу қоюымен тойдырды! Бәрі ақылды!"

Тойға тыйым салу Айқын Төлепбергенге де ұнамаған. Ол да бұл ұсынысқа қарсы шықты. Оның пікірі де желіде талқыға түскен.

Әнші бұл мәселені "көбіне орыстілді тәрбие көргендер қозғайтынын" айтады.

"Неге бұл мәселе дәл қазір көтеріліп жатыр? Басқа шешілмеген мәселелер жоқ па? Әрине қазір той тойлайтын заман емес. Бірақ бұл карантин де бітеді ертең. Сонда не болады? Байқасаңыздар, көбіне тойға тиісетін және тойды бос әуре санайтындар, орыстілді тәрбие көріп өскендер. Оларды да түсінуге болады. Олар той дегенді тек "үйлену тойы" деп қарастырады. Тойды тек, мейрамханадағы отырыс ретінде қарастырады. Қайдан білсін, тойдың "болғанынан, боладысы" қызық және тұнып тұрған салт-дәстүр мен дайындық екенін", - дейді әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Сондай-ақ Айқын Төлепберген шенеуніктердің азаматтардың жеке ісіне араласуға құқығы жоғын айтты.

"Тойға шектеу қоюларымен тойдырды! Бәрі ақылды! (...) Біріншіден, қанша адам жұмыссыз қалатынын ойладыңыздар ма? Мейрамхана - ол тек айсбергтің ұшы. Даяшы, аспаз, техқызметкерлер, ивент-ұйымдастырушылар, әртістер, бишілер, әншілер тағы да басқа. Оның бәрінде несие бар. Кредит алып салынған қаншама мейрамхана бар. Олар не істеуі керек?", - деді әнші.

Оның алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев той жасауға байланысты пікірін айтқан болатын. "Той тойлайтын емес, ой ойлайтын уақыт деп айтқанмын. Қазір нағыз сондай кезең. Азаматтар түсінуі керек", - деген еді Президент.

"Облыстар үстінен тікұшақпен вирус шашты"

Say Mo деген лақап атпен танылған Мөлдір Есембектің де пікірі қызу талқыланған. Ол Қазақстанда коронавирус бар дегенге сенбейтінін жеткізген еді.

"Мен бұл елде не болып жатқанынан хабардармын. Біріншіден, 42 500 теңге төлемеу үшін карантинді жеңілдетті, өйткені қарапайым халық үшін бюджеттің көп бөлігі жұмсалды, бұл "жоғары жақтағыларға" ұнамайды. Екіншіден, біздің елде ковид болған жоқ. Елге бюджет алу үшін жалған ақпараттар таратты, бірақ статистиканы көтере алмады", - деп жазады рэп-орындаушы.

Say Mo "тікұшақпен вирус шашқаннан кейін ауырып қалдым" дейді.

"Халықты әдейі улауға тура келді, мысалға, облыстар үстінен тікұшақпен вирус шашты. Мұны анам мен туыстарым көріп, барлығы дереу ауыра бастады. Мен де ауырдым. Симптомдары біртүрлі болды", - дейді ол.

Сонымен қатар, әнші "бәрі анализ тапсыруға" жүгірген кезде мемлекеттің қазынасы молайып қалады деген пікір білдірді. Бірақ қазір әншінің жазбасы парақшасынан өшірілген. 

Кейін Қорғаныс министрлігі тікұшақтармен елді мекен үстінен белгісіз заттар шашып жүр деген қауесетке пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде елді мекендерге дезинфекция затын шашу үшін әскери тікұшақтардың қолданылғаны туралы ақпарат айтылған видео пайда болды. Қорғаныс министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды", - деді ведомстводағылар.

"Коронавирус - қолдан жасалған дүние"

Елде COVID-19 енді тарап жатқан кезде эстрада әншісі, композитор Нұрлан Еспанов коронавирусты әлдекімдер қолдан жасады деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram желісінде жарияланған видеосында айтты.

Еспанов өзі таяуда ғана болған шетелде маска киіп жүрген бір адам көрмегенін айтты.

"Мәулен екеуміз қалаға шықтық. Қалада әдеттегідей кептеліс. Кеше мен өзім шетелде болып келдім ғой. Көрдім. Бір маска киіп жүрген адам жоқ. Ол негізі өтірік. Тым олай эмоцияға беріліп, қаладан шығып, ойбай-ау қашып, азық-түліктің бәрін алудың қажеті жоқ", - дейді ол көлікте түсірген видеосында.


Фото: Gakku.kz сайтынан 

Сондай-ақ, әнші "ұнға коронавирус тимейді ғой" дейді.

"Азық-түлікке тимейді ғой коронавирус. Тірі нәрсеге тиетін дүние ғой. Былайша негізі коронавирус деген нәрсе жоқ. Қазір ғана Ыстамбұлдан әріптестерім хабарласты, Мысырда бейнебаян түсіріп жүрген балалар хабарласты, ол жақта да ештеңе жоқ. Уайымдамаңыздар, аман болайық, бұл күн де өтеді де кетеді", - деген ол коронавирусты "қолдан жасалған дүние" деп атады.

Қазіргі уақытта Еспановтың бұл видеосы желіден өшірілген. 

Денсаулық сақтау министрлігі Алексей Цой коронавирусқа сенбейтіндерге жауап қатқан. 

"Қазақстанда сөз бостандығы әрдайым болды және бар. Бұл азаматтардың өз пікірін білдіру құқығы. Бірақ біз нақты статистиканы басшылыққа алуымыз керек. Коронавирус қазір Қытайдағы әлдебір алыс вирус емес. Біздің әрқайсымыз таныс, туысқандар, отбасы мүшелері, жақындарымыз ауырып жатыр. Әрбір азамат коронавирус инфекциясының барын және өкінішке орай өлімге әкелетінін көріп отыр. Сондықтан, тіпті дәлелдеудің қажеті жоқ, себебі бұл айқын факт", - деді Цой.

"Міндетті вакцинация арқылы халықты чиптейді"

Елде коронавирус тарағалы "All Давай" тобының солисі Шоқан Маратұлы түрлі пікір білдіріп жүр. Әншінің Instagram желісіндегі парақшасы басқа жұлдыздар секілді шығармашылық пен жарнамаға емес, қоғамдық мәселелерге арналған. Мысалы, Шоқан міндетті вакцинацияға қарсы шығып, халықты коронавирусқа қарсы ем қабылдамауға шақырған.

"Біз әрекет етпей, үндемеген кезде зұлымдық болады. Егер осы вакцинаны алуға қарсы болмасаңыз да, халыққа қарсы мұндай әдістер мен заңсыздықты қолдай бермеңіз", - деді .

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Солист группы Ал Давай!!! (@shokan_maratuly)

Бірақ әнші мұнымен тоқтап қалмады. Instagram желісіндегі тікелей эфирде ел арасында тарап жүрген түрлі ақпарат туралы айтты.

Вакцинация арқылы билік барша адамды чиптеуге тырысады деген пікір білдірді. Сонымен қатар, 5G желісінің адамға зиян екенін айтты. Одан бөлек, вирус шашып жүрген тікұшақтар туралы да баяндады.

Міндетті вакцинацияға қарсы адам көбейіп жатқан кезде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook желісіндегі парақшасында жауап берген болатын. 

"Біздің кейбір "жолдастарымыз" жаппай вакцинациядан бас тарту қажет деп митингіге шығып жатқанда, дамыған елдер өз халқына коронавирус пандемиясына қарсы вакциналарға кезек таратып жатыр. Барлығы қазірдің өзінде үлестірілген сияқты. Келесі жылы Еуропада "вакцина егілмеген адамдарға кіруге тыйым салынады" деген жол белгілері пайда болуы мүмкін", - деп жазды Біртанов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети