ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
26 мая 2022 | 12:42

Туған ағам ән айтпай-ақ қойшы деді - Ғаділбек Жаңай

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жұлдыз" радиосында Zhuldyz LIVE атты жаңа жоба. Қазақстандық танымал өнер жұлдыздары жоба барысында әр апта сайын жанды дауыста ән айтып, сұхбат береді. Бұл - әншілердің қабілетін көрсетіп, тыңдармандарымен жақындастыра түсетін бірден-бір мүмкіндік, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Жұлдыз" радиосында Zhuldyz LIVE атты жаңа жоба. Қазақстандық танымал өнер жұлдыздары жоба барысында әр апта сайын жанды дауыста ән айтып, сұхбат береді. Бұл - әншілердің қабілетін көрсетіп, тыңдармандарымен жақындастыра түсетін бірден-бір мүмкіндік, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 мамырда Zhuldyz LIVE музыкалық шоуының тұсауы кесілді. "Жұлдыз FM" бас редакторы Анар Мыңбаева бұл жобаның мақсатын айтып, осындай игі бастаманы жүзеге асыру идеясы қайдан келгенін түсіндірді.

"Жоба мақсаты - жанды дауысты насихаттау, қазақ әндерін дәріптеу, эстрадада жан дауыста, фонограммасыз ән айта алатын әншілер көп екенін көпшілікке көрсету. Бұл жобаның идеясы бүгін ғана келе қойған жоқ, бұрыннан ойда жүрген дүние. Оны өнердегі достарымыз, әншілердің өздері де біраз уақыт бұрын ұсынған еді. Бірақ сәті қазір түсіп тұр.

Әншілер көпшілік сүйіп тыңдайтын хит әндерін орындайды, қызық сұхбат болады. Бұл бағдарламаға халыққа кең танымал әншілермен қатар жас әншілерді де шақырамыз. "Жұлдыз" радиосының өз миссиясы бар. Ол - жас өнерпаздарды қолдау. Сол мақсатта Zhuldyz LIVE жобасына өнерге енді аяқ басып жатқан өнерпаздарды шақырып, халыққа таныстырып, кейін танылуына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Қазір әркімнің сүйікті әншісінің концертіне билет алып баруға жағдайы келе бермейді. Кейбіреулердің сүйікті әншісі қаласына келмеуі мүмкін. Сондықтан бұл - "Жұлдыз FM-ның" тыңдармандарына жасап отырған кішігірім сыйлығы. Әншілерге де ұнап жатыр. Әр сәрсенбі Zhuldyz LIVE жобасын тыңдаңыздар", - деді "Жұлдыз FM" бас редакторы Анар Мыңбаева.

Оның айтуынша, жыл сайын "Жұлдыз" радиосының туған күнінде радио-марафон өткізіледі. Бұл жоба сол идеядан шыққан.

"Жыл сайын "Жұлдыз FM" радиосының туған күніне орай радио-марафон өткіземіз. Жыл сайын бұл сұхбат сияқты өтетін еді. Бірақ былтырғы туған күнімізді осындай радио концерт түрінде өткіздік. Таңғы сағат 8.00-ден түнге сағат 00.00-ге дейін эстарада әншілері келіп, ән айтты. Оларға сол кезде де қатты ұнады. "Дәстүрлі түрде өткізіп тұрсаңыздар" деген өтініш айтты. Сондықтан тыңдармандардың да тілегі, өнердегі достарымыздың да өтініші және "Жұлдыз FM-ның" бұрыннан ойлап келе жатқан арманы орындалды десек болады", - дейді "Жұлдыз FM" радиосының бас редакторы.

Жүргізуші Жандәурен Мәди

"Радиостанциямыз үшін бұл - жаңа жоба. Жоба жүргізушісі ретінде маған да осындай тәжірибе алу өте қызық. Тыңдармандарға да бұл жаңа нәрсе, өйткені қонақтар тікелей эфирде импровизация көрсетеді. Бұрын білетін хиттер мүлдем басқаша орындалуы мүмкін. Танымал әртістермен тілдесіп, оларға қызық сұрақтар қойып, әншілерді ерекше қырынан көрсетуді ұзақ күттім. Олардың кейбір әндерінің шығу тарихын білгім келеді.

Танымал әртістерден бастаймыз, бірақ болашақта жас таланттарды да қосуды жоспарлап отырмыз", - деді Zhuldyz LIVE жүргізушісі Жандаурен Мәди.

Zhuldyz LIVE-тың алғашқы қонағы Ғаділбек Жаңай (@gadilbek_zhanay) болды.

"Бүгін бағдарламаның алғашқы шығарылымы болды. Ғаділбек Жаңай келді. Ол 8 ән орындап, эфирде "Жылы сөз" атты су жаңа әнінің тұсауын кесті", - деді Анар Мыңбаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ғаділбек Жаңай 🧸 (@gadilbek_zhanay)

Әнші 25 мамыр қарсаңында балалық шағын, мектеп кезіндегі қызықтарын әңгімелеп берді.

"Ерке оқушы болдым. Ұстазымыз "Шүренбайдың баласы ән айтады екен" дегенді естіп алған. Ол кезде айтуға ұяласың. Бүкіл сыныпты ары қаратып қойып, маған ән айтқызатын еді", - деді Ғаділбек Жаңай.

Сондай-ақ, ол алғаш сахнаға шыққан кезіндегі қызықтарын айтып берді.

"Ұстаздарым "Туған жерін" әнін сен айтпасаң болмайды" деді. Мен айтқым келмей, ұялдым. Өмірі адамға қарап, ән айтпаған едім. "Күзгі балл" деген байқаулар болатын еді ғой. "Соған шығасың, шықпасаң тоқсаннан өткізбейміз" деді. Шығу керек болды. "Туған жер" - күнде айтып жүрген, ең жақсы көретін ән. Сөйтіп, тер бұрқырап, толқып, қорықтым. Бір кезде "Күзгі бал" басталды. Ату жазасына күтіп тұрғандай сондай бір қорқыныш болды. Бір кезде Ғаділбек Нәубетов деп шақырды. Домбыраны тартып отырмын, бастайын десем, сөзін ұмытып қалғанмын. Сөйтіп, бастан-аяқ әнді күй қылып тартып шықтым. Жер болдым. Үйге дейін жылап бардым. Өмірдің соңы сияқты болды. Үйге келсем, туған ағам "ән айтпай-ақ қойшы, мені жер қылдың" дейді. "Басы қатты болса, арты тәтті болады" деген", - деді әнші Ғаділбек Жаңай.

Zhuldyz LIVE жобасында әншінің "Жылы сөз" атты жаңа әні шырқалды. 

"Адамды бір сөзбен өсіруге болады, бір сөзбен өшіруге болады. Жылы сөз көп айтайық. Бес күндік дүние ғой.

Өзімізді көрсету үшін емес, адамдардың жүрегіне жылу беру үшін келу керек. Сол кезде ортақ, әдемі дүние шығады. Бүгін соның тұсауы кесілді", - деді әнші.

Еске салайық, сүйікті әншілеріңіз жанды дауыста айтып, сұрақтарға жауап беретін жоба әр сәрсенбіде сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін өтеді. Ал 1 маусымда "Меломен" тобы ән шырқайды. Қапы қалмаңыздар!

Айта кетейік, 25 мамырдағы радиоконцертті TengriTV Youtube-арнасы мен @zhuldyz.fm парақшасынан тікелей эфирден көре аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети